Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар

  • Жүктеулер: 30
  • Көрсетілім: 959
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 19/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19499


Күні:18.02.2016 Пән:Информатика Сынып:7 «ә» Мұғалім:Айтжанова Ү.И
Сабақтың тақырыбы: Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар
Сабақтың мақсаты: Қарапайым графикалық редактор жайлы жалпы мағлұмат, құжаттарды құру және сақтау, сурет салу құрал-саймандары таныстыру, оны өмірде пайдалана алуға үйрету, оқушы алған білімі өзінің дамуына әсер ету, өмірде, достарымен қарым-қатынаста қолдана алу, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютерлер,слайд,интерактивті тақта,бейнематериал,плакаттар,стикер.
Сабақтың әдісі: Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, ойын элементтері,топтық,жекелей.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика,орыс тілі,ағылшын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Психологиялық ахуал.(сергіту сәті) 2мин
3. Топқа бөлу.(Оқушыларды суреттер арқылы II-топқа бөлу) 1мин
4. Оқушылармен техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру 1мин
5. Бағалау парағының критерийлерімен танысу.1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 мин
Зымыран сұрақтар:
1. Компьютерлік графика дегеніміз не? (Программалық және ақпараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдерімен әдістерін зеріттейтін информатиканың саласы)
2. Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша қандай негізгі салаларға бөлінеді? (Іскерлік графика, көркем графика, ғылыми графика)
3. Компьютерлік графика нешеге бөлінеді? (Екіөлшемді, үшөлшемді оның ішінде екіөлшемді : растрлық, векторлық, фрақталдық)
4. Растрлық графика дегеніміз не?( Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады)
5. Векторлық графика дегеніміз не?( сызық, доға, шеңбер және
тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.)
6. Фракталдық графика қалай түсінесіңдер?(Маштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құралады)

III. Қызығушылығын ояту 3мин
Интерактивті тақтаға назар аударып Бейнебаянға назар аударыңыздар
Болжау әдісі- Орын ауыстыру , бұру, түрлендіру
IV. Мәтінмен жұмыс 7мин

1-топ Вектор тобының мәтіні
Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар. Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады. Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады.

2 топ Растр тобының мәтіні
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті – басқару қадамын өтеді. Сіз бұл контурларды қисық және нүктелердің математикалық модельдердің көлемімен пайда болғандықтан кез келген өлшем беріп құра аласыз. Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады.

Ү. Оқулықпен жұмыс. (Жеке)12 мин


Сергіту сәті
VI. Ой толғаныс кезеңі 6мин
Эссе тақырыбы: Компьютерлік графиканың өмірімізге қажеттілігі

ҮII.. Жаңа сабақты бекіту: «Кім зерек» ойыны:3 мин

Артықшылығы Графика Кемшілігі
Вектор

insert әдісі
Білемін Білдім Үйрендім





ҮІІ1.Үй тапсырмасы: 1 мин
§23.
122-123 беттегі тапсырмаларды орындау
ІХ. Рефлексия «Алма ағашы»1 мин
Алма ағашы
Бүгінгі сабаққа дейін жайлы не білдім?(Жасыл алма) Бүгін не үйрендім?Қандай қиындықтар кездесті?Бірақ жеңе білдім.(Сары алма) Алдағы уақытта не үйренгім келеді?(қызыл алма)





VIIII. Бағалау 2 мин
№ Оқушының аты Үй тапсырмасы Мәтінмен жұмыс Оқулықпен жұмыс Эссе Кім зерек? Қорытынды
1
2
3
4
5
6
7
- дұрыс жауап жоқ - толық емес - дұрыс
Бағалау критерийлері бойынша бағалау (0-5 ұпай аралығында ұпай қою)
9-10 ұпай – «5»; 6-8 ұпай – «4»; 4-5 ұпай – «3»; 3-тен төмен ұпай – «2»
Қосымша тапсырма: тест жұмысы

«Мирас» көпбейінді мектеп гимназиясы



Тақырыбы:
Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар.

Өткізген:Айтжанова Ү.И

2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан Векторлық обьектілермен қарапайым амалдар Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтжанова Үміт Исаханқызы

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласы №7 мектеп-лицейі информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar