Буын, оның түрлері және тасымал

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 1938
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19170


АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Буын және тасымал

Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»
Курс: 1
Дайындаған: пән оқытушысы Бурабаева Назгул Боранбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері және тасымал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Буын мен оның түрлері және тасымал туралы түсінік беру. Буынның түрлерін ажырата білуге , алған білімдерін тұжырымдай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Студенттердің ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Студенттерге халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтай білуге, көз қарашығындай қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәжірибе сабақ
Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», топтастыру,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, түрлі сызбалар, дидактикалық материалдар, «Ана тілі» оқулығы, 1-сыныпқа арналған «Жазу дәптер», бейнефильм.
Пәнаралық байланыс: әдебиет , орыс тілі, шет тілі
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4. Топты «Аманат» және «Мұрагер» топтарына бөлу.
5. Сабақтың бөлімдерімен таныстыру.

Сабақ бөлімдері:
1. «Кезбе тілші»
2. «Миға шабуыл»
3. «Сұрақты ұстап ал»
4. «Ой шақыру»
5. «Барлық білім - кітапта»
6. «Аспаннан жауған тілектер»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1-бөлім «Кезбе тілші»
1. Дауыссыз дыбыстар деген не? Оның қандай түрлері бар?
2. Дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы не білесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

2-бөлім «Миға шабуыл»
1. Біз қай саланы оқып жатырмыз?
2. Фонетика саласы нені зерттейді?
3. Дыбыс деген не,әріп деген не?
4. Қазақ тілінде неше дыбыс,неше әріп бар?
5. Орыс тілінде, ағылшын тілінде қанша әріп бар?
6. Қазақ тілінің төл дыбыстары қандай?
7. Дыбысталу мүшелеріне нелер жатады?
8. Дауысты дыбыс деген не?
9. Дауыссыз дыбыс деген не?
ІҮ. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі. Оқытушы жаңа тақырыпқа жалпы шолу жасайды.
Жаңа сабақ: «Буын және тасымал»
3-бөлім «Сұрақты ұстап ал»
СТО технологиясы бойынша «Буын және тасымал» тақырыбын еске түсіреді. (Студенттерге доп лақтыру арқылы сұрақ қойылады )
1. Буын деген не?
2. Оның неше түрі бар?
3. Ашық буын деген не? Мысалдармен.
4. Тұйық буын деген не? Мысалдармен.
5. Бітеу буын деген не? Мысалдармен.
6. Тасымал деген не?
7. Қандай сөздер тасымалданбайды?
Сөздегі дауысты мен дауыссыз дыбыстардың дауыс толқынымен бөлшектеніп айтылатын тобын буын дейміз. Сөз ішінде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар:
• Ашық буын - Дауыссыздан басталып, дауысты дыбысқа бітеді немесе тек дауысты дыбыстан тұрады. Мысалы: а – та, ба-ла, да-ла,т.б.
• Тұйық буын - Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. Көбінесе бірінші буында кездеседі. Мысалы: ет, ұл , ант,ән, т.б.
• Бітеу буын - Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын. Мысалы: жер, қас – қыр, мек-теп, қыз, т.б.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.
Ү. Жаңа білімді бекіту кезеңі: Семантикалық карта беріледі.
4-бөлім «Ой шақыру» Бұл бөлімде «Жыл басы- Наурыз» туралы бірнеше сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
1. Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
2. Қазақ халқы Наурыз айын неге жыл басы деп санаған?
3. Наурыз мерекесі басқа мерекелерден несімен ерекшеленеді?
Берілген мәтіндегі асты сызылған сөйлемді буынға бөліп, буын түріне ажыратады.
1-топ. Наурыз – шығыс елдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз – табиғаттың жаңаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару, жаңару күні деп қарсы алған.
2-топ. Асты сызылған сөздерді сатылай кешенді талдау және тасымалдауға болмайтын сөздерді көрсету.
1-топ. Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
5-бөлім «Барлық білім - кітапта»
1-сыныптың «Ана тілі» оқулығынан «Буын» және «Тасымал» тақырыбында студенттер сабақ өткізеді.
6-бөлім «Аспаннан жауған тілектер» Әр топқа әртүрлі буын беріледі. Соларды құрастырып тілек жазып шығады.
ҮІ. Қорытындылау: «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап».
• Сабақтан қандай әсер алдыңыз?
• Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?
• Қай тапсырма орындауда қызықты болды?
• Біліміңізді қай тапсырманы орындағанда толық жеткізе алдыңыз?
VIІ. Үй тапсырмасы:
VIІІ. Білімді бағалау: 1. Екі топ бірін-бірі бағалайды. 2.Топ жетекшілері топ мүшелерін бағалайды. 3.Мен өз бағамды беремін. Тәрбие.орг сайтынан Буын, оның түрлері және тасымал Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бурабаева Назгул Боранбайқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы "Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі Қазақ тілі пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar