БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 189
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21000


3-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың жыл бойы алған
білімдерін тиянақтай түсу, сөз таптары, сөйлем
мүшелерін, сөйлемдегі сөздердің байланысы
туралы алған білімдерін жалпылау.
ә) тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие
беру, табиғат – ананы, ондағы өсімдіктер дүниесі,
құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін
тәрбиелеу
б) дамытушылық: қазақ тілінің байлығы арқылы
оқушылардың тілін дамыту, сауатты көркем жазу
дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың типі: жалпылау және қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес – экологиялық ертегі
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайттар жеке оқушылармен
жұмыс істеуге арналған үлестірмелер
Сабақтың әдісі: Кестемен, суретпен жұмыс, өздік жұмысы, талдау әдісі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, біз бүгін қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес экологиялық ертегі сабағын өтеміз. Жыл бойы өтілгенкдерді қайталаймыз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар. Иә, иә.
- олай болса мені жақсылап тыңдаңдар.
Ерте – ертеде – ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30 – ында бұғанасы бекіп, 4- та кемеліне келіпті, 50 – ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
Енді не қыламын құрт ауыруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер деп күні түні зарлай береді. Оның дауысын естіп бір күні ақ көгершін ұшып келеді.
- Терек ата ауыруыңыз жаман екен. Мен дәргердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін, - деп ұша жөнеледі.
- Балалар көгершінмен бірге теректің ауырыуын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
1- тапсырма. Тірек сызбалар бойынша бір –бір сөйлем құрап жазу.
ЗАТ

аты

сыны
саны
қимылы


Біз дәргер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық. Енді көгершінмен бірге әрі аттанайық.
- Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де оған келіп болған жайды баяндайды. Терекке жақсылық жасай көр деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, - дейді. Сауысқанның уақыты жоқ болса, біз көмектесіп, мына тапсырманы орындап жіберейік.
2- тапсырма. 1) Сөйлемдерді оқы. Жылқы кісінеді. Ит үріді. Күн жылынды. Мұғалім кірді.
2) жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
3) сөйлем мүшелеріне талдау.
4) сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсету.
Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда қырғауылды кездестіреді. Оған да мән- жайды хабарлайды. Ол бірақ көгершіннің ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Қырғауыл үшін біз көмектесіп жіберейік.
3- тапсырма. «Көңілді санамақтар бойынша жұмыс».
Баласына ж2-ріп,
Ұрысып жатыр к2-лік
2леніп, с2-ріп,
«Алып қапсың 2-лік,
2-ншілей 2 –ңді,
Көрсетпе» деп ж2-ді.
Балалар, құстар екеш құстар да балалары жаман баға алса ренжиді екен ғой, сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан жақсы баға алу керек. Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған бұлбұлдың үнін естиді. Ол бұлбұлға да теректі емде дегенді айтады.
Кешір көгершін. Маған ренжіме, менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар түгілі адамдар жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра дейді. Кәні бұлбұлдың тілегін орындап тапсырма орындайық.
4- тапсырма. «Кім тапқыр» - деген ойын ойнайық.
Талдықорған, Қарағанды, Қостанай сөздерінен сөз құрастырыңдар.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да теректі емдей көр деп өтініш айтады. Сонда аққу: - мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз күйсіз жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп теректі емдеп қалар дейді. Аққу бізге де ақыл сөздер айтыпты. Енді соны орындап жіберейік.
5- тапсырма. Мына тыйым сөздерді оқы, етістікті тап. Оның қандай етістік екенін айт, сөз құрамына талда.
1) Аққуды атпа.
2) Құс ұясын бұзба, құмырысқа илеуін бұзба.
3) Көк шөпті жұлма.
4) Жалғыз ағашты шаппа.
Көгершін аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге терекке келіп құрт ауырыуын жазған екен.
Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар – тоқылдақ.
- Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады?
- Тоқылдақ орман дәргері.
Содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан шіруден сақтайды екен. Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер.
Ендеше жасыл өсімдіктер жайқала өсіп, құстарымыз көп болып шарықтап ұша берсін десек мына бір тапсырманы орындап жіберіңдер.
6- тапсырма. Зат есімге байланысты Қазақстан тақырыбында сөз ойластырайық. Қазақстанға байланысты сын есім құрастырайық, етістік ойластырайық, сан есімді де естен шығармайық.
Сабақты қорыту. Топтастыру.

Сөз таптары

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім

Үйге тапсырма беру
Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан БІЛІМ ЕЛІНЕ САЯХАТ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: МАНЕЙ АЛИМА

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КРАСНЫЙ ЯР №1 ОРТА МЕКТЕБІ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ

Пікірлер: 0

avatar