paint графикалық редакторының командалары

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 542
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 08/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22532


Ерболатова Бақытгүл
Еркінқала орта мектебінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Болдырмау командасын пайдалануға, суреттерді сақтауға, суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық редактор арқылы компьютерлік сауаттылыққа дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды этика – эстетика мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, практикалық.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: дк, интерактивті тақта, презентация, Imektep.kz, Bilimland сайттары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Зымыран сұрақтар» әдісі. Оқушыларға сұрақтар қойылады, оқушылар ауызша, тез жауап береді.
1. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
2. Paint редакторында қанша құрал, қанша палитра бар?
3. Paint графикалық редакторының терезе элементтері.
4. Түстер палитрасының қызметі.
5. Меню жолының қызметі.
6. Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?
7. Тіктөртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?
8. Дөңгелек тіктөртбұрыш салу әрекеті қандай?
9. Эллипс, шеңбер салу әркеті
10. Фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Редактордың командалары
Команданы орындатпау. Егер бір жұмыс ойдағыдай болмаса, оны қалпына келтіруге болады. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауға болады, ол үшін Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетте ғана орындатпайды. Ал оның орындалатын әрекетті болдырмау үшін, Отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де алып тастауға болады.
Команданы қайталау. Егер бір әрекетті қателесіп алып тастасақ немесе алдыңғы әрекетті қателесіп алып тастасақ онда оны Правка – Повторить командасын орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті 3 рет қатар жасауға болады.
Суретті қалай сақтайды. Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінді пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда оған ат беру керек, ол файлды .bmp кеңейтуді Paint бағдарламасы автоматты түрде орындайды.
Paint бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как ... командасын орындаймыз. Сонда экранда Сохранить как... диологтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертеміз.
IV. Практикалық жұмыс.
1) Тіктөртбұыш, Сызық, Эллипс құралдарын пайдаланып үй салыңдар.
2) Құю (Заливка) құралдарының көмегімен үйдің қоңырлау бөліктерін боя.
3) Көкжиек сызығын сызып, яғни экранды көлденеңінен екіге бөл.
4) Суреттің жоғарғы бөлігі – аспанды көгілдір түспен, ол төменгі бөлігі – шөпті жасыл түспен боя.
5) Жоғарғы сол жақтағы бұрышқа күннің суретін сал.
6) Бі
7) Бүріккіш көмегімен бұлттарды ақ түске боя.
8) Пернетақтадан файлға «Үй» атын бер, Файл – Сохранить как ... командасын орындап, салған суреттеріңізді сақтап қойыңыздар.
Шығармашылық тапсырма.
Сыныптың немесе өзінің үйінің жоспарын салу.
V. Сабақты қорытындылау.
- соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?
- суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?
- сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?
- суретке мәтінді қалай енгізуге болады?
VІІ. Үй тапсырмасы. Paint графикалық редакторының командалары
VІІІ. Бағалау. «Бағдаршам» тәсілі бойынша, тақтада бағдаршамның суреті ілініп тұрады, соған оқушылар стекерлер жабыстырады.
Қызыл – түсінбедім.
Сары – түсінікті болмады.
Жасыл – түсіндім. Тәрбие.орг сайтынан paint графикалық редакторының командалары Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ерболатова Бақытгүл Русланқызы

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar