Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Аппак бала
  • 02.11.2016
  • 233 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19860

Әдебиеттік оқу 6 .11.2014
Сабақтың тақырыбы: Аппақ бала
Сілтеме «Балдырған» журналы.Оқулық
Жалпы мақсаты
Оқушыларға мәтінді түсініп оқуға,сұрақтарға дұрыс жауап беруге талап ету.Денсаулық туралы ұғымдарын әрі қарай кеңейту. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіре отырып, ол үшін тазалық пен жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері Оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1. Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгереді.
2. Мұғалім жазбаша тапсырмаларды орындауға бағыттайды.
3. Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндігін жасау.
Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Оқушылардың гигиена туралы білімдеріне сүйену.
2. Жазбаша тапсырмалар беру арқылы оқушыға сауатты жазу, сөйлеу мәнерін, шығармашылықты қалыптастыруға ықпал жасау.
Күтілетін нәтиже Оқушылар сабақты меңгереді.
Өз ойларын еркін жеткізеді.
Тапсырмалар
wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
Интерактивті тақта, слайдтар, тапсырмалар, сюжетті сурет, оқулық


Сабақтың барысы бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті
Уақы
ты
Оқушының іс-әрекеті

1. Амандасу.

2. Психологилық ахуал
1 слайд
Мұғалімнің танымдық сұрақтары
Миға шабуыл.
1.Араб елінің ежелгі күміс ақшасы
2.Ертегі деген не?
3.Балықшы мен балық ертегісінің авторы?
4.Мәтіннің қандай түрлерін білеміз?
5.Қазығұрт тауы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
6.Ғылым таппай мақтан ба.Өлеңнің авторы?
7. Алматы қаласындағы Медеу мұз айдыны қай жылы салынған?
8.Тоқтар Әубәкіров бала кезінен кім болуды армандады?
9.Қазақстан сөзінде неше буын бар?
10.Парсы елін 20 жыл бойы басқарған батыр,қолбасшы?

Үй жұмысы: «Автор орындығы»
«Денің сау болсын десең»
2 слайд

Қызығушылықты ояту

Жұмбақтың жауаптарын дұрыс тапсаңдар,сендерге таза жүруге көмектесетін заттардың аттары шығады.
3 слайд

1 мин

1 мин

7 мин

2 мин


Амандасады.
Амансың ба,алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба,достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

1) Дирхем
2) Қиял мен арманға негізделген шығарма
3) Ахмет Байтұрсынов
4) Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау
5) Қаратауда
6)Абай Құнанбаев
7)1972 жылы
8) ұшқыш
9) 3 буын бар Қа-зақ-стан
10) Сұлтан Байбарыс

Оқушылар бір-біріне топ арасында оқиды.
Автор орындығында әр топтан 1 оқушы шығып эссесін оқып шығады.

1.Ертемен күнде сен
Қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір,ласың,
Тап-таза боласың. Сабын
2.Шомылған баланы,
Аймалап алады
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да ,бұл не? сүлгі
3.Аузы жоқ,көзі жоқ
Тілі жоқ ,сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар,бұл не? тіс тазалағыш
4 слайд

Мағынаны тануға дайындық кезеңі

3. Суретпен жұмыс.
-Бұл қандай заттар?
-Қай кезде,не үшін қолданамыз?
5 слайд

4.Буыннан сөз құрайды.Сол сөздермен сөйлем құрастырады.
6 слайд

5.Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс85-86 бет
7 слайд

Сабақты тақырыбы
«Аппақ бала».
8 слайд



6.Мәтін бойынша білімдерін тиянақтау «Тазалықтың достарын табайық»ойынын ұйымдастыру.
Тақтаның оң жағына заттардың суреттерін іліп қою. Екінші жағына баланың суретін.Балалар керекті заттарды таңдап,арғы жағындағы мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді қортындылай келе
хормен оқыту.

7.Сергіту сәті

8.Топпен жұмыс Флипчартқа ойларыңды түсіріңдер.
10 слайд

9. Қорытынды Мұғалімнің сұрақтары
Сонымен денің сау болу үшін не істеу керек? Адамның денсаулығы өзіне байланысты ма?
10.Денің сау болсын десең негізгі 3 ережені ұстаң.
12 слайд

Жұмбақ (мұғалім тақтадан оқып береді)

Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі

11. Үйге тапсырма
13 слайд

12.Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау 14 слайд


13.Бағалау
15 слайд

2 мин

2 мин

10 мин

2 мин

2 мин

1 мин

8 мин

2 мин

1 мин

2 мин

2 мин

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сабын,тіс тазалағыш,сүлгі

-Бұл заттарды күнделікті өмірде қолданамыз.Таза,деніміз мықты болу үшін.Сабынның қандай түрлерін білесіңдер?Сабынның қандай пайдасы бар?Зияны бар ма?Болса қандай?

Са ка
Та за
Щет бын
Сүл рақ
Та гі
Ай на

Берілген сөздермен сөйлем құрастырады
Сабынмен қол жуу керек.Дүкенде сүлгілер бар.Анам тарақпен шашымды тарады.

1.Жеке оқыңдар
2.Жұппен талқылап,бір-біріне түсіндіріңдер.
3.Топ ішінде ойларыңмен бөлісіңдер.

1.Мәтін кімдер туралы?
2. Асанға анасы неге жуынып,таза жүр деді?
3. Асан анасын тыңдады ма?
4.Анасы баласын қалай еркелетеді?Ал сендерді аналарын еркелете ме?
5.Ағайын-туыстары Асанды қалай атайды?

Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз-түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.
9 слайд

Оқушылар қимылмен көрсетеді.

Таңертең тұрамыз,
Қолымызды биікке созамыз.
Оңға,солға бұрыламыз,
Бет-қолымызды жуамыз
Мектепке барамыз

1 топ.Жуынып,таза жүрудің қандай пайдасы бар?
2 топ.Сымбатты болу үшін не істеу керек?
3 топ. Асанға мінездеме беріңдер.
4 топ. Өздеріңнің күн тәртіптеріңді жазыңдар
5 топ.Адам үшін басты байлық не?
11 слайд

Оқушылар іштен оқиды. 1Оқушы дауыстап оқиды.

1.Тұла бойыңды,ең болмағанда мойныңды,көкірегінді,арқаңды салқын сумен күніне 1 рет жуып тұр.Денеңді таза ұста.,жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
2.Шомылардың алдында жалаңаш отырма,терлейсің.Терлеген дене жылдам салқындайды,суық тез тиеді.
3.Ішкен-жеген сайын,ертеңді –кеш аузыңды тазалап шай.Аузыңды таза ұстасаң,
тіс ауруларының көбінен құтыласың.Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалауышпен жақсылап тазала.Тісіңді күнде жатарда тазала.Мәусегіңнің қылы тым қатты не өте
жұмсақ болмасын.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.Өмірмен байланыстырып әңгіме жүргізу.

Тәуелсіздікті қалай түсінесіңдер?Сурет салып келіңдер.

5 тен артық артық жинағандар «5»
3 тен артық фишка жинағандар «4»
1-2 фишка жинаған «3» Тәрбие.орг сайтынан Аппак бала Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кудайбергенова Самал Рамазановна

Кокшетау қаласы №18 Бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 233 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar