Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сурет салу құралдары.Түстер 7сынып
  • 19.10.2016
  • 415 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19739

Сыныбы 7 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу құралдары.Түстер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасындағы сурет салу құралдарының әрқайсысымен таныстыру және оларды бейнелерді өңдеу кезінде қолдануды үйрету;Түстердің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер,интербелсенді тақта,проектор,Adobe Photoshop бағдарламасы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу,түгендеу.
• Психологиялық дайындық түстер арқылы.
Топқа бөлу түс таңдау арқылы
Қызыл түс – өз-өзіне сенімділігі басым, жұрт көңілін өзіне
аулай алатын жан.
Жасыл түс – тыныштық пен жаңарудың символы.
Өзін үнемі еркін ұстайтын, тез шешім қабылдағыш,
ізденгіш, жаңашыл адамдар.
Сары түс – ашықтықты, шындықты, тазалық пен ұқыптылықтың
белгісі.Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген
жандар.

2. Үй жұмысын тексеру.
Миға шабуыл әдісі:

1. Растрлық деп қандай компьютерлік грфиканы айтады?
2. Қандай бейнелер растрлық графикага жатады?
3.Растрлық бейнелердің қандай артықшылығы?
4, Растрлық бейнелердің қандай кемшілігі бар?
5.Растрлық суреттерді өңдейтін қандай бағдарламаларды білесіңдер?
6.Векторлық графика дегеніміз не?
7.Аdobe Photoshop бағдарламасында қанша жұмыс аймағы бар?
8.Жаңа файлды құру үшін пернетақтадағы қай клавиша түйіндісін қолдану қажет?
9.Пиксель дегеніміз не?
III.Жаңа сабақ
Сурет салу құралдары
Photoshop - та сурет салу құралдары - Қарындаш, Қылқалам, және Өшіргіш. Бұлардың бәрімен жұмыс істеу техникасы бірдей . Түс түстер панелінен алынады, ал құрал формасы қылқаламдар панелінен алынады. Құралдар параметрлері Қысым, Бұлдыр, Стиль терезелерінде ретке келтіріледі.
Әртүрлі (үшбұрыш, төртбұрыш, жұлдызша, эллипс) формалар үшін Автофигуры панелі бар

Қылқалам, қарындаш,өшіргіш.
Бейненің суретін салу үшін және оны бояу үшін Кисть кнопкасын шерту керек. Сонда қылқаламдар формаларының панелі шығады.
• Қылқаламды таңдау – оны шерту, қылқалам түсінКаталогтан таңдау - керегін шерту.
• Қылқалам параметрлерін өзгерту - тышқанның оң батырмасын басып, Диаметр, Қаттылық, Интервал. Қылқалам суретінде маркерді жылжыту арқылы оны өзгертуге болады.
• Өзгеше қылқаламды таңдауға (мысалы Жапалақ немесе Бұғы) болады. Ол үшін Қылқалам - Қылқалам ауыстыру. Сонда Жапалақ немесе Бұғы суреттері бар Қылқалам панелі шығады. Бұндай қылқаламдармен сурет салмай, штамптаған дұрыс.
• Өз қылқалам формасын таңдау . Ол үшін Түзету- Қылқаламды анықтау, оған ат беру керек. Енді таңдалған қылқаламмен бейнені салу үшін Кисть кнопкасын басу керек.
• Өзгертілген бейнені қалпына келтіру – Тарихи қылқалам кнопкасы арқылы бейнені жүргізу керек, сол кезде бастапқы бейне қайта қалпына келеді. Өрнектелген қылқалам бейнені маскалармен өзгертеді, оларды Режим және Стиль терезелерінен табуға болады.
• Түсті пипеткамен таңдау - Терезе – Каталогты көрсету және бейнеден - каталогтан керекті түсті шерту немесе бейнедегі түсті шерту керек.
• Қарындаш – сызықтармен, штрихтармен берілген бейнелерді салу үшін арналған. Қарындаш қалыңдығын таңдау үшін Қылқаламдар панелінен, ал түсті - Түстер Каталогын шерту керек.
• Автоформалар - әртүрлі формалары бар фигуралар. Стильді пайдаланып әртүрлі бояулар арқылы фигуралардың ішін бояуға болады.
Түстер.
• Түсті пипеткамен таңдау каталогтан: Терезе – Каталогты көрсету немесе бейнеден керекті түсті шерту.
• Қарапайым бояу – жабық ерекшеленген бөліктерді бір түспен бояу. Түрлі – түсті бояуға Бейне – Режим - RGB Түс таңдау керек.
• Градиентті бояу – бір түстен екінші бір түске өтетін бояу.
• Градиент – Сызықты/Дөңгелек/Бұрыштық болады. Градиент бүкіл бейнені немесе ерекшеленген бөлікті бір түстен екінші түске толтырып бояйды. Бояу неше түрлі болады. Сызықты - бір бағытта бірқалыпты бағытталған градиент, ал Дөңгелек градиент – ол центрдегі нүктеден әртүрлі бағытта қозғалады. Бұрыштық – берілген нүктеден берілген бұрышқа дейін бағытталады.
• Өз градиентін құру – тышқанның оң батырмасын шерту арқылы градиенттің параметрлерін қалпына келтіру. Кез- келген маркерді шерту арқылы керекті түсті таңдауға болады. Маркерді тышканды жылжыту арқылы басқа жерге орналастыруға болады. Alt пернесімін ұстап тұрып маркердің түсін сызықтың басқа жеріне түсті көшіруге болады.
• Керек емес градиентті өшіру - онымен тышқанның оң кнопкасын басып Удалить командасын орындау керек.

.
Фотошопта 9 түс өрнегі бар:Bitmap,Greyscale,Duotone,Index,RGB,CMYK,Lab,Multichannal,HSB.
• 1.Bitmap-қара және ақ нүктелерден құралған сурет.
• 2. Greyscale –сұр гадияциядағы суреттер түс туралы мәліметті сақтамайды.Күңгірт суреттерде 256 ашық қабат бар.Фотошопта бұл өрнек Bitmap пен Duotone арасындағы аралық кезең ретінде қолданылады.
• 3. Duotone-өңдік диапазонды кеңейтеді,күңгірт суреттерді өңдеуге мүмкіндік береді. Duotone ережесінде сурет бір түсті (monotone),екі түсті(duotone),үш түсті(tritone)және төрт түсті(quadtone) бола алады.
• 4. Index-түстік палитрасы 256 түске ие.Индекстік суреттерді ғаламторда орналастыру мақсатында немесе мультимедиялық ұсынуларда қолданылады.
• 5. RGB(Red,Green,Blue)-(Қызыл,жасыл,көк)-әрбір пиксел 0-ден 255ке дейінгі интенсивті мағынасын суреттегі әрбір RGB компонентіне иемдейді.
• 6. CMYK-(Cyan,Magenta,Yellow,Key(Black))- көгілдір, қарақошқыл, сары, кілт немесе қара түсті белгілейді. Бояудың бұл төрт түсі «оффсетты баспа» деген дəәстүрлі баспа әдісінде қолданылады. Алғашқы үш түске (көгілдір, қарақошқыл, сары) қараны қосатын болсақ, нəәтижесінде пайда болатын спектрде түстерді араластыра аламыз. CMYK түс араластыру жүйесі химиялық пигменттерге тəәуелді бола отырып, қажетті түсті шығарады.
• 7.Lab-түс өрнегінде ашықтықпен(Lightness) және екі хроматикалық компонентімен анықталады:а параметрі-жасыл мен қызыл диапазоны арасында өзгереді b параметрі-көктен сарыға дейінгі диапазонда өзгереді.
• 8. Multichannal-суреттің әрбәр каналында 256 сұр түсті қабат болады.Бұл түс өрнегі тапсырыс бойынша жасалған түстерде немесе бір түс өрнегінен екінші түс өрнекке өткен кезде қолданылады.
• 9. HSB-Hue(реңк),Saturation(қоюлық),Brightness(ашықтық)-Фотошоп бағдарламасында HSB түс өрнегі болды.Кейінгі шыққан бағдарламаларда түс таңдау терезесінде орналастырылды.

IV.Жаңа сөздермен жұмыс

1. Brush-Кисть-Қылқамам
2. Pencil-Карандаш-Қарандаш
3. RGB-(Red,Green,Blue)-(Қызыл,жасыл,көк)-
4. CMYK- Cyan,Magenta,Yellow,Key(Black))-
5. Штамп-Stamp-штамп
6. Eraser-Ластик-Өшіргіш
7. Gradient-Градиент


V.Практикалық жұмыс
“Кім жылдам ”ойыны арқылы
3 топқа деңгей бойынша пракикалық тапсыма беру.

А деңгейі
a) Микс-кисть құралымен түстерді араластыру.
b) Градиент құралымен бетті әр түрлі түске бояу.
c) Карандаш құралымен табиғаттың бейнесінің эскизін салу

В деңгейі
Сурет салу құралдарын және түстерді пайдаланып
Жаз мезгілінің
Кыс мезгілінің
Күз мезгілінің суреттерін салу.

С деңгейі
Түс режимдерін пайдаланып суреттерді бір режимнен екінші режимге ауыстыру.

VI.Сергіту сәті
Көзге арналған жаттығулар
1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.
Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен
«А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.


VII.Жаңа тақырып ты бекіту
1.Аdobe Photoshop программасында кездесетін
негізгі ұғымдарды табу егер дұрыс табылса слайдттағы шар әуеге ұшады.
Лассо.Сиқырлы таяқша,оператор,штамп,губка,Айқындық,код

2.Мағынаны тексеру
1-топ
a) Пипеткамен бейнеден кез – келген түсті таңдап, бегунокпен оның жаңа түсін таңдауға болады. Иә Жоқ
b) Градиентті бояу – бетті бір түспен бояу. Иә Жоқ

c) Қарындаш – сызықтармен, штрихтармен берілген бейнелерді салу үшін арналған. Иә Жоқ
d) Автоформалар – суреттерді жылжыту Иә Жоқ
e) Қол - әртүрлі формалары бар фигуралар. Стильді пайдаланып әртүрлі бояулар арқылы фигуралардың ішін бояуға болады. Иә Жоқ

2-топ
a) Adobe Photoshop - та сурет салу құралдары - Қарындаш, Қылқалам және Өшіргіш. Иә Жоқ
b) Adobe Photoshopта 7 түс режимі бар. Иә Жоқ
c) Векторлық графика дегеніміз-математикалық теңдеулердің негізінде салынған суреттер. Иә Жоқ
d) Растрлық бейнелердің редакторы- Adobe Photoshop Иә Жоқ
e) Фракталдық графика дегеніміз- сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер Иә Жоқ

3-топ
a) Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы Иә Жоқ
b) Градиент - Сызықты/Дөңгелек/Бұрыштық болады. Иә Жоқ
c) CTRL+O пернетақта тіркесімдері арқылы суретті сақтаймыз. Иә Жоқ

d) Adobe Photoshop – та файлды сурет ретінде сақтау үшін PSD форматын таңдаймыз. Иә Жоқ

e) Жаңа бет ашу CTRL+T пернетақта тіркесімдері арқылы ашамыз. Иә Жоқ

VIII.Сабақты қорытындылау.
Слайтта корсетілген Adobe Photoshop сурет салу құралдарының аттарын атаңдар.


IX.Уйге тапсырма
Тақырыпты оқу.Құрал аттарын және түс режимдерін жаттау.
Х.Бағалау
Бағалау парағы бойынша.Оқушылардың сабақ қатысу деңгейне қарай бағалау.

Мұнайлы ауданы «№3орта жалпы білім беру орта мектебі»КММ



Ашық сабақ

Тақырыбы:Сурет салу құралдары.Түстер
Мұғалім:Сактағанова А.М
Сыныбы:7б сынып


2015-2016оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Сурет салу құралдары.Түстер 7сынып Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сактағанова Асылгул Муратқызы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы "№3 жалпы білім беру орта мектебі"КММ информатика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Информатикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 415 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar