Видео монтажы. Анимациялар және визуалды әсерлер. Дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 121
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23264


Пән мұғалімі:Бекшеева М. Пән аты:Информатика
Сыныбы:9 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Видео монтажы. Анимациялар және визуалды әсерлер. Дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Pinnacle Studio бағраламасымен жұмыс жасауға, жобалау құруға, видео фильмдер құруға үйрету
Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд.
Техникалық құралдар: дербес компьютер, проектр.
І. Ұйымдастыру
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап арқылы.(слайд сұрақтарына жауап беру)
1. Pinnacle Studio корпарациясы қай жылдары лицензияланған? 1996-2007 жыл аралығында лицензияланған.
2. Pinnacle Studio - Бейне фильмдерді, бейне суреттерді және дыбыстарды өңдеуде қолайлылығы жоғары бағдарлама. Бұл Studio бағдарламасы бейне графикалармен және анимациалармен жұмыс жасауға негізделген.
3. Оның негізгі сақтау файлдарының форматы: AVI, MPEG-2, MPEG-4, DivX, RealMedia.
4. AVI форматы не үшін қолданылады
1) кең көлемді яғни толық экранды қамтиды (На вес экран DV)
2) кіші көлемді яғни секундына кадырлар аз және енімен биіктігі азаяды (Миниформат)
3) жасаушы еркімен енгізілетін қасиет яғни филімді жасаушы файл қасиетін өзі орнатады (Пользовательская)
5. MPEG-2, 4 форматы не үшін қолданылады:
1)қасиеті DVD-ге сай (Совместима с DVD)
2)Жоғары және аз көлемді қасиеттер

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ: Жобаны құру, ашу және сақтау
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие MovieMaker және Pinnacle Studio бағдарламасы. Бұл бағдарламаны көбінесе видео роликтер жасауда көп қолданады. Pinnacle Studio бағдарламасы фильм жасаушылар үшін өте қолайлы бағдарлама, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық – векторлық графиканы пайдалану есебінен компьютерде тез жүктелед;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке қосылатын информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін тиімді видео, аудио эффектілер береді;
4. Қолайлылық – фильм технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті.
Фильм құру бағдарламасымен жұмыс жасау
Pinnacle Studio көмегімен фильмдерді жасау үш сатыда орындалады:
1. Қамту. КБ-ның қатқыл дискісіне бастапқы бейнематериалды енгізеді. Алыну көзі болып аналогты бейнемагнитафондар (стандарт 8мм, VHS және басқалар), сандық бейнемагнитафондар (DV, Digitals), сонымен бірге телекамерадан, бейнекамера немесе веб-камерадан алынған шынайы бейнесигналдар табылады.
2. Редактирлеу. Көріністерді қайта реттей, артықтарын жоя отырып, күтілген бірізділікте бейнематериялдарды орналастырыңыз. Визуальды эффектілерді, мысалы өтулерді титрлер мен графиктерді, сонымен бірге қосымша дыбысты, жекелей алғанда дыбыстық эффектілер мен фондық әуендерді қосамыз. DVD-дискілері мен VCD-дискілерін жазу кезінде көрермендердің көру параметрлерін келтіруге мүмкіндік беретін интерактифті мәзірді жасайды. Редактирлеу режимінде Studio-да жұмыстың негізгі бөлігі орындалады.
3. Фильм қорытындысы. Жоба аяқтағалғаннан соң, фильмнің түпкілікті жасбасын таңдалынып алынған: бейнекасета VCD-дискі, S-VCD-дискі, DVD-дискісі, AVI, MPEG, RealVideo немесе Windows файлы алып жүрісіндей қолайлы форматта шығарыңыз.

V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Pinnacle Studio 17 бағдарламасын қосып, фильмді жасауға кірісу. Жобамыздың тақырыбына сай қажетті ресурстарды (музыка, сурет, видео)
батырмасы арқылы кірістіреміз.
А деңгейі
Тапсырма: Фильміңізге тақырып беріңіз.
Тапсырма: Фильміңізге бірнеше суреттер қосыңыз.
В деңгейі
Тапсырма: Суреттер арасына өтулер қосыңыз.
Тапсырма: Кез келген сурет үстіне эффект қосыңыз.
С деңгейі
Тапсырма: Жобаңызға сай әуен (музыка) қосыңыз.
Тапсырма: Жобаңызды MPEG- 4 форматында сақтаңыз.
VI. Сергіту сәті.
VII. Сабақты бекіту және қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасы. Pinnacle Studio көмегімен 9-сыныпта өткен қызықты сәттерімізді фильм құрастыру. Тәрбие.орг сайтынан Видео монтажы. Анимациялар және визуалды әсерлер. Дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекшеева Маржан Баймұратқызы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы , №11 мектеп информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar