Жас информатик

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 749
  • Информатикадан ашық сабақтар
  • 01/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18332


Тақырыбы: “Жас информатик”

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, танымдық іс – әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиелілігі: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, ынтымақтаса жұмыс істеуге, информатика пәнінің тарихын білуге тәрбиелеу
Дамытушылығы: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру
Сабақтың типі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар және көрермендерге сұрақтар
Көрнекілік: слайд, презентация, суреттер
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі және математика

Жарыс сабақтың жоспары:

“Сөз шеберлігі”
“Адасқан әріптерді тап”
“Компьютер сатып ал”
“Көкпар”
“Бәйге”
“Жорға”
“Көрермендерге сұрақтар”
“Марапаттау”
Жарысқа 6 оқушы қатысады. (5-6-сынып)

Ойын шарттары

“Сөз шеберлігі”
1. 5 жұмбақ оқылады. Әр оқушыға бір жұмбақ. Жұмбақтың жауабын тауып қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінде айту керек. 3 тілде жауап берген оқушыға – 30 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 1 тілде – 10 ұпай. Жауап бере алмаған жағдайда қарсыластары жауап бере алады.

“Адасқан әріптерді тап”
2. «Адасқан әріптерді тап» сайысында әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Шашырап орналасқан әріптердің орнын тауып, информатикаға қатысты сөзді құрау.
“Компьютер сатып ал”
3. Бұл сайыста компьютерлік құралдарды немесе техниканы сатып алу үшін 5 сұраққа жауап беру тиіс, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Ұпай санына қарай компьютер құрылғыларын сатып алады.
“Көкпар”
4. «Көкпар» сайысында логикалық есептер беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жауап жоқ болған жағдайда қолын бірінші болып көтерген ойыншы жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
«Бәйге»
5. «Бәйге» сайысында 12 сұрақ берілген. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Оқушылар кезек – кезек таңдайды. Осы сайыстан кейін ұпай саны аз бір оқушы ойыннан шығарылады,
«Жорға»
6. «Жорға» сайысында қалған екі оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Ұпай саны аз оқушы бастайды. Ұпай саны көп оқушы «Жас информатик» атанады.
7. Көрермендерге сұрақтар беріледі.
8. Қорытындылау.
Дүниеде құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрінде
Мүмкін емес ИНФОРМАТИКАСЫЗ түсіну.
Компьютер дүние кілті бүгінде
Демекші, заман талабына сай әр бір адам компьютердің қыр – сырын білгенге не жетсін дей отырып сабағымызды аяқтаймыз.
Жарыс қорытындыланып, нәтижесі принтер арқылы қағазға шығарылады.

9. Марапаттау
10. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! Тәрбие.орг сайтынан Жас информатик Информатикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калмаханбетова Эльмира Жакановна

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №11 Ә.Хасенов атындағы орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar