Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ биі «Ұлытау»
  • 09.02.2017
  • 44 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21631

Шахтинск қаласы
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Салимжанова Диана Саидовна
1.Қазақ биі «Ұлытау»
2.ФАНФАРЫ
1 жүргізуші : Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тұңғыш Президент күніне, Қазақстан Республикасының 25 жылдығына және Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!
1 жүргізуші: Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам–Қазақстан!
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2 жүргізуші:
Приветствуем тебя, Наш солнечный,
Наш гордый Казахстан!
Наша любовь, Наша Отчизна,
Наш край родной, Наша земля, Наш дом родной!

Наша страна, где солнце всходит,
Где президент с народом за одно,
Где жизнь страны, народа, президента,
Цветет под солнцем золотым!!!

( 3.ФОН.Күй.Сарыарқа)

1-жүргізуші: Құттықтау сөз Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің директоры Есмағамбетов Арарат Мылтықбаевичке беріледі
4. Кәртай Азиза. Ән «Күнге табыну»
1 жүргізуші: 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының етегіндегі Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келеді.Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.Оның аты Нұрсұлтан болсын»
2 жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
5. Унгарбаев Алиби .Күй
1 жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
2 жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
6. Гульнур,Бексултан,Мухтар,Гульдана,Айзада. Ән «Мәңгілік ел»
1-жүргізуші:
Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
7. Оқушылардың тақпақтары.ФОН.Күй
8. Қазақ биі 7 в қыздары
1 жүргізуші: .Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел еңсесі бүгін биік.
Астана – ақ ордасы қазағымның,
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Астана – Отанымның тірегісің,
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.
Алматыдай гүлденіп өсе берші,
Елімнің жас қыраны, түлегісің.
Астана- алтын қала, асыл ұғым,
Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның.
Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың
Дәуірден дәуірлерге асыр үнін

2.Юный город наш – Астана!
Дивный город, чудесный город!
Ты растешь не по дням – по часам,
Хоть по возрасту очень молод.
Астана! Красота новых улиц, дворцов.
Астана! Небывалая смелость творцов.
Город мира и сердце страны.
Волны, мягко касаясь гранита,
Берегам словно шепчут в воде:
«Астана красотой знаменита, Не найти нам подобной нигде!»

9. Алуа.Ән «Астана»

1 жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
2 жүргізуші Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
10. «Шаттық» би тобы.Өзбек биі
11.Айзада. Ән Алтын бесігім
1 жүргізуші:«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
12. 7в сыныбы. Орыс биі
2 жүргізуші
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
13. «Мирас» тобы. «Алаш ұлдары»
14. Атамекен әні ( хор )
1-жүргізуші:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар –деп Төле би бабамыздың сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
2 жүргізуші
«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Қазақ биі «Ұлытау» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салимжанова Диана Саидовна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Қазақ, «Ұлытау», биі, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 44 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar