А.Сейдімбек "Әйел-Ана" ертегісі

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 1185
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 26/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19122


Тақырыбы:А.Сейдімбек «Әйел-ана»
Мақсаты: 1.А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік
беру. .«Әйел-ана»ертегісінің мазмұнын меңгерту,ананың
тапқырлығы,батырлығы жөнінде мағлұмат беру.
2. Ертегі бойынша алған білімдерін әртүрлі тапсырмалар арқылы
жүйелеу,тез ойланып,жауаптарын тиянақты айта білуге
дағдыландыру. Тілдік қорларын байыта отырып,ойлау,есте сақтау
қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды адамгершілікке,инабаттылыққа ананы сыйлауға,
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі|:Сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,топтық жұмыс.
Көрнекілігі:А.Сейдімбек өмірі мен шығармашылығы туралы слайд,өлең
жолдары,мақал-мәтел,суреттер,мәтін,плакат.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
ІІ.Үй тапсырманы тексеру.
Ә.Тәжібаев «Толағай» ертегісі бойынша «Елімнің толағайлары»деген тақырыпта жазған шығармаларын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.(Ана туралы өлең оқимын).
2.Оқушыларға слайд арқылы А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығына
түсінік беру.Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа
ауданы,Атасу ауылында дүниеге келген.1963-1968 жылы ҚазМҰУ-ң
журналистика факультетінде оқыған.(толық айтылуы).
ІV. «Ой қозғау» стартегиясы.
«Ана»деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?
(Оқушыларға күннің шапағы таратылады,оқушылар ана бойындағы
жақсы қасиеттерді жазып,тақтаға іледі)
Мұғалім сөзі: 1.Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді,жүрегі жылы
жанды көреді.Ол-Ана.Ана деген сөзге мүлік қақпайтын жүрек ,
мөлдіремейтін жанар жоқ.Әрбір ана отының өшпеуін,бақытының
көшпеуін,шаңырағының құламауын,сәбиінің жыламауын,сұм соғыстың
болмауын тілейді.Біз қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз.Қыз Жібек
пен Баян Сұлудың,Мәншүк пен Әлияның сіңілдеріміз.Дүниеде анасыз
адам жок.Қаламы жүйрік жазушы да,данышпан ғалым да,ел бастаған
көсем де,сөз бастаған шешен де ана көкірегімен нәр алып өскен.
2.А.Сейдімбектің «Әйел-Ана»ертегісін сатылай кешенді талдау әдісі
бойынша түсіндіру. Тәрбие.орг сайтынан А.Сейдімбек "Әйел-Ана" ертегісі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Караева Айнагуль Амангельдиевна

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы №16 мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar