Ақынның шығармалары (Ескен Елубаев) Тұйық етістік

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 1102
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 26/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19126


Сабақ жоспары

Пән аты: қазақ тілі
Сыныбы: 8 а
Мұғалім: Ильбитаева А.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақынның шығармалары (Ескен Елубаев)
Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: қазіргі кезең балалар әдебиетінің ақыны Ескен Елубаевтың шығармаларымен таныстыру, лексикалық тақырып жаңа сөздер, сөз тіркестерді меңгеруге, оларды дұрыс пайдалана білуге үйрету; тұйық етістік, оның атқаратын қызметі, септелуі, тәуелденуі және көптелуін білуге жаттықтыру.

2. Дамытушылық: ойларын жүйелей білуге дағдыландыру, сауатты сөйлеп жазу, салыстыру, баяндау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, қызығушылық іс-әрекеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: қазақ тілін құрметтеуге, саналы оқып үйренуге тәрбиелеу; табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу, оқушылардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап, тыңдау, түсіндіру, көрсету, үйрету, жаздырту, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, бағалау кестесі, кластер, мәтін бойынша суреттер, үлестірмелі кеспе парақ тар.

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме балалар?!
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін аптаның қай күні, нешесі?
- Үйге қандай үй тапсырма берілді?
(тұйық етістік, Е.Елубаевтың өмірбаянын оқу)
ІІ. Үй жұмысын тексеру: кластер арқылы Ескен Елубаевтың өмірбаянын сұрау.
Ескен Елубаев кім .
CӨЙЛЕСІМ Ол қайда туылған?


Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы «Ескен Елубаевтың шығармалары», ал грамматикалық тақырыбы тұйық етістікті жалғастырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру:
Бүгін сабағымызда Ескен Елубаевтың шығармаларымен танысамыз, жаңа сөздер, сөз тіркестерді меңгереміз, тұйық етістіктің септеліп, көптеліп және тәуелденіп түрленуін ауызша және жазбаша жаттығамыз.

АЙТЫЛЫМ
1 – тапсырма: Әр сөйлемге сұрақтар құрастырыңдар.
А) Е. Елубаев шығармаларының негізгі тақырыбы — балалар өмірі.
Ә) Ақын өлеңдерінің көбі диалог түрінде қүрылған.
Б) Е. Елубаев шығармаларында балаларды еңбекті сүюге, бостан-босқа көше кезіп жүруден аулақ болуға үйретеді.
В) «Туады, шығады, түседі, келеді» деген өлеңінде табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын суреттеген.
Сөздікпен жұмыс
дөп келді – точно
өріс - пастбище
қауыз - шелуха пшеницы
орақ кезі – время сенокоса
тегіс - ровно
атырап - окрестность
тау жотасы - горный хребет

(жаңа сөздерді оқытқызу, ауызша сөз тіркес немесе сөйлем құратқызу, сөздік дәптерлеріне жазғызу)

ОҚЫЛЫМ
ТЫҢДАЛЫМ

2- тапсырма : « Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі бойынша жұмыс жүргізу.

А) Аудирование арқылы өлең жолдарын ретпен қою.
Ә) Мәнерлеп оқу.
Б) Тақырыбын анықтау. Мезгілдерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
В) Етістіктерді табу, тұйық етістікке айналдырып оқу.

Туады, шығады, түседі, келеді


Сұрақтарым көп еді,
Айтар кезі дөп келді.
Халық неге айтады,
Туады деп
Көктемді?
- Неге десең,
Көктемде,
Көктем келіп жеткенде,
Құлын, қозы, бұзау, лақ,
Толып өріс-беткейге,
У-шу болып жатпай ма,
Мал төлдерін таппай ма?
- Көктем туды, - деп халық
Сондықтан да айтпай ма?
- Ендеше, айт
Мынаны,
Жаз неге онда шығады?
- Егін шығып болады,
Қауыздары толады.
Орақ кезі басталып,
Диқан бидай орады.
Қырман тау боп жатады,
Ел ырысқа батады.
- Жаз шығады, — деп халық,
Сол себепті айтады.
Білген жұмбақ шешер,
Бір білмеген осы еді.
Ал халқымыз неліктен
Күз түседі деседі?
- Келген күзде ақырап,
Сарғаяды атырап.
Ағаштардан түседі,
Әрі кеткен жапырақ.
Шопан жүгін артады,
Таудан түсіп қайтады.
Сол үшін де халқымыз.
Күз түсті деп айтады.
- Жауабыңды бер енді,
Ал қыс неге келеді?
Тау, жотаны, даланы,
Қырау тегіс жабады.
Қыстың алғаш белгісі
Сулар қайтып қалады.
Қыс хабарын береді.
Қамданады ел енді.
Содан жолын күткеннен
Дейді қысты «келеді»...
(Е. Елубаев)


- Ескен Елубаев шығармаларынан көрнекті орын алатын жанрдың бірі ертегілер мен аңыздар.Ақынның «Жалын» баспасынан 1991жылы шыққан «Ақыл тіс» жинағына «Асар», «жолбарыстар мен пілдер шайқасы», «Кім қайда тұрады?» «Қолбасшы мен жолбасшы» және де т.б. ертегі аңыздар енген.
- Халық аңызының ізімен жазылған «Қырғыннан құтқарған қарлығаштар» ертегісінде құстардың адам баласына жақсылық жасайтынын, сондықтан адамдар да құстарды қадірлейтіндігі сөз етілген. Қазір біз осы ертегімен танысамыз.
3- тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, аудару.Сұрақтарға жауап беру.
Ертеде бір қарлығаш тақыр кедей үйінің шаңырағына ұя салып, балапанының өсуін күтеді. Елге осы кезде жау шабады. Ел үдере көшеді. Шал құс ұясын бұза алмай, көшуге қарлығаш ұясын аяп көшпейді. Жау қолбасшысы шалдан: «Неге жаудан қашпай жатырсың, мұның сыры неде?» - деп сүрайды. Сонда шал:
Балапанын қимадым,
Қарлығашты сыйладым.
Келмеді алғым қарғысын,
Енді өзің біл арғысын.
Ниеті ізгі адал да,
Қарлығаш дос адамға
Жасасаң,
Маған жаса да,
Қиянат оған жасама..., — дейді.
Ал қарлығаштар шалға қолбасшыдан араша сұрағандай шырылдап, жау жүйкесін тоздырады. Жау әскерін кейін қайтарып:

- Бұл арадан кетемін,
Білдім,
Шалдың жұртының
Мейірімді екенін.
Қуғындауға қимаймын, -
Мұндай шалы бар халыққа
Жауыздықты жасаман.

Мейірбан бұл халықты
Құрметтеймін,
Сыйлаймын.
Жүрегі адал халық бұл.
Біздер кері қайталық,
Шабуға қол бата алмас, - дейді.
Жұртын жаудан айырған дана қарттың ісі халық арасына аңыз болып тарайды.

ЖАЗЫЛЫМ
4 - тапсырма: Венн диаграммасы бойынша жазбаша жұмыс дәптерде жазу , оқу.

V. Сабақты қорыту: Сұрақ – жауап арқылы сабақты қорыту.

1. Е. Елубаевтың Кім?
2. Қай жерде дүниеге келген?
3. Ақынның шығармалары кімге арналған?
4. Тұйық етістік дегеніміз не? т.б.
VI. Үйге тапсырма: «Е. Елубаевтың шығармаларының ерекшелігі» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар .
VII. Оқушыларды бағалау: оқушылардың белсенділігін ескере бағалау
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ақынның шығармалары (Ескен Елубаев) Тұйық етістік Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ильбитаева Айнур Жаңабаевна

"Тұран" мектеп-лицейі Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar