Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 944
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18434


Қазақ әдебиеті 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»
Жалпы мақсат Б.Бұлқышев өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат білу және шығарманың мазмұнын түсіну.Тақырыбы мен идеясын ашу.
Күтілетін нәтиже:
Тақырыпты жете түсінеді, жаңа білімді өз бетінше меңгереді. Шығарманың мазмұнын түсінеді. Ерлікті құрметтеуге үйренеді. Тақырып көлемінде еркін сөйлей алады. Қорытынды жасай алады.
Негізгі идея Сынып оқушыларының топтық тапсырмаларды өз бетінше орындауын бақылау
Ресурстар «Әдебиет» оқулығы, 7кл. Алматы»Атамұра» 2012
«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс әрекеттері
Сабақтың кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
-ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
-Топқа бөлу. «Шаттық шеңберін» ұйымдастырады.
«Өзіме не тілесем, өзгеге де соны тілеймін» тренингі
- Конверт пен қалам суреттері арқылы екі топқа бөледі Бір-біріне тілек айтады.
Топқа бөлінеді.
Орындарына жайғасады
ІІ. Қызығушылығын ояту Ой қозғау. Ұлы Отан соғысы туралы видеокөрсетілім көрсетіледі. 1мин
«Фильм оқиғасы қай тарихи кезеңді суреттейді?», «Өздерің оқыған әңгімемен байланысы бар ма?», «Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр ағалар туралы не білеміз?» деген сұрақтар қояды.
Бейнекөрсетілім бойынша ауызша пікір айтады.
Жеке жауап береді.
ІІІ. Мағынаны тану 1/Оқулықтың 185-бетінде жазушының өмірі мен шығармашылығын оқып,
кестені толтыру:
2/«Шығыс ұлына хат» шығармасын
4 жұпқа бөліп береді. 18 мин

3/Деңгейлік .8 мин.
С.Үзіндіден басқа тілден енген сөздерді тауып жазыңдар
В Отан, туған жер туралы 7 мақал- мәтел жазу, мағынасын түсіндіру
А. «Тәуелсіз Қазақстан ұланының атынан» тақырыбында соғыс ардагерлеріне хат дайындайды. 1/Жеке жұмыс жасайды:
Автордың өмірімен танысады, кестені толтырады.
2/Жұптық. Топтық. Оқып, өзара талдайды да, басқа жұптарға барып түсіндіреді. Осылайша шығарма мазмұны меңгертіледі.
3/ Деңгейлік тапсырманы орындайды. Жауап береді.
ІУ. Ой толғаныс 1/«Хат» сөзіне «Бес жолды өлең» 2 мин.

2/ «Қазіргі кезеңде ерлік жасауға бола ма?» 1/хат
Жедел, ашық
Қуантады, хабарлайды, амандық білдіреді
Қалам алып, хат жаздым
Хабар
2/ Топтар сұрақа жауап береді
У. Үйге тапсырма беру «Тәуелсіз елдің батырлары» тақырыбына мәліметтер, суреттер жинау, буклет жасау. 1 мин.
Күнделіктеріне жазады
УІ. Бағалау формативті бағалау
Топ басшысының бағалауы

УІ. Кері байланыс «Сабақ түсінікті болды ма?» 1мин. «Бағдаршам» түстерінің бірін көрсетеді Тәрбие.орг сайтынан Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ныгманова Шолпан Ельтаевна

Пікірлер: 0

avatar