Астана бас қала

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 863
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 26/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22895


САБАҚ:
Астана көрікті қала Мектеп: "№ 10 орта мектебі "КММ
Күні: Мұғалімнің аты – жөні: Бердыгожаева Райгуль Токановна
Сынып:4 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары А.2 Белгілі мәтіннің басталуы бойынша жалғастырып сөйлеу
Ж.2 Мұғалімнің көмегімен оқыған аудиовизуалды материалдар бойынша мəтін жазу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады
«Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша берілген мәтінді жалғастырып сөйлейді.
« Астана көрікті қала» тақырыбына көрсетілген бейне материал бойынша мәтін жазады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
« Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша сұрақ құрастырады.
« Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша шығарма жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
« Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша сұхбатқа түседі.
Мәтін мазмұны бойынша теріс сұрақ қойып, ойын саралайды, басқалардың жауабын бағалайды
Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
мәтінді жалғастырып сөйлейді, мәтін жазады, сұхбатқа түседі, ойын саралайды, бағалайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Астана, әдемі, әсем, көрікті, бәйтерек
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
әдемі қала, әдемі жерлер, Есіл өзені, бәйтерек нысаны, келісім сарайы, мұражайлар, театрлар.
Ишара:
Дескрипторлар 1. Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша берілген мәтінді жалғастырып сөйлейді, мазмұндайды
2.« Астана көрікті қала» тақырыбына көрсетілген бейне көрініс бойынша мәтін жазады.
3.« Астана көрікті қала» тақырыбы бойынша көрсетілген бейне көрініс арқылы сұхбатқа түседі
4. Мәтін мазмұны бойынша теріс сұрақ қойып, ойын саралайды, басқалардың жауабын бағалайды
Талқылауға арналған сұрақтар:
Астана қандай қала?
Астанада қандай өзен бар?
Астананың басты нысаны не?
Астанада қандай көрікті жерлер бар?
Ишара:
Алдыңғы оқу
Слайд көрсету арқылы
Оқушыларды топқа бөлу.«Бәйтерек» суретін алған оқушылар «Бәйтерек»тобына,«Хан шатыр» суретін алған оқушылар «Хан-шатыр»тобына, «Алтын адам»суретін алған оқушылар «Алтын адам»тобына біріктіріледі.
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар Бағалау

Сабақтың басы
15 мин

Сергіту сәті
3 минут 1-тапсырма. С
Мәтінді жалғастырып сөйлейді және мазмұндайды « Көз жүгіртіп оқу» әдісі
Астана қаласы
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында төрт .... Бірінші астанасы – ..... қаласы, екінші астанасы – .... қаласы, үшінші астанасы – ...... қаласы, төртінші астанасы – Астана қаласы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астана қаласы ..... жағасында орналасқан. Астанада ....., «Думан» ойын-сауық кешені, «Хан Шатыр» ойын-сауық кешені, ......., Астана опера, ......, кітапханалар, ...., көп ..... үйлер мен ғимараттар бар. Қала тұрғындарының саны .....адам. Астана - ...., .......қаласы.
2-тапсырма. Ж
« Сипаттау мәтіні» көрсетілген бейне көрініс бойынша мәтін жазады
Бағалау критерилері:
1. Ойды жеткізу
2. 5-8 сөйлемдерден құралады
3. Сөздер бірі –бірімен мағанасы жағынан байланысып тұру керек.








Оқушылар бір-бірін тексереді (дұрыс үлгісі тақтада көрсетіледі)
Бағалау критериі «5»-қатесі жоқ,
«4»-1-2қате,
«3»-3-4 қате

Бағалау критериі «5»-қатесі жоқ,
«4»-1-2қате,
«3»-3-4 қате

Сабақтың ортасы
22 минут 3- тапсырма. Т Ж
« Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы« Астана көрікті қала» тақырыбындағы бейне көрініс бойынша сұхбатқа түседі.

4- тапсырма Т. ЖЖ
Мәтін мазмұны бойынша теріс сұрақ қойып, ойын саралайды, басқалардың жауабын бағалайды.
Астана қаласы.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында төрт астана болды. Бірінші астанасы – Орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы – Алматы қаласы, төртінші астанасы – Астана қаласы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Астана қаласы Есiл өзенiнiң жағасында орналасқан. Астанада Бәйтерек, «Думан» ойын-сауық кешені, «Хан Шатыр» ойын-сауық кешені, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Астана опера, мұражайлар, кітапханалар, театрлар, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Астана - үлкен, әдемі, жас қала.
Теріс сұрақ
Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының үш астанасы болды ма? Бірінші астанасы- Алматы ма? Астана нысаны Ханшатыр ма ?

5- тапсырма. \ кейбірі\
«Синквейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастырады. Астана сөзіне



Екі жұлдыз, бір тілек


«Бағдаршам» әдісі бойынша



Жасыл- өте жақсы
Сары -жақсы
Қызыл- орташа



Жасыл- өте жақсы
Сары -жақсы
Қызыл- орташа

Сабақтың соңы
5 минут
«БББ кестесі»
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?


Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Оқушылардың деңгейіне қарай стратегияларды қолдандым. « Шиыршық әдісі» арқылы түрлендірем
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Екі жұлдыз, бір тілек, бағалау критериі Пəнаралық байланыс – Өзін-өзі тану,АКТ-мен байланыс.
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?
Сабақ мақсаты мен міндеттерім орындалды деп ойлаймын.

Бүгін сабақта оқушылар Астана туралы білімдерін толықтырды.
Сабақ жақсы өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды.
Берілген тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес келді, саралауым іске асты.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Ешқандай өзгерістер енгізген жоқпын.

Қорытынды бағалау Тәрбие.орг сайтынан Астана бас қала Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердыгожаева Райгуль Токановна

ШҚО Риддер қаласы "№ 10 орта мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті

Пікірлер: 0

avatar