Біз таңдаған Президент

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 88
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23443


«№6 орта мектебі» ММ


Біз таңдаған Президент






Өткізген тәрбиеші: М.Шынбергенова



2017-2018ж

Күні: 29.11.17.

Тақырыбы: Біз таңдаған Президент
Сабақтың идеясы (педагогикалық мақсат): рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Халқымыздың әлемге танытып алаш баласының абыройын асқақтатып, елбасының кісілік келбетін меңгеру, әрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау.
Сабақтың күтілетін нәтижесі: үшінші жаңғыру контекстінде тұлғалық даму идеялары мен жобаларын жасау.
Көрнекілік: Елбасы суреттері, жүрек, шар, Астана суреттері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы материалдары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы

Сабақтың барысы.

Тәрбиеші сөзі: Балалар 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет –Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды.
Бірінші желтоқсан Президент күні болып қабылданды.
Ендеше, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ойлаған,ынтымақтықты тұтастықты,бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналылығына мән берген ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағұлмат бермекпіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев үшінші жаңғыруды болашаққа «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір деп атады. Ол «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары негізінде жүргізілетінін атап көрсетті.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы нәтижесінде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Бұл қиын кезеңде кеңес Одағының күйреуі, азаматтық соғыстар мен экономикалық құлдырау кезеңінде басталды. Бірақ дәл сол кезде әлем картасында болмаған және сол кезеңнен ең төмен шығындармен және бірқатар табыспен шыққан жаңа мемлекет өмірге келді.
2030-стратегиясын қабылдаумен басталған екінші жаңғыру нәтижесі- бұл жаңа астана-Астананың өмірге келуі және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдердің қатарына кіруі.
Егер Қазақстанның алғашқы екі жаңғыруы жас мемлекеттің саяси және экономикалық құрылуымен байланысты болса, үшіншісі өзінің көлемі мен идеясы бойынша қазақстандық қоғам дамуының біршама күрделі векторын көрсетеді. Ол елдің ең жас азаматын қоса алғанда әрбір қазақстандыққа тікелей байланысты. Бұл ұлттың рухани жаңғыруы туралы.

Хор “ Атамекен ”

Бейнефильмді көру. «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді – көктен әуе кемесі ұшып өтеді, бала оны көзімен шығарып салады
Бейнефильмнің әрқайсысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада көрсетілген алты принципті ашатын алты сюжеттік желіде құрылған.
Сонымен, 1-ші сюжеттік желі. Интеллектуалдық өнімді өңірлік және жаһандық нарықта ұсыну: әрбір қазақстандықтың білімділік көрсеткішінен бәскеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне.
Аталған сюжет рухани жаңғырудың бірінші – Бәсекелік қабілет принципін ашып көрсетеді.
2-ші сюжеттік желі. Адам өміріндегі, отбасындағы, қоғамдастықтағы экология: ысырапшылдықтан ұқыптылыққа, өркениет пен мәдениетті сақтау.
Бұл сюжет екінші принцип – Прагматизмді ашады.
3-ші сюжеттік желі .Өткеннің, қазіргінің және болашақтың бірлігі.
Үшінші сюжет «Ұлттық бірегейлікті сақтау» принципін ашып көрсетеді.
4-ші сюжеттік желі . Өмір бойы оқу – зияткер ұлт.
Осы сюжет төртінші – Білімнің салтанат құруы принципін ашады.
5-ші сюжеттік желі. ХХ ғасырдың ащы сабақтарынан («Кіші Қазан». Ұжымдастыру. Аштық. Саяси қуғын-сүргін. Семей ядролық полигоны. Арал тағдыры. Тың игеру) тұрақты дамуға (Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30
мемлекетінің қатарына кіруі).
Осы сюжет материалдары бесінші «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» принципін ашуға бағытталған.
6-шы сюжеттік желі. Әлемдегі өзгерістерді қабылдауға бейімділік пен ашықтық. Өзгелердің тәжірибесін сыни қабылдау.
Осы сюжет алтыншы – «Сананың ашықтығы» принципін ашып көрсетеді.
Фильмді көргеннен кейін мұғалім (оқытушы) білім алушыларды «тамыр-таныстық», «парақорлық», «рушылдық», «шенге бас ұрушылық», «пара берушілік» сөздерінің мағынасымен таныстырады.
Тамыр-таныстық (ағылш. nepotism) – ауыспалы мағынада лауазымды тұлғаға әсіресе өз туыстарына, жақындарына немесе достарына қызмет мүддесіне зиян келтіру арқылы ұсынылатын қызметтік қолдаушылық.
Парақорлық – лауазымды тұлға алған материалдық құндылықтар (заттар немесе ақша) немесе бұл тұлға өзінің лауазымдық жағдайына байланысты пара берген адамның мүддесі үшін жасаған немесе жасай алатын заттай пайда көру түріндегі пара алу.
Рушылдық –бір жерде туған, бір жүзге жататын, бір мекемеде біріккен (жұмысқа зиян келтіретін) ағайындарға (бірнеше тұлғалар туралы) қатысты.
Шенге бас ұрушылық – қызметтік жағдайы бойынша, атағы бойынша жоғары тұрған қызметкерге табыну.
Пара берушілік — лауазымды тұлға алған материалдық құндылықтар (заттар, ақша және т.б.)
Сонымен қатар фильмнің кейбір эпизодтарын, мысалы, ауа райының қолайсыз кезінде орындалған жол жөндеу жұмыстарын, күйеу жігіт пен қалыңдықтың тікұшақпен ұшып келуі және т.б. талқылау ұсынылады.

Топқа бөлу: Бәйтерек, Хан шатыр, Пирамида

Топтық тапсырма:
1. ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?
2. «Бәрі сияқты» немесе «басқалардан кем емес» стереотипі және шығынды ісшараларға сенің көзқарасың (бітіру кештері, қонақ күту, үйлену тойлар және т.б.)
3. ХХІ ғасырда табысты ілгерілеу үшін менің халқымның мәдениетінде нені сақтау және дамыту керек?
4. Мен үшін не маңызды – диплом немесе білім, және менің білімім менің еліме қандай көмегін тигізеді?
5. Қазақстанды дамыған «30» елдің қатарына енгізу үшін менің қосқан жеке үлесім қандай болмақ?
Регламент: 10 минут

Тәрбиеші сөзі:
Мен сендерге жұмбақ жасырам кім жауабын айтады екен а?
1.Келген емес жайдан-жай,
Жеңдік барлық езгіні
Тәуелсіздік алғаны ай,
Жылдың қай мезгілі
(қыс желтоқсан)
2.Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың
Айтшы қәне есімін.
(Н.Назарбаев)
3. Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай күн
Қанат қақан бар елге.
(қыран)
4. Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал!
(Қазақстан)

Тәрбиеші сөзі:
Қәнеки балалар елбасымыздың нақыл сөздерін білеміз бе?
1.
Жақсыдан бақ қалады
2.
Тәрбие ошағы мектеп
3.
Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында
4.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлесейік
Тәрбиеші сөзі:
Енді балалар тақтаға қарап, сөзжұмбақты шешейік.



1.Менің ұлтым
2. Бас қала – .....
3. Ғарыш ұшағы - .....
4. Сені туған .....
5. Түс.
6. Сырт – сырт соғады. Ол не?
7. Адамның да өмірі ......
8. ...... – адам, қанатсыз құс.
9. Ас – атасы .....

Қара жорға биі:
Тәрбиешінің қорытынды сөзі
- Балалар, ойланайықшы! Егемен еліміздің саналы,білімді азаматы болып өсу үшін бірінші парыздарың не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлтжанды азамат болу.
5. Ұлттық рухымыз берік болу
6. Денсаулығымыз мықты,салауатты ұрпақ болу.
7. Ел болашағын берік қолда ұстайтын нағыз азамат болып өсу.

Рефлексия:
Балалар мына жүрек шарды алып шын жүректен Елбасымызға тілек тілейік.
1.
Нұрлы күн болсын!
2.
Елімізде бейбітшілік болсын!
3.
Елбасымыз аман болсын!
4.
Қазақстан гүлдене берсін!
5.
Анатілімізді құрметтейік!
6.
Рәміздерімізді құрметтейік!
7.
Тәртіпті болайық!
8.
Сабағымызды жақсы оқиық!
9.
Еліміз, жеріміз бай болсын!

Сөзімді жас ұрпаққа, яғни сендерге арнасам деймін, сендер егеменді Қазақстанда өмір сүріп жатырсыздар.Сондықтан да сендердің алдарыңда болашақты өздерің өз қолдарыңмен орнатудың мүмкіншіліктері бар.
Бүгінгі “Біз таңдаған Президент” атты өнеге сағатымыз аяқталды.
Сөз кезегін интернат меңгерушісі С.Тілеубай ағайға береміз. Тәрбие.орг сайтынан Біз таңдаған Президент Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шынбергенова Мәриям Ерсерікқызы

№6 орта мектебінің жанындағы интернат Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar