КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1211
  • Информатикадан презентациялар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18611


 Компьютер желілерімен жұмыс
 Компьютерлік желі
Компьютерлік желі дегеніміз – әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарын қолданбай-ақ, компьютерлер арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін компьютерлер мен басқа да құрылғылардың жиынтығы.
Компьютерлік желілер пайдаланушылардың жылдам ақпарат алмасуын қамтамасыз етумен қатар, принтерлер мен басқа да қосымша құрылғыларды біріге пайдалануға, бір мезгілде бірнеше адамның бір құжатпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
 Компьютерлік желілердің классификациясы
Компьютерлік желілерді мынадай қасиеттері бойынша сипаттауға болады:
 Территориалдық таралымы;
 Ведомстволық тиістілік;
 Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы;
 Тасымалдау ортасы;
 Компьютерлік желілердің классификациясы
 Компьютерлік желілердің классификациясы
 Компьютерлік желілердің классификациясы
 Компьютерлік желілердің классификациясы
 Жергілікті желі
Жергілікті желі бір бөлмеде (мысалы 8-12 компьютерден тұратын мектептің компьютерлік класы) немесе бір ғимаратта (мысалға, мектеп ғимаратының әр түрлі кабинетінде орналасқан ондаған компьютерлер жергілікті желі арқылы өзара байланысып тұрады) орналасқан компьютерлерді өзара байланыстырады.
Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен (желілік адаптер) жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.
 Желі топологиясы
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
 Аймақтық компьютерлік
желілер
Жергілікті желі бір-бірінен қашықта орналасқан компьютерлерді (мысалға бір қаланың екі шетінде орналасқан мекемелердің компьютерлерін) байланыстыра алмайды. Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады.
 Корпоративті компьютерлік желілер
Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады. Корпоративті желіге банк мекемелері мен олардың филиалдарын, әскери ұйымдарды, сақтандыру компаниялары т.б. ұйымдардың компьютерлерін біріктіретін желілерді жатқызуға болады. Корпоративті желі әр түрлі қала немесе мемлекетте орналасқан мыңдаған, тіпті он мыңдаған компьютерлерді біріктіре алады (мысал ретінде Microsoft корпорациясының MSN желісін айтуға болады)
 Ауқымды компьютерлік желі - Интернет
1969 жылы АҚШ-та қорғаныс министрлігіне қарасты компьютерлік орталықтарды бірқатар академиялық ұйымдармен біріктіретін ARPAnet компьютерлік желісі құрылды. ARPAnet желісін құрудағы басты мақсат – кенеттен ядролық шабуыл бола қалған жағдайда, байланысты қалай ұстап тұруға болатындығын зерттеу және зерттеушілердің өзара ақпарат алмасуын қамтамасыз ету болатын. Осы желі ұлғайған сайын басқа да компьютерлік желілер пайда болып, дами бастады. Дербес компьютерлердің дәуірі басталмай тұрып, ARPAnet-ті құрастырушылар Internetting Project («Желілерді біріктіру жобасы») бағдарламасын жобалауға кіріскен болатын. Бұл жобаның нәтижесі мынадай жетістіктерге алып келді. Біріншіден, АҚШ-тағы ең ірі компьютерлік желі internet желісі дүниеге келді. Екіншіден, осы желіні АҚШ-тың басқа компьютерлік желілерімен біріктіру қолға алынған болатын. Осы желілердің пайда болуы әлемнің барлық компьютерлік желілерін өзара байланыстыруға арқау болды. Осындай «желілердің желісін» қазір барлық елде бір ғана сөзбен – Internet (қазақша баламасы - Интернет) деп атайды.
 Интернет
Интернет – көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілерді біріктіретін ауқымды компьютерлік желі. Интернет жер шарының әр түкпірінде орналасқан миллиондаған компьютерлерді өзара байланыстырады.
Интернеттің негізін желіге үнемі қосылып тұратын 100 миллионнан астам сервер құрайды.
Интернеттің серверлеріне жергілікті желілердің немесе телефондық желілердің көмегімен миллиондаған желіні пайдаланушылар қосыла алады.
 Интернеттегі адрестеу
Адрестердің екі бірдей форматтары қолданылады. Оларды сыртқы пішініне қарап айыруға болады:
IP - адрес және DNS - адрес.
IP - адрес - арасы нүктелермен ажыратылатын цифрлардың төрт блогынан тұрады. IP – адрес мынадай түрде болуы мүмкін:
192.168.1.2
212.154.163.162
DNS – адрес - қолданушының есте сақтауына оңай әріптердің жиынтығынан тұрады. Бұндай адрестер де арасы да нүктелермен ажыратылған ақпараттық блоктерден (домендер) тұрады.
Мысалы: www.tarbie.org
www.ustaz.kz
 Домендер
gov – үкіметтік ұйымдар
mil - әскери ұйым
com - коммерциялық ұйым
net – желіні басқару ұйымдары
org – жоғарыда аталғандардың ешқайсысына қатысы жоқ ұйымдардың бірі
 Домендер
at - Австрия
au - Австралия
ca - Канада
ch - Швейцария
de - Германия
dk - Дания
es - Испания
fi - Финляндия
fr - Франция
it - Италия
jp - Жапония
nl - Нидерланды
no - Норвегия
nz - Жаңа Зеландия
ru - Ресей
kz - Қазақстан
uk – Ұлыбритания
za - Оңтүстік Африка
 World Wide Web
Интернеттің ең танымал қызметі - World Wide Web (қысқаша WWW немесе Web), оны Бүкіләлемдік өрмек деп те атайды. WWW-те ақпараттың ұсынылуы гипермәтіндік сілтемелердің мүмкіндіктеріне негізделген.
Гипермәтін деп құрамында басқа құжаттарға сілтемелер болатын мәтінді айтады. Гипермәтіндер кейбір құжаттарды қарап отырып, мағынасы осыған сәйкес басқа ақпарат көзіне жылдам әрі оңай ауысуға мүмкіндік береді. Ол ақпарат мәтін, сурет, дыбыстық файл немесе кез келген www-де кездесетін басқа ақпарат түрі болуы мүмкін. Гиперсілтемелер арқылы байланысқан бұл құжаттардың әр қайсысы бір-бірінен ондаған мың шақырым қашықтықта, яғни жер бетінің кез келген бұрышында орналасуы мүмкін.
 World Wide Web
World Wide Web қызметі – электронды құжаттардың ерекше түрі - Web-құжаттарға немесе қарапайым түрде Web-парақтар деп аталатын құжаттарға қол жеткізу үшін қолданылады. Web-парақ дегеніміз құрамында мәтіннен басқа арнайы форматтау командалары мен құрамдас объектілер(суреттер, аудио- және видеоклиптер, т.б.) болатын электронды құжат түрін айтады.
Web-парақтарды арнайы программалар – браузерлердің көмегімен қарайды. Браузерлер қашықтағы серверлермен байланыс жасай отырып web-құжаттарды көруге мүмкіндік беретін WWW клиенті десе де болады.
 Ресурстардың бірегей көрсеткіші URL
Интернеттегі кез-келген құжаттың (және осы құжатқа кірістірілген әрбір объектінің) өзіндік бірегей адресі болады. Оны ресурстардың бірегей көрсеткіші URL (Uniformed Resource Locator) немесе қысқаша түрде URL-адрес деп атайды. Осы адреске қатынай отырып керекті құжатты алуға болады.
URL-ге мысал:
http://www.example.com — view-source:http://www.example.com
 Ресурстардың бірегей көрсеткіші URL
URL-ге мысал:
http://www.example.com — view-source:http://www.example.com

құжаттың URL-адресі үш бөліктен тұрады, және оның домендік атаулардан айырмашылығы – солдан оңға қарай оқылады.
 URL-адрестің бірінші бөлімінде осы ресурсқа қатынауды іске асыратын қолданбалы протоколдың атауы көрсетіледі. World Wide Web қызметі үшін бұл гипермәтін жеткізетін HTTP (HyperText Transfer Protocol) протоколы болып табылады. Протоколдың атауы адрестің басқа бөліктерінен қоснүктемен және екі көлбеу сызықтардың көмегімен ажыратылады.
 Екінші бөлім – осы құжат сақтаулы тұрған компьютердің домендік атауы.
 Адрестің ең соңғы элементі – осы компьютерде орналасқан файлға апаратын жолды көрсетіп тұрады. Егер Windows-та қапшықтар мен каталогтардың арасын ажырату үшін “\” белгісі қолданылса, Интернетте қарапайым “/” ажырату белгісі қолданылады.
[color=red] Тәрбие.орг сайтынан КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР Информатикадан презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Эрметов Нодирбек Рустамбекович

ОҚО Шымкент қаласы №105 Мукуми атындағы жалпы орта мектебі Информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar