Әбділдә Тәжібаев "ТОЛАҒАЙ"

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 746
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 10/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19200


Сабақ жоспары
Күні:
Сыныбы: 5 "А"
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Әбділдә Тәжібаев «Толағай».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Jқушыларға ертегі түрі - әдеби ертегі туралы, Әбділдә Тәжібаевтың өмір жолы және "Толағай" ертегісі жөнінде түсінік беру. "Толағай" ертегісінің әдеби ертегі түріне жататындығын меңгерту.
Коррекциялық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару, пәнге деген қызығушылықтарын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ер жүректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгендеу;
б) зейіндерін пәнге аудару.
ІІ. Жаңа материалға даярлық:
- Балалар, бүгін біз Ә. Тәжібаевтың өмір жолымен және әдеби ертегі түріне жататын "Толағай" ертегісімен, ертегідегі Толағайдың елі, жері үшін жасаған ерлігімен таныс боламыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Әдебиет нешеге бөлінеді?
1) ауызша
2) жазбаша
Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар!
1. Тұрмыс - салт жырлары
2. Мақал - мәтелдер
3. Жұмбақтар
4. Жаңылтпаштар
5. Ертегілер
6. Батырлар жырлары
7. Ғашықтық жырлар
8. Айтыс өлеңдері
9. Аңыз әңгімелер
Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген аңыз әңгімелердің негізінде туады. Әдеби ертегілер еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуды уағыздайды.
Мысалға Әбділдә Тәжібаевтың "Толағайы" әдеби ертегісіне жатады. Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.
Әдеби ертегі авторы Ә. Тәжібаев өмірі, шығармашылығы:
• 1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
• 1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.
• Ә. Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
• Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген.
• 50 шақты кітаптың авторы.
• «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған
• «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
• Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.
• Әбділдә Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" дастандары, балалар тақырыбында да қалам тартты.
«Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыту.
ІV. Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:
*Сөздікпен жұмыс
Отыз күндік мереке - қазақта үлкен ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. "Отыз күн ойын, қырық күн тойы" деген сөз содан қалған.
Жай оты - найзағай
сұсы басты - айбатынан сескенді
еткен еңбек ұшты желге - пайдасы болмады, зая кетті
Егілмеген - жыламаған
*Хронологиялық кестемен жұмыс (өмір жолы бойынша тапсырма)
1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген
1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.
1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған
1933жылы тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрген.
50 шақты кітаптың авторы.
*"Толағай" ертегісінен теңеулерді тауып, теріп жазыңдар.
ақ маралдай, айменен тең, жандай, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, Аждаһадай, анасындай.
* Поэманы сатылай кешенді талдау
кім?
1. авторы
2. тақырыбы
3. жанр түрі
4. идеясы -
5. құрылысы:
а) шумақ -
ә) тармақ -
б) бунақ -
в) буын -
г) ұйқас -
6. Көркемдік ерекшелігі:
1) эпитет -
2) метафора -
3) риторикалық сұрақ -
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:(қима - қағаздардағы сұрақтар)
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
3. Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша мазмұндап бер.
4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.
5. Ертегінің қысқа мазмұн - жоспарын құр.
6. Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта. (Дүниеге ерекше болып келуі, мінез - құлқы, ерлік істері, ел есінде қалуы).
7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
8. Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр!
Венн диаграммасы
Керқұла атты Кендебай - Толағай

Қорытынды: Сонымен балалар, Толағай - халық арманынан туған кейіпкер екен. Ертегі идеясы - ел үшін, отан үшін сондай ерлер туса екен деген тілек, ниет. Толағайдың тауды көтеруі мүмкін бе? - жоқ, әрине,
- Сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма, балалар?
- иә.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру:
Ә. Тәжібаевтың өмір жолы мен Толағай ертегісін оқып, мазмұндау.
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Әбділдә Тәжібаев "ТОЛАҒАЙ" Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Буркитбаева Гульмира Анасовна

Павлодар облысы "Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты"ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar