Функциялар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 79
  • Информатикадан презентациялар
  • 06/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23283


Функция

Excel программасының тағы бір керемет мүмкіндіктерінің бірі – әртүрлі функцияларды пайдаланып есептерді шығару.
Excel-дің функцияларын пайдаланып барлық саланың есептеу жұмыстарын орындауға болады. Функциялар өзінің арнайы “функция шеберінің” терезесінде әртүрлі салаларға байланысты бірнеше категорияларға бөлініп, жинақталған.
Мысалы, “Математикалық” категориясында тек математикалық есептеулерді шығаруға арналған функциялар жинақталған.
“Статистикалық” категориясында тек статистикалық есептеулерді шығаруға арналған фукнциялар жинақталған, және т. с. с.
Функция шеберінің терезесінде қандайда бір функция таңдалған кезде терезенің төменгі жағынан таңдалған функцияны қалай қолданудың қысқаша үлгісі жазылып, көрсетіледі. Ал, “Справка по этой функций” сілтеу жазбасын шерту арқылы таңдалған функция жөнінде толық анықтаманы (орыс тілінде) алуға болады. Тәрбие.орг сайтынан Функциялар Информатикадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сопбекова Меруерт Жумабековна

ОҚО Шардара қаласы №16 колледж информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar