Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 347
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19947


Пәні: Қазақ тілі Мектеп: №114 «Сайрам» ЖОМ
Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова Д. С
СЫНЫП: 9-сынып Қатысқан оқушылар саны: 13 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері
« Жастар мәдениеті. Қоғам және ғаламтор »
Оқу мақсаттары : О6 Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау.
Т1 Назарын шоғырландырып тыңдау.
О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу.
Т3 Мәтіндегі мәліметтерді түсіну және болжау .
Сабақ мақсаты: • Мәтінде берілген ақпарат бойынша өз көзқарастарын басқалардың көзқарастарымен салыстыра алады;
• Тақырып бойынша өз пікірлерін басқа пікірлермен cалыстыра келе келісетінін немесе келіспейтінін дәлелді түрде жеткізетіндей диалог құра алады және бүгінгі күнмен салыстырады.
• Әңгіменің негізгі бөлімдерін түсінеді және оның дамуын (оқиғаның өрбуін) болжайды.
• Қосымша ақпарат көздерінен алынған орта көлемді мәтіндерден (оқулық, газет, журнал, ғаламтор материалы) керекті мәліметті алады.
Тілдік мақсат: Сөздерді анық айту, сөз мағынасын түсіну. Сөздік қорын байыту
Кілт сөздер: мәдениет, қоғам, ғаламтор, т.б.
Алдыңғы оқу:
7 минут Білу: Алдыңғы өткен «Жастар денсаулығына төнген қауіп және қазіргі заманғы індеттер» тақырыбын 6 қалпақ әдісі арқылы қорытындылау .
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт есебі Жоспардың қызмет түрлері Ақпарат көздері
Басы
6 минут
Миға шабуыл. «Стиль» және «Мәдениет» тақырыбына байланысты бейнеролик көрсету. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Қызығушылықты ояту. Топқа біріктіру: жастар мәдениеті, жастар және қоғам, жастар және ғаламтор. Аудиотаспа,
Қима қағаздар
Ортасы
Барлығы: 18 минут

Түсіну: Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері туралы түсінік беріп өтемін.

Қолдану: «Әдеби шеңбер» әдісі (ТЖ)
1.Топтарға 3 түрлі мәтін таратылады. Мәтінді оқып топта талқылайды. «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы оқушылар рөлге бөлінеді, ойларын дәлелдейді.
1. Талқы себепшісі – ақпарат бойынша 5 сұрақ құрастырады (мазмұны, сюжет, автор позициясы, т.б. бойынша).
2. Белгілеуші – ақпараттың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.
3. Байланыстырушы – өмірмен байланыстысын табады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – ақпараттағы көтерген мәселені қорытындылайды

Ф Оқушылар бірін-бірі бағалайды БББ стратегиясы арқылы оқушылар қосымша дәптеріне түртіп отырады.

таратпа материалдар
Таныс емес сөздер мен фразаларды қарау үшін анықтамалық материалдар

Соңы
7 минут Талдау: ЖЖ
1. «Стикердегі диалог» әдісі арқылы оқушылар стикерде берілген қоғамдағы өзекті мәселелерге «Келісемін», «Келіспеймін», «Маған түсініксіз» дей отырып жауап жазып өз ойларын дәлелдейді.
Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.
Ф Мұғалім бақылау жасап, қадағалайды. Стикер
Кері байланыс.
5 минут Жинақтау: «Сөз соңында менің айтарым» стратегиясы арқылы оқушылар шеңбер болып тұрып Менің ойымша, керісінше, мүмкін болса, дегенмен, алайда, егер де мен тірек сөздерін қатыстыра отырып бүгінгі сабаққа байланысты өз пікірлерін айтады.
Рефлексия.
2 минут Бағалау:
«Өзін-өзі бағалау »
рефлексиясы
Таратпа материал Тәрбие.орг сайтынан Ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктері Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахимова Дилобар Сайдиганиевна

ОҚО Шымкент қаласы №114 "Сайрам" жалпы орта мектебі Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar