Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Болымды және болымсыз етістік
  • 05.04.2016
  • 610 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18435

Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Жалпы мақсат 1. Білімділік. Қимыл, іс - әрекеттің болу - болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгеру, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту;
3. Тәрбиелік. Байланыстыра сөйлеуге, халық даналығының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсінеді, болымсыз етістіктердің –ма, -ме, -ба,-бе,-па,-пе жұрнақтарымен танысады, тәжірибеде пайдалана алады..
Негізгі идея Сынып оқушыларының топтық тапсырмаларды өз бетінше орындауын бақылау
Ресурстар «Қазақ тілі» оқулығы, 6кл. Алматы»Атамұра» 2015
«Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс әрекеттері
Сабақтың кезеңдері Мұғалім іс әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
-ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
-Топқа бөлу.
-«Бұл кім?» Мақсаты: оқушылардың байқағыштық қасиетінбақылау, бір-біріне деген қарым-қатынасын арттыру.
- Етістіктерді таңдау арқылы үш топқа бөледі
Ойынға қатысады

Топқа бөлінеді.
Орындарына жайғасады
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау «Стикердегі диалог» әдісімен өткен сабаққа байланысты сұрақтар жазып қояды Оқушылар стикерлердегі сұрақтарға жауап жазып қалдарады.
ІІ. Қызығушылығын ояту Слайд көрсетеді .
Тапсырма: Тыйым сөздер айту
______________Үзбе
______________Түкірме
________________Керме
________________Ысқырма Ауызша берілген етістікке қарап тыйым сөздер еске түсіреді.Жеке жауап береді.
ІІІ. Мағынаны тану Тапсырмаларды орындату арқылы жаңа білімді өздіктерінен меңгеруді ұйымдастырады
1-топ Берілген етістіктерді салыстырыңдар
Айт – айтпа
Төк -төкпе
Қал – қалма
Күл – күлме
Жаз – жазба
Үз - үзбе
2-топ Салыстыр, қорытынды жаса
Үйілген сұр төбешік күл ме?
Досыңды мұқатып күлме.
Көліктен секіріп түспе.
Жылтыраған қызыл түс пе?
3-топ Венн диаграммасы
Болымды етістік, болымсыз етістік. Айырмашылығы. Ұқсастығы
Жаңа мәлімет ұсынады
Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал - не говорил, писал – не писал, спала - не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады.
Сондай - ақ, ағылшын тілінде де сәйкес келеді. Мысалы, Do you speak English?
No. I do not speak English. Мұндағы іс - әрекеттің жүзеге аспауын «not» сөзі арқылы білеміз.
-Топтық жұмыс .Әр топ тапсырмаларды орындайды.
-Болымды және болымсыз етістік туралы түсінік қалыптастырады.
-Қорытынды жасайды

Тыңдайды. Меңгереді
ІУ. Ой толғаныс Оқулықпен жұмыс жасатыды:
178-жаттығу.жазбаша
Аралап келеді-күрделі, болымды , сабақты етістік
Шықылықтайды – дара, салт, болымды етістік
Естілмеіді, шақырмайды- дара, салт, болымсыз етістік,т.б.
180-жаттығу ауызшаа
Болымсыз етістіктер: мақтанба, баптанба, көрме, ерме, алмай Жеке жұмыс жасайды
Тақтада және дәптерге
У. Үйге тапсырма беру §44 оқу. 176, 177-жаттығу Күнделіктеріне жазады
УІ. Бағалау формативті бағалау
-өзін және сыныптасын бағалау
УІ. Кері байланыс «Саған сабақ ұнады ма?»
Өз пікірлерін білдіреді Тәрбие.орг сайтынан Болымды және болымсыз етістік Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ныгманова Шолпан Ельтаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 610 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar