Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Абайдың жиырма тоғызыншы - қара сөзі
  • 23.12.2016
  • 176 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20662

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы,
Мамлют қазақ мектеп-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
мұғалімі Жүкібаева Гүлмира Шегеқызы
Өткізілген күні: 10.10.2016 жыл
Элек.пошта: nur_bol-23@mail.ru

Қазақ әдебиеті
(ашық сабақ)
7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың 29 - қара сөзі
Сілтеме: 7 сынып қазақ әдебиеті оқулығы 31 бет
Сабақтың білімділік мақсаты: Абайдың 29 - қара сөзінің идеялық - тақырыптық мәнін ашып талдау;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай шығармаларын, ғақлияларын ұғынып оқуға тәрбиелеу;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастырып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік
тапсырмалар орындату;
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағды қалыптастыратын жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары: топпен жұмыс, Екі түрлі күнделік.
Сабақтың барысы: 1. Тренинг. Амандасу 2 мин.
2. Топқа бөлу. Топтың аты, ұраны. Түрлі-түсті стикерлар арқылы.
3. Үй тапсырмасы:
«Абай шығармалары- ақыл қалтасы» кітапшасын жаттаған өлеңдерімен толтыру. Оны ортаға шығып оқу.Әр топтың басшысы. 6 мин.

4.Жаңа сабақтың тақырыбын тауып алу. Сандар сөйлейді?
2 және 9 сандарын көргенде не есіңе түсті? 2мин.
Жаңа сабақ «Абайдың 29 - қара сөзі» (мультимедиялық слайдтар арқылы)
1. Қара сөз туралы.
2. Абай қара сөздерінің мәні мен мақсатын ұғындыру.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ. (Абайдың 1 - қара сөзінен)
29 - сөзбен аудиожазба арқылы танысу;

29 - сөзінің идеялық мәнін түсіну.Постер құрау. Суреттер жапсыру. 15 мин.
Постер қорғау.

3.«Екі түрлі күнделік» стратегиялары бойынша қарама - қарсы мәндес, мағынасы бұлыңғыр мақал - мәтелдерге сын тұрғысынан баға беру.
1. Күлшелі бала сүюге жақсы
2. Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.
3. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол!
4. Шашы ұзын әйелдің ақылы қысқа.
5. Адасқан жігіт жол таппас.
4) Тапсырмалар орындау
2- тапсырма.
Халық арасында мақал болып кеткен Абай сөздерін түсіндіріңдер.
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей..
2. Жаман дос - көлеңке,
Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың.
3. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын
2- тапсырма.
Халық арасында мақал болып кеткен Абай сөздерін түсіндіріңдер.
1. Баяғы жартас - бір жартас
2. Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең өзің біл
3. Ойын – арзан, күлкі қымбат

5. Сабақта өтілген материалды бекіту.
Абайдың неше қарасөзі бар?
- Ол қарсөздерінде не туралы жазды?
- Абай қарасөздерін қай жылдары жазды?
- Абайдың 29 қарасөзінен қандай тәлім-тәрбие алдыңдар?

6.Бағалау. Топ баяндаушыларына бағалау парақтары бойынша сөз беру.

7. Мұғалім сөзі.Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу. Абай «Жиырма тоғызыншы» қара сөзі арқылы кез-келген нәрсені сол қалпында қабылдай бермей, сын көзбен қарауға, өзіңе керекті нәрсені танып, талғап ала білуге шақырады.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
8.Кері байланыс

9.Үй тапсырмасы: «Абайдың 29 – қара сөзінен түйгенім» эссе жазу. Тәрбие.орг сайтынан Абайдың жиырма тоғызыншы - қара сөзі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жүкібаева Гүлмира Шегеқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: тоғызыншы, Абайдың, сөзі, Қара, жиырма, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 176 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar