Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияны қолдану

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 787
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 24/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18119


Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында
инновациялық технологияны қолдану
Балгабекова Г.Т.« №11 негізгі орта
мектебі» КММ, Қарағанды қаласы

Қазіргі қоғамда мұғалімнің алдына қойған мақсаты оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, оның сапасына ерекше көңіл бөлу керек. Осыған байланысты мұғалім әр түрлі технологияда және жобалауда өз жұмысын жоғарлатады. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында ақпараттық технологияны қолдану оқушыға көп септігін тигізеді, соның ішінде жеке және топтық жұмыста баланың қызығушылығы артады, шығармашылық жұмысына көмек және өзіне керекті ақпараттың бәрін ала алады. Қазақ тілі мен әдебиет кабинеттері жаңа технологиялармен жабдықталған болса, балалардың мотивациялары жоғарылап, тілге деген қызығушылықтары арта түседі. Бала көп білгісі келетінін сезеді. Ол жақсы жұмыс істеу барысында әрі қарай не болады екен деп қызыға түседі. Пәнге деген қызығушылығы арта түседі. Жаңа материалды оқушы компьютермен орындау немесе тыңдау барысында жақсы қабылдайды. Әр мұғалім өз сабағын қазіргі заманның талабына сай тартымды өткізетіні анық. Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиет сабақтары мектептерде қазіргі заманға сай инновациялық технологиялармен өтуіне ерекше көңіл бөлемін. Компьютерді сабақта әр түрлі жағдайларда қолданамын: сабақ бекіткенде, жаңа сабақта, бақылауда, қайталауда. Сонымен қатар оқушы әр түрлі жұмысты мұғаліммен қоса ойын түрінде де компьютердің көмегімен тапсырманы орындайды.
Презентация сабақтар қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына жиі қолданса тиімді болады.Сондай бағдарламалардың біріне PowerPoint бағдарламасы жатады. Бұл бағдарламада оқушыларға және мұғалімдерге арналған әр түрлі презентациялар бар, онда сыныптан тыс жұмыстармен қатар, әр түрлі сабақ түрлерін құрастырып шығаруға болады. Бұл әдіс проекторлар арқылы жүзеге асады.
Презентациялар мұғалімнің не айтқысы келіп тұрғанын жақсы көрсетеді. Презентацияларды құрастыруда мұғалім және оқушы ғылыми-зерттеу жұмыстарды және жоба жұмыстарын орындауда топтық және жұптық жұмыстарға көп көмегін көрсетеді.
Презентация жұмыстарын сабақтарда қолдану арқылы оқушыларға видеофильмдер, көркем фильмдерден үзінді және тағы басқаларды көрсетуге болады.
Презентация арқылы сабақты түсіндіру уақытқа өте тиімді. Бұл сабақтың түрін әр кезде қолдануға болады.
Осындай сабақтар өткізген кезде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері ерекше дами түседі.
Презентация арқылы оқушы көпшіліктің алдында еркін сөйлейде алады.
Оқушы компьютермен жұмыс істегенде, әрі өз жұмысының нәтижесін көргенде ол өз-өзіне жақсы баға бере алады.
PowerPoint бағдарламасы суреттер салуға, портрет жасауға, диограмма жасауға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электронды оқулықтарды қолдануға болады.
Мұндай оқулықтар әрқашан мына жағдайларды шешуге көмектеседі:
1.Пән бойынша базалық білімдерін дамытуға;
2.Білімдерін қалыптастыруға;
3.Пәнді оқуда мотивацияларын дамытуға.
Кейінгі уақытта интернет арқылы оқу процестері байқалып жүр.Пәндер бойынша осы салада саны көбеюде.
Оқу процесінде интернеттің пайдасы зор. Оқушылар өз бетімен баяндамалар, рефераттар, жоба жұмыстарын құрай алады.
Интернет арқылы оқушылар әр-түрлі олимпиадаларға қатысуына болады.
Осы интернетті қолдану арқылы әдебиет сабақтарын дәстүрлі емес жаңа бағытта тартымды да, қызықты етіп өткізуге болады.
Ақпаратты технологиялар оқу процесінде оқушының әзіндік жұмыс жасауына және оқуға деген ынтасының жоғарлауына себебін тигізеді.
Осындай жаңа бағытта өтетін сабақ түрлері оқушының одан әрі дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне көп ықпал етеді. Мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденіс жұмыстары дамиды.

Әдебиеттер тізімі:
1.Мұғалім 2007 ж. №5
2.Ұлттық білім 2001 ж. №1бет 39-40
3.Ұлттық білім 2009 ж. №8 бет 67-72 Тәрбие.орг сайтынан Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияны қолдану Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Балгабекова Г.Т

Пікірлер: 0

avatar