ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ " АНАНЫҢ АНАСЫ" ӘҢГІМЕСІ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 82
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 15/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23509


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Күні: Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірбаянымен танысу, әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;
Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, білімді жинақтау,
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.топтық жұмыс, венн диаграммасы, синкуэйн әдісі, карусель әдісі.
Қолданылған модулдар: АКТ-ны қолдану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, оқуды және оқыту үшін бағалау, ынтымақтастық және бірлескен жұмыс
Ресурстар: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, видио,маркерлер, қағаздар.
Жұмыс нәтижесі: Ғ. Мүсіреповтың өмірі және шығармашылығы жайлы білетін болады. Әңгіменің мазмұнын толық меңгереді.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі: « Мен қандаймын?» Оқушылар өз есімдерінің бас әрпіне байланысты жақсы мінездерін айтады. Алфавит реті бойынша, өз есімдерінің бас әрпіне байланысты топтарға бөлу.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. «Ой толғау» стратегиясы. Зымыран сұрақтар: Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.
Тақырыпты видио арқылы меңгерту.
Шығарманың құрылысы:
Басталуы
1. Әңгіме қалай басталады?

Байланысуы
2. Әңгіме қалай байланысады?

Шиеленісуі
3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталады?

Шарықтау шегі
4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?

Шешімі 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.
Кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Жанай батыр, Ана, Сарыбай, Әйтілес, Қыз, Кейкі, Бала би, Күлтеке.
Мәтінмен жұмыс:
І топ 1. Портрет дегеніміз не?
2. Ананың портретін тауып оқы
ІІ топ 1. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру
ІІІ топ 1. Диалог дегеніміз не?
2. Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу
Әңгімедегі теңеу, эпитет, дисфемизм, көнерген сөздерді табу.
І топ Әңгімедегі теңеуді табу.
Тұрақты тіркесті табу.

ІІ топ Әңгімеден эпитетті табу.
Географиялық атауларды ата.

ІІІ топ Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.
Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.

Венн диаграммасы
Аңыздағы ана Ұқсастығы Бүгінгі ана

«Әдебиет үйірмесі»
І топ Ана туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазу.
ІІ топ «Бес жолды өлең» стратегиясы.
ІІІ топ «Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау) .

Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.
Сабақты қорытындылау. «Карусель» әдісі.
Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек» тақырыбына шығарма жазу.





Краснознаменное орта мектебі





Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Сыныбы: 7 «А»

Өткізген: Егизбаева С. А.

2017-2018 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан ҒАБИТ МҮСІРЕПОВТІҢ " АНАНЫҢ АНАСЫ" ӘҢГІМЕСІ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Егизбаева Светлана Арапбаевна

СҚО, Мамлют ауданы, Краснознаменное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar