Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа Интерфейсі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 440
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 20/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22847


Сабақтың тақырыбы: Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа Интерфейсі
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Windows Movie Maker бағдарламасының интерфейсімен таныстыру, фильм құруды, сақтауды үйрету
Дамытушылық: Windows Movie Maker бағдарламасында фильмдерді құра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, компьютерлік сауаттылыққа, қауіпсіздік техника ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, практикалық, СТО әдісі
Көрнекті құралдар: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, бағалау парағы, презентация
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)
3. Жаңа сабақ (7 мин)
4. Практикалық жұмыс (10 мин)
5. Сергіту сәті (3 мин)
6. Бекіту (7 мин)
7. Үйге тапсырма (2 мин)
8. Бағалау (2 мин)
9. Шығармашылық жұмыс (4 мин)
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңберін құрып, оқушылармен үш тілде амандасу, бір-біріне тілек тілеу. Топқа бөлу. Бағалау парағын тарату.
- Сәлем, бүгінгі сабағын сәтті өтсін
- Привет, желаю тебе счастье
- Hello, Good luck to you
Оқушылар бүгінгі сабағымызда Елбасы жолдауы: «Нұрлы жол- болашаққа бастар жолымен» поезд арқылы Қазақстан жеріне саяхат жасаймыз. Қазақстан жолы – 2050. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ұранын ұстана отырып, тәуелсіздік жолдарында «Бірлік», «Достық», «Болашақ» , «Тұрақтылық» станцияларынан өтеміз. Әрбір станцияда не күтіп тұр екен? Қане, олай болса жүрейік.
Үй тапсырмасын тексеру: «Бірлік – Единство - Unity » станциясы
«Жасырынған сұрақтар» әдісі
1-топ:
1. Кестелік процессор дегеніміз не?
2. Компьютерлік графика түрлерін ата?
3. Диаграмма дегеніміз не?
4. Тұсаукесер программасының негізгі элементі?
5. Функция түрлерін атаңыз?
6. SVG қандай программаның кеңеймесі?
2-топ:
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
2. Тұсаукесер дегеніміз?
3. MsExcel 2007 кестелік процессоры қанша жол мен бағаннан тұрады?
4. Арифметикалық орта мәнді есептейтін функция?
5. Растрлық графиканың негізгі элементі?
6. .xls кеңеймесі .....
Қызығушылықты ояту: Слайдта әртүрлі бағдарламалардың кеңеймесін көрсету
1. .bmp, .xls, .doc, .ppt, Inkscape SVG, .jpeg, png, AVI
Windows Movie Maker бағдарламасы не үшін қажет?
Жаңа сабақ: «Достық- Дружба- Friendship» станциясы
Постер қорғау
1 топ: Movie Maker қандай бағдарлама
2 топ: Movie Maker бағдарламасының мүмкіндіктері
«Болашақ – Будущее - Future» станциясы
Компьютермен жұмыс: фильм құру
1 топ: «1 мамыр – бірлік күні»
2 топ: «Отан қорғаушылар күні»
Бекіту: «Тұрақтылық- Стабильность- Stability» станциясы
«Өрмекші торы» стратегиясы. Оқушылар бір-біріне жіпті беріп сұрақ қояды.
Үйге тапсырма: «Жастық шақтан болашаққа» тақырыбында фильм құруға материалдар жинау
Бағалау: топ басшылары бағалау парағын толтырып , мұғалім бағасымен салыстырып әділ бағалау
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні «Бірлік» станциясы «Достық» станциясы «Болашақ» станциясы
«Тұрақтылық» станциясы Қорытынды ұпай Баға
1
2
3
4
5

Рефлексия: «бес саусақ» әдісі.
Бас бармақ- мен үшін маңызды және қызық
Сұқ саусақ- маған қиын болды
Ортаншы саусақ- маған жеткілікті болмады
Төртінші саусақ- менің көңіл күйім
Бесінші саусақ- менің ұсынысым Тәрбие.орг сайтынан Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа Интерфейсі Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурушева Алтынай Аманкосовна

Ақтөбе қаласы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar