Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
АНА ТІЛІМ-АЙБЫНЫМ
  • 27.11.2016
  • 82 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20234

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.9Kb)

Ана тілім- айбыным
Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз-басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметтеуге баулу..Өнерлі болуға,өнердің түрлерін меңгеруге талпыну, бос уақытты қызықты әрі тиімді пайдалануға баулу. Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, алғырлыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші. Ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астындататулықта,сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 «В»сынып оқушылар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?»атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші.Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады.Ендеше,бүгін сайсқа түсетін екі топпен таныс болайық.
І кезең. Өздерін таныстыру, (визитка)экранға назар аударыңыздар.
Таныстыру. І-топ. Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халқымыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің-«Жас қыран».
ІІ-топ. «Топжарған».
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің- «Топжарған».
ІІ-кезең. «Кім жылдам» (Қай топ бірінші жауап береді сол топ бірінші бас/ы)Ұшақ Алматыдан Астанаға 90 минутта жетеді.Ал Астанадан Алматыға 1жарым сағатта жетеді.Неге?
ІІІ кезең
2-жүргізуші: «Дода»
І топ: «Жас қыран»
1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
2.ҚР Мемлекеттік тілі?
3.Бір жылда неше мезгіл бар?
4.Қандай дәрумендерді білесіңдер,ол қандай жемістерде,көкөністерде,тағамдарда болады?
5.Наурызда пісірілетін басты тағам?
6.ҚР-ң рәміздерін ата?
7.Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата?
ІІ топ: «Топжарған».
1.фонетика нені зерттейді?
2.Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлерді ата?
3.ҚР-ның Астанасы қай қала?
4.Қыс айларын ата?
5.Бір айда неше тәулік бар?
6.Бір аптада неше тәулік бар?
7.ҚР-ның ән ұранның авторы кімдер?
VІ кезең
1-жүргізуші. Әңгіме құрастыру. Жыл мезгілі бойынша әңгіме құрастыру.
Күз- «Жас қыран» тобы. Қыс- «Топжарған» тобы.
V кезең
2-жүргізуші: «Оқулықпен жұмыс» Сыйлықтар тақырыбы бойынша- «Жасқыран» тобы досыңа ашықхат жаса. Туған күнің құтты болсын! Тақырыбы бойынша- «Топжарған» тобы топпен газет жаса VІ кезең
1-жүргізуші. «Адасқан сөздер»
Конкурс «Сөздерден сөйлем құрастыру»- «Жас қыран» тобы.
Піседі,алма,алмұрт, Алма,алмұрт піседі.
Соғады,жел,суық, Суық жел соғады.
Ұшып кетеді құстар Құстар ұшып кетеді.
Сарғаяды жапырақ Жапырақ сарғаяды.
«Топжарған» тобы.
Демалдым таза ауамен мен Мен таза ауамен демалдым.
Жапырақтары ағаш жап-жасыл Ағаш жапырақтары жап-жасыл.
Шықты балалар тауға Балалар тауға шықты.
Жақсы бүгін ауарайы Бүгін ауа райы жақсы.
VІІ кезең
2-жүргізуші: «Әріптер сайысы»
«Қазақ тіліне тән дыбыстардан сөздерді құрастырып айту».
(Топтардың әр мүшесі әріп таңдап алып,қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздерді айту).
1 топқа. Қала атауларын ата
2 топқа.Адам аттарын ата
Қорытынды: Тәрбие.орг сайтынан АНА ТІЛІМ-АЙБЫНЫМ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дауленова Сымбат Нагиевна

Алматы қаласы Жетісу ауданы №193 жалпы білім беретін мектеп Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 82 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar