Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Білгірлер үйіне барар жол"
  • 11.02.2016
  • 429 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16091

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (42.0Kb)

Ашық сабақ тақырыбы: «Білгірлер үйіне барар жол»
Сыныбы: 3 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен материалдар бойынша алған білімдерін пысықтау, өткен тақырыптарды еске түсіру, меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету, бар білімдерін жүйелі түрде көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық: топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындауға дағдыландыру, мәтіндерді нормаға сай оқуға жаттықтыру, ауызша-жазбаша сөздік қорларын дамыту, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауды дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұжым алдында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: ойын сабақ (саяхат- сабақ).
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, индукция-дедукция, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекіліктері: сызба, кеспелер, дайын мәтіндер, жеміс-жидектер, көкөністер, асықтар, АКТ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
б) тіл дамыту.
Балалар, «Білгірлер үйіне» жету үшін бірнеше аялдамаларға тоқталамыз. Әр аялдаманың тапсырмалары бар. Тапсырмаларды орындасақ, мәреге жетеміз.Ал енді интербелсенді тақтағ қараймыз, біз мынадай аялдамаларға тоқталамыз:

1. «Әріптер мен дыбыстар» аялдамасы
2. «Менің отбасым» аялдамасы.
3. «Жыл мезгілдері» аялдамасы.
4. «Жануарлар әлемінде» аялдамасы
5. «Білгірлер үйі»

1-ші аялдама. «Әріптер мен дыбыстар»
Тапсырмалар:
1. Тапсырма.
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- Оның нешеуі тек қазақ тіліне ғана тән?
- Атап шық.
2. Тапсырма.
Қоржынның ішінде 9 асық бар. Ал, кәне, біреуін алып шығайық. Қай әріп немесе дыбыс шықса, сол дыбыс жөнінде сөйлеулерін қажет. Салыстыру:
- айтылуын;
- жазылуын;
- мысал
2. Тапсырма.
Сөздік диктант.
Ти...н, д...рі, т...лкі, ж...лдыз, с...здік, өшірг...ш, тор...ай, қо...ыз, ша...сорғыш, Қа...арман.

2-ші аялдама. «Менің отбасым»
1. Тапсырма.
- Өзің туралы айт;
- Отбасың туралы айт;
- Орысшаға аудар

Атам диванда жатыр. Әжем орындықта отыр. Інім доппен ойнап жүр. Әкем сөйлеп тұр.

Бұл – Аня. Аняның сары көйлегі бар. Басында ақ шарф. Қолында қызыл сөмке. Аня - әдемі қыз.

3-ші аялдама. «Жыл мезгілдері»
1. тапсырма. Кестені толтыр.
Күз Қыс Көктем
Айлары
Ауа райы
Мерекелері

2. Тапсырма.
Көкөністерді жемістерден бөлек айырып алу.

4-ші аялдама. «Жануарлар әлемінде»
1. тапсырма.
Жануарлар-Төлдер
2. Тапсырма.
Үй құстары – Жабайы құстар
3. Тапсырма.
Мәтінді оқу, түсіну.

Мәтін: «Достар»

Ертеде аю, қасқыр, түлкі, қоян және тышқан дос болыпты. Жазда аю бал жинайды. Қоян сәбіз жинайды. Ал түлкі мен қасқыр көп ойнайды екен. Тышқан аю мен қоянға тамақ дайындайды. Бір күні аю ашуланып, қасқыр мен түлкіні қуып жібереді. Содан бері аю, қоян және тышқан тату болып, бір үйде тұрады екен.
Қорыту. Бағалау.
1. Балалар, ал біз міне мәреге де жеттік. Мәреге жеткен себебіміз - сендердің білімдерің. Егер де біз білімді, ұқыпты бала болмасақ, біз мәреге жетпес едік. Осылай биік шыңдардан көріне беріңдер!
«Андреевка орта мектебі» КММ

Ашық сабақ
«Білгірлер үйіне барар жол»


Өткізген: Ш.С. Оразбаева
Сыныбы: 3

2015 - 2016 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан "Білгірлер үйіне барар жол" Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразбаева Шнар Серікжанқызы

СҚО Ғабит Мүсірепов ауданы Андреевка орта мектебі қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 429 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar