Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Антонимдер
  • 24.03.2016
  • 588 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18126

Антонимдер

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты: Жаңа технологияларды пайдалана отырып шығармашыл тұлға қалыптастыру.Білімділік, Синоним, омонимді қайталай отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

Дамушылық: Функционалды сауаттылығын дамыту.Ойлау танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне
ой ұшқырлығына баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды өнер- білімді сүюге, талапшыл, еңбекқор, адамгершілік асыл қасиеттерге жетелеу, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
б) оқушыларды түгелдеу.

2. Мұғалім:
- Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар! «Сәлем сөздің анасы» дегендей, бүкіл әдет- ғұрып, әдеп пен ізет сәлемдесуден басталады.
Ертеде Лексика атты елде Омоним ,Синоним, Антоним атты үш ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Бір күні әкесі үшеуін шақырып алып, «Өздерінің аттарың туралы не білесіңдер?» деп сұрапты. Үшеуі әбден ойланыпты, ешнәрсе айта алмапты. Сонда «Халықтан, елден сұрасаңдар біледі» депті әкесі. Содан үшеуі ел аралап келіп, біздің сыныпқа келіпті. Ендеше балалар біз оларға білгенімізді айтып үйретіп жіберейік.
1. Омоним дегеніміз не?
2. Синоним дегеніміз не?
3. Омоним мен синонимге жазып келген мысалдарын мақал-мәтелдер мен өлең шумақтарын оқыту.

Антоним сөз жұмбағын шешу.

1. Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.

- Абай өлеңін оқушыларға оқыту, осы өлеңмен мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып тұрған сөздерді табу. (дос-дұшпан, алыс-жақын)
- Балалар антоним грек тілінен алынған сөз ол анти-қарсы атау дегенді білдіреді. Олай болса бір-біріне қарама-қарсы мағыналы сөздер антонимдер деп аталады.

3. Жұмбақтар шешу, антоним сөздерді табу.

1) Күндіз ізетті, түнде күзетте (есіктің ілгегі)
2) Қара жердің төсінде ақ қоянның ізі мол (тақтадағы жазу)
3) Асты тігілген, үсті сөгілген (қап)

4) Ерте тұрады бір қыз
Кеш тұрады бір қыз
Қайткенде де солардың
Дегенімен жүреміз.(Ай мен күн)

4. Сергіту сәті.
Тәуелсіздік төрінде
Аспанға қарап ай көрдік,
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдік.

5. Дәптермен жұмыс.
Аңдар әлеміне саяхат
а) мәтінді мәнерлеп оқу
б) антоним сөздерді теріп жазу

Панда
Бұл кішкентай сүйкімді аюлар Қытайдың кейбір таулы аймақтарын ғана мекендейді. Табиғатта пандалар өте аз, сондықтан оларды қатаң күзетеді.
Көп болмай олардың тек хайуанаттар бағында ғана қалуы әбден мүмкін. Үлкен панданың өте әдемі ақ- қара үлбірі бар.

6. 94- жаттығу
Қараңғы қанша дүниеде?
Дүниеде қанше жарық бар?
Ұсақтар қанша дүниеде?
Қашырыр қуат-пәрменді.
Дүниеде небір жасық бар.
Сарқылтар адам дәрменін
Көз жеткізбейтін қашықтар.
Қараңғы-жарық, ұсақ-алып.

7. «Ғылым таппай мақтанба» Балалар Абай атамыз өлеңін бізге өнеге, өсиет етіп қалдырған.

а) оқушыларға мәнерлеп оқыту

Адам бойындағы жақсы қасиеттер бес асыл істі ақ параққа, жаман қасиеттер бес дұшпанды қара параққа жазамыз.
Қара парақтағы жаман қасиеттер ешкімде болмасын, оны умаждап тастаңдар, ал бес асыл іс әрқайсымыздың бойымызда болсын. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренейік.

Бес асыл
-талап
- еңбек
- терең ой
- қанағат ой
- рақым

Бес дұшпан
- өсек
- өтірік
- мақтаншақ
- еріншек
- мал шашпақ

8. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

1. Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.

2. Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

3. Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

4. Көз қорқақ, қол батыр.

5. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

6. Үлкенге-құрмет, кішіге –ізет.

7. Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

8. Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар.

Сабақты қорытындылау: Бағалау.

Үйге тапсырма: Антоним. 90- жаттығу. Тәрбие.орг сайтынан Антонимдер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Омарова Айнұр Қоянбаевна

ОҚО Түлкібас ауданы Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 588 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar