Аңдар

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 526
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21194


Сабақ: Сабақтың тақырыбы: Аңдар
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Қазақ ілі мен әдебиет пән мұғалімі Юсупова Айгерім
Сынып: 1 Қатысқандар: 12 Қатыспағандар: 0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу.
1.3.3.1 Өлең, жұмбақ және ертегілерді ажырату.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындай алады:
Аңдар туралы біледі, үлкен және кіші аңдарды ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі біледі:
Сурет бойынша қойылған бірнеше сұрақтарға жауап бере алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өлең, ертегілерді тыңдап, жұмбақтың жауабын таба алады.
Тілдік мақсат: Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер:
аң, арыстан,піл, түлкі, тиін, маймыл, қасқыр, қоян т.б
Алдыңғы оқу Үй жануарлары
Суреттердің ішінен үй жануарларды тауып топтастырады.
Үй жануарларының суреттерін бағалау.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Ресурстар: А4 қағазы, кеспе қағаздар, үй жануарларының, аңдардың суреттері
Басы
5-минут Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен сәлемдесу
Оқу құралдарын алады.
Оқушылар өлең шумағын айтып, психологиялық дайындық жасайды.
Айналаға алақанмен,
Жылылықты шашайық,
Сәттілік тілеп баршамызға,
Сабақты біз бастайық.
Оқушыларды тақырыпқа сай суреттер арқылы 2 топқа бөлу.
1-топ: «Үй жануарлары»
2-топ: «Аңдар»

Ортасы
30 минут

10 минут

5 минут

20 минут Жаңа сабақ. Оқушыларға оқу мақсаты айтылады.
Жоспарланған жаттығу түрлері
«Кім жылдам?»ойыны
Екі топқа жұмбақ жасырылады
Халық «қу» деп,
Қылған күлкі.
Айласы көп,
Бұл не? (түлкі)
Қыс бойна жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(аю)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
Ол не?
(түйе)

«Топтастыру » әдісі
Екі топ бірі үлкен аңдар, екінші топ кіші аңдардың суреттерін жабыстыру арқылы топтастыру.

Аңдар: қасқыр,кірпі,аю, піл, түлкі, қоян, маймыл, тиін, арыстан т.б.

Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен.
Ытқып-ытқып жүгірді.


Түлкі, түлкі қутаңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша қулық асырсаңда,
Қасқырдан еш құтылмайсың.


«Ертегі әлемі»
Бейнероликтер «Бауырсақ» ертегісін көрсету. Оқушылар аңдарды атайды, мінездеме береді. Мысалы: Қасқыр, түлкі, аю, қоян қандай аңдар?

Соңы
5 минут Үйге тапсырма беру
Өздеріңе ұнайтын аңдардың суретін салып келу.
Қорытынды.
Ынталандыру. : Ең көп аң суретін жинаған топ жеңімпаз болады.
«ҚҰС» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бөліседі. Тәрбие.орг сайтынан Аңдар Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Юсупова Айгерим Абдигаппаровна

ОҚО Түркістан қаласы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar