Астана -символы "Бәйтерек"

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 610
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20507


Сабақ жоспары
Сабақ
Тақырып:
Бөлімі
«Менің Отаным»
Астана символы- «Бәйтерек»
Күні 29.11.16 Мұғалімнің аты-жөні: Рымхан Назигул

Сынып 4 Қатысып отырғандары:
Келмегендер саны:
Осы сабаққа арналған оқу мақсаты А . 4.2.1.1 əңгімені өрбіту үшін қажетті сөздерді қолдану
Т.4.1.3.1 мəтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру жəне түйінді тұстарын анықтау
О. 3 4.3.2.1 бейтаныс сөздер кездесетін шағын мəтіннің түйінді тұсын түсіну
Ж.4.4.3.1 шағын мəтін құрастыруда сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
Тілдік мақсат: 4.5.1.3 сөйлеу барысында түрлі қимыл-əрекетті білдіретін сөздерді (есімше, көсемше, рай) қолдану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады:
1сюжетті сурет бойынша атай алады.
2.Көрнекі құралдар арқылы тапсырмаларды орындай алады
3. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап бере алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
1.Сурет бойынша бір сөзбен сұраққа жауап бере алады.
2.Мынау кім? мынау не? сұрақтарына жауап бере алады, сөз мағынасын түсінеді
3.Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын, сөздік арқылы түсіне алады
Кейбір оқушылар істей алады:
1.Мәтін бойынша сөз тіркесін,қысқа сөйлемдер құрастыра алады
2. Астана символы- «Бәйтерек» мағынасын түсінеді, атай алады
3.Үнсіз сипаттап, бере алады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындай алады .
Астана символы- «Бәйтерек» туралы өз ойларын атай алады\сөйлемді толықтыра алады

Алдыңғы оқу бейбітшілік\келісім\сарайы\ұқсайды\қайшы\желім\қағаз
Негізгі сөздер мен фразалар: ғимарат\салынды\сәулетші\жобалаған\ұқсайды\биіктігі\алтын шар\ тірек,таяныш\елестетіп\әлем\ағашы\нышан\жетекшісі
Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар
Мынау не? Ол қандай? Мынау кім?
Самұрық құс не?
Жобаның жетекшісі кім білесіңдер?
Сәулетшісі кім?
Нышан қай жылы салынған?
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспарланатын жұмыс (өз тапсырмаларыңызды жазыңыз)
Ресурстар

Басы
( 5-мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу
Жаңа сабақ
Видео бейне Астана символы- «Бәйтерек» туралы
Сюжетті суреттерді атай алады. Мысалы: сәулетші \монумент \ «Аялы алақан» композициясы туралы
\салынғаны туралы айтып бере

Видео бейне

Тақырыптық суреттер

12-минут

Ортасы (30 мин)

2-минут

3-минут

7-минут

Соңы 15- минут

Қосымша ақпарат
10-минут
Рефлексия 5- мин 2.Қатесіз, таза, тақтадан көшіріп жазу (жалпы оқушылар)
Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның-
Мақтанышым-Астанам.

3. Жаңа сөздермен жұмыс.
Сөздерді қайталау
ғимарат\салынды\сәулетші\жобалаған\ұқсайды\биіктігі\алтын шар\ тірек,таяныш\елестетіп\әлем\ағашы\нышан\жетекшісі

Мәтінмен жұмыс
Астана символы- «Бәйтерек»
Бұл ғимарат «Астана -Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана- Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. «Астана-Бәйтерек» Қазақстан жобасының жетекші авторы Ақмырза Рүстембеков. Сәулетшісі –Норман Фостер. «Астана- Бәйтеректің» биіктігі-97 метр. Мынау «Аялы алақан» композициясы. «Астана- Бәйтерек» монументі-биік және әдемі ғимарат. «Астана- Бәйтерек» -Астана нышаны (символы).

Тапсырма
1. Мұғалімнің көмегімен мәтін оқушыларға оқытылады.
а)мұғалім жаңа сөздерді оқиды ,балалар тізбектеп
қайталайды
ә) Сұрақтарға жауап береді
1. Сен қайда тұрасың?
2.Сен елордада болдың ба?
3.Бәйтерек монументін көрдің бе?
4.Бәйтеректі қандай нышан дейді?
5.Бәйтеректің биіктігі неше метр?
6.Басында неше тоннналық шар бар?
7.Жобасының жетекші авторы кім?
8. Сәулетшісі кім?
5.Сергіту сәті
«Қос қарлығаш»
Кластер құру
Алтын шар нышаны ең биік ағаш

монумент «Астана -Бәйтерек» биіктігі 97м
елдің мақтанышы 2006 жылы
тірек, таяныш сәулетшісі «Аялы алақан»


7.Бекіту.Табиғи әдіс ТКО
Кімде Бәйтеректің суреті бар?
Кімде Аялы алақанның суреті бар?
Кімде алып теректің суреті бар?
Кімде самұрық құстың суреті бар?
Кімде айдаһардың суреті бар?
Ымшара арқылы тақырыптық жаңа сөздерді топтарға кезектесіп, түсіндіріп, үнсіз іс-қимыл арқылы жеткізу
А . 4.2.1.1 əңгімені өрбіту үшін қажетті сөздерді қолдану

.
Ойлау деңгейлері Бағалау критерийлері
Білу және түсіну Оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді
Қолдану Мұғалімнің көмегімен қажетті сөздерді дұрыс қолдана отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкестіре алады ,кейіпкерлерді айтып береді

Бағалау критерийлері Дескрипторлар
Оқылған мәтіннің мазмұнын түсінеді - Мәтіннің мағынасын түсінеді, сөздерді аудара алады
Мұғалімнің көмегімен қажетті сөздерді дұрыс қолдана отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкестіре алады ,кейіпкерлерді айтып береді - Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді,жаңа сөздерді анықтай алады,сөйлемді толықтыра алады
Үйге тапсырма: 58 пар\5-тапсырма диалог құру, жаңа сөздерді қайталап, сөз тіркесін құрау. «Пазл»ТҚҮ
1. «Бәйтерек» күрделірек мәтінді сәйкестендіру (топтағы оқушылар мен бірлесіп орындау)

Өзін өзі бағалау
Сабақта не білдік?, қай топ белсенді болды ? сұрақтар қоя отырып, жауап бергізу(Топпен)
Сабақтың қай аспектісі оқыту мен оқу барысында жақсы өтті?
Оқыту мен оқу барысында қай екі әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?
Сабақ барысында мен сынып туралы және жекелеген оқушы туралы не білдім? Келесі сабаққа дайындалуға маған осы ақпараттар қандай көмек көрсетеді?

тапсырмалар

сызба

Карточкалар

Үлестірмелі материал

Смайликтер тарату

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пікір: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Рымхан Назигул
Санаты жоғары, еңбек өтілі 20 жыл
Ашық сабақ 4-сынып
Тақырыбы: Астана символы -«Бәйтерек»
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің онкүндігінің қарсаңында өткізілді.

Сабаққа әріптестер пікірі:
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектептің директоры Буряк Карлыгаш Маратовна Мұғалімнің көмегімен қажетті сөздерді дұрыс қолдана отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сәйкестіре алады.
Мәтіннің мағынасын түсінеді, сөздерді аудара алады. Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді анықтай алады. Сабақ жаңарту бағдарламасы бойынша өтті. Жас мұғалімдерге сабаққа көбірек қатысуларын сұраймын. Себебі осындай сабақтар арқылы бағдарламаны тез тиімді меңгеруге болады. Тәуелсіздіктіде байланыстырды, пәнаралық байаныс бар, ресурстарды тақырыпқа сай таңдаған, мақсаты анық, сабақ мақсатына жетті.

Педагог –психолог Поляковская Елена Ивановна сабақ оқушыларға қызықты, ыңғайлы болды. Үлгерімі нашар оқушылар сабаққа белсене қатысты. Мұғалім әр сабақта барлық оқушымен жұмыс істейтіні көрініп тұр. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім бағыт-бағдар бере білді.

Бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекшісі, сыныптың Глушко Светлана Михайловна оқушыларыма қазақ тілі ұнайды. Сабаққа ынталы қатысады. Екі жыл жарым уақытта жақсы табысқа жетті оқушылар. Биыл «Жаңарту бағдарламасы мен сабақтарын байланыстырып, оқушылар топпен тапсырма орындауды жақсы меңгерді. Маған сабақтары ұнайды.

Педагог –психолог: Поляковская Елена Ивановна
Бастауыш сынып мұғалімі: Глушко Светлана Михайловна
Мектеп директоры: Буряк Карлыгаш Маратовна Тәрбие.орг сайтынан Астана -символы "Бәйтерек" Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рымхан Назигул

"Атбасар ауданының білім бөлімінің Борисовка орта мектебі" КММ қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar