Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
  • 11.01.2017
  • 34 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20921

М. Тынышпаев атындағы Қазақ
көлік және коммуникациялар
академиясының Ақмола колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Джаулбаева Әсия Алмағамбетқызы

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Мақсатым:Студенттерге әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
Өзектілігі: Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси — әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу — негізгі міндеттердің бірі.
«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Студент әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – студенттің өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын студент қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Студенттегі осы сезімді ояту – оқытушының қолында, яғни, студентке әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
1. Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
2. Оның ұлттық қазына екендігі;
3. Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
4. Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
5. Студент тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
Бұл жерде міндетті түрде студенттердің пән бойынша іскерліктерін танытатын, жалпы іскерліктерін дамытатын шығармашылық әрекет қажет. Әдістеме аппаратының басты функциясы – көркем шығарманы қабылдатуға үйрету болғандықтан студент пен оқытушы арасында жүйелі байланыс орнығуы керек.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Студентті көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек.
Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:
1) Көркем мәтіндегі жазушы ойын оқытушы көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) Таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) Іштен оқу немесе өздік оқу. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) Рөлге бөліп оқу. Имитациялық сабақ түрі туралы айту. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) Хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) Ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген студент ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) Жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол — ол студенттің жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Студенттермен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Студенттер көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін.
Жұмыс нәтижелерін назарларыңызға ұсынамын

Дискілерді және видеоны көрсету Тәрбие.орг сайтынан ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Джаулбаева Әсия Алмағамбетқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: сабағында, жолдары, КӨРКЕМ, ОҚЫТУДЫҢ, әдебиеті, ШЫҒАРМАНЫ, Қазақ, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 34 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar