Антоним

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1109
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 07/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18505


Сабақтың тақырыбы: Антоним
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға антонимдер туралы ақпарат беріп, білімін жетілдіру, тақырыптың мазмұны мен күрделілігін пайымдауға үйрету, қажеттілігіне орай алдына қойылған мақсатты шеше білу, сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау мен дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Антонимдер туралы түсініктерін тапсырмалар арқылы бекіту;
Дамытушылық: Антонимдерді жаттығулар орындату арқылы тілін дамыта отырып, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, Sinkuein әдісі, кубизм әдісі
Сабақтың көрнекілігі: терме диктант, сәйкестендіру мен мақалдар кестесі, тест парақшасы, стикерлер, фишка, сөзжұмбақ
Пәнаралық баланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
b) Кезекшімен жұмыс
c) сыныпты түгендеу
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
Кіріспе:
Мұғалім оқушыларға сұрақ қою арқылы антонимді өздеріне анықтауға талпындырады. Мысалдар береді.
Антонимдер

Күн - түн
Алыс – жақын
Жақсы - жаман
Қатты – жұмсақ
Дос – дұшпан
Өлім - өмір
I. Балалар енді оқулығымыздағы - жаттығуға назар аударайық? (мәтінді оқып, мәтінде не туралы баяндалады? таныс емес сөздер бар ма? )
II. Асты сызылған сөздердің антонимін тауып, соларды қатыстырып, шағын эссе жазу.
Алыс - Қымбат
Арзан - Жеңіл
Ауыр - Аласа
Суық - Жақын
Биік - Ыстық
III. Тапсырмаларды орындап болсақ, сөзжұмбақты шешіп көрейік.
ІV. Семинар-тренинг. Антонимі бар мақалдардың жалғасын тап. Сынып шағын топтарға бөлініп, бір-бірімен жасырады. Мысалы, Жақсы жүрген жеріне кент салар, Жаман жүрген жеріне өрт салар; Мақтаншақ жігіт көп сөйлер, Шешен жігіт дөп сөйлер.
Тренинг барысында айтылым, тыңдалым, жазылым, тілдесім, сөйлесім
сияқты қатысым түрлерінің бəрі қамтылып, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындалатындықтан нəтижелі болмақ.
V. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясында әдістерді қолдана отырып мақсатқа жету.
Куббизм әдісі – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. Кубикті ортаға тастап, қай қырындағы сөз түссе соның антонимдік жұбын табады.
Sinkuein әдісі – оқушы фишкадағы сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
VІ. Сабақты бекіту
Бүгінгі сабағымызды бекіту үшін мына тесттерге жауап берейік?
1. Лексика қай тілден енген?
а) грек
в) латын
с) орыс
2. Антонимді тап
а) қара, білім
в) оңай, қиын
с) бүгін, кеш
3. Антоним дегеніміз не?
а) Айтылуы әр түрлі мағыналары жақын сөздер
в) Жазылу бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер
с) Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер
VІІ. Сабақты қорытындылау
Сабақты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтарды қою.
1. Антоним дегеніміз не?
2. Антонимдердің мағыналары қандай? Мысал келтір.
3. Жаман-..., жас-..., таза-..., жуан-... сөздерінің қарама-қарсы мағынасын тап.
4. Антонимдер ойды қалай жеткізеді?
VIІІ. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмалар орындауға ат салысқан оқушыларды өздері бағалайды.
VII. Үйге тапсырма.
Оқулықтан жаттығу, «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына эссе жазу. Тәрбие.орг сайтынан Антоним Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ештаева Айжан

ОҚО, Төлеби ауданы, 1 Мамыр жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar