Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы презентация

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 411
  • Информатикадан презентациялар
  • 14/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22595


Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.

Тармақталу алгоритмі. Тармақталу алгоритмінде көбіне арифметакалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, алгоритм бір тармақпен, ал орындалмаса, екінші тармақпен жүзеге асыралады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері қолданылады. Орындалу тәсіліне байланысты толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.

Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал егерде, шарт орындалмаса, онда 2-серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм әрі қарай орындалады. Тәрбие.орг сайтынан Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы презентация Информатикадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейсенбаева Серикгуль Сейсенбайевна

КММ Заря негізгі мектебі информатика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar