Антонимдер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 909
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18889


Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
а) Шығармашылық жұмыстар орындату арқылы мағыналары бір — біріне қарама қарсы сөздердің антоним болатындықтарын ұғындыру.
ә) Сыныпта ынтымақтастық орната отырып, ауызбіршілікке, бір — бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
б) Топта жұмыс істей білуге, өз ойларын еркін айтуға, оқушының тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: дәстүрден тыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, «Қызығушылықты ояту»,
Көрнекілігі: слайд, стикер,суреттер, тапсырмалар
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
— Оқушылармен амандасу;
— Сыныпты түгелдеу;
— Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.
— Стикердің түсіне қарай 5 топқа бөлу.
ІІ.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
«Қызығушылықты ояту» әдісі
— Суреттен не көріп тұрсыңдар?
— Олар қандай сөздер?

Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу
Сен оған:- Аласа — десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…

Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
— Антоним дегеніміз не?
Мысал келтір

ІІІ.Жаңа сабақ
Антонимдер
Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.
Антонимдер — грек тілінде anti –қарсы, onota — атау
дегенді білдіреді.
Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:
Математика сабағында:
Қосу – алу
Көбейту – бөлу
Үлкен – кіші

Биология сабағында:
Өлі және тірі табиғат

Әдебиет сабағында:
Мақал – мәтелдерде:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жұмбақтарда:
Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (таба нан) т.б

№1 тапсырма
Суретте не берілген? Салыстыр.
І топ ІІ топ
Батыл – қорқақ көктем — күз
ІІІ топ ІҮ топ
Ащы – тәтті кішкентай — үлкен
Ү топ
Қыс — жаз


№2 Тапсырма
І топ
Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді жалғастыр ,
ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?
Ақыл — дос, ашу — дұшпан

Көп сөз — күміс. Аз сөз-алтын.
Қыс азығын жаз жина.
Қыс арбаңды сайла,
Жаз шанаңды сайла.
Дос жылатып айтар
Дұшпан күлдіріп айтар

ІІ топ
Төмендегі антоним сөздерді
жұп – жұбымен жаз
Қара, бар, қол, семіз, жоғары, жақсы, кіші, төмен, аяқ, алыс, үлкен, кеш, арық, жақын, жаз, ерте, жоқ, нашар,қыс, ақ.
Қара — ақ жақсы – нашар
алыс – жақын кіші – үлкен
кеш – ерте жаз — қыс
бар – жоқ қол – аяқ
семіз – арық жоғары – төмен

ІІІ топ
Берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңдар
Жақсы — … Ұзын — …
Үлкен — … Арық — …
Биік — … Қара — …
Дос — … Ерте — …
ІҮ топ
Ақылды — … Татулық — …
Жоғары — … Қуану — …
Асты — … Жылдам -…
Көп — … Кедей — …
Ү топ
Мағынасы бір біріне қарама — қарсы сөздерді сәйкестендіріңдер.
Қысқа жең ——ауру
Алыс ———қымбат
Арзан ———жеңіл
Ауыр ————аласа
Жаз ————ыстық
Суық ———жақын
Биік ——ұзын жең
Сау————— қыс
Сергіту сәті
Ойын «Жұбыңды тап»
Әр топтан екі оқушыдан шығып, маңдайларына жазылған сөздердің сыңарын табады.
Қоян – қасқыр
Көңілді – көңілсіз
Үлкен – кіші
Арық – толық
Ащы – тәтті
№3 Тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Берілген сөздерге мәтін жазыңдар
І топ «Көктем»
ІІ топ «Жаз»
ІІІ топ «Күз»
ІҮ топ «Қыс»
Ү топ «Табиғат»
Сергіту сәті
Би
Бекіту
Үш сөйлем әдісі
Мадақтау
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтау Тәрбие.орг сайтынан Антонимдер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турмагамбетов Қ.

Пікірлер: 0

avatar