Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Буын түрлері. Ашық буын, бітеу буын, тұйық буын
  • 29.04.2016
  • 2091 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18888

Сабақ тақырыбы: Буын түрлері. Ашық буын, бітеу буын, тұйық буын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту. Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Буын түрлерін ажырату дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу, талдау, салыстыру.
Көрнекілік: үлестірме карточка, оқулық, тақта, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен сәлемдесу.
* Оқу құралдарын түгендеу.
* Сабаққа зейінін аудару
2. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
Буын дегеніміз не?
3. Жаңа сабақ:
Фонетика саласының бір түрі - буын. Сөз бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлінеді. Мысалы:"А - на - ең ә - де - мі ә - уез - ді сөз"деген қанатты сөйлемде алты сөз бар. Бұл сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Әрбір фонетикалық бөлшек буын не бірнеше дыбыстан құралады.
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Буынға тән белгілер:
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
3. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
4. Буында мағына болмайды.
Буынның түрлері: Ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Ашық буын деп- жалғыз дауысты дыбыстан құралған буын. Мысалы: А - та, и - не, а - ға, е - ре, о - ра, а - па т. б. Дауыссыздан басталып, дауыстыға бітеді. Мысалы: ке - ме, да - на, ба - ға, же - бе, са - ры, кө - ше - де, ме - ре - ке т. б.

Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: ел, от, ер, ит, ар, ес, ұлт, ау, өрт, өс, ін, оқ, ор, ақ, іс, аш т. б.

Бітеу буын деп - дауыссыздан басталып, дауыссызға бітеді. Мысалы: серт, тон, мек - теп, төрт, сый - лық, нау - рыз, бай - лық, Бек - сұл - тан, Сұл - тан - мах - мұт т. б.

4. Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар орындау

Кім тапқыр?Сөздерді кестеге толыру
1.ата.
2.ат.
3.бала.
4.тал.
5.қант.
6.өрт.
7.ұл.
8.қала.
9. теп
Ашық буын. Тұйық буын. Бітеу буын.
ата,бала, қала өрт,ұл,ат тал, қант, теп.

Оқулықта 302- жаттығу
1. Өлеңді оқып, неше жетім туалы айтылғанын айтып, өз ойларыңмен түсіндіріп беріңдер.
2. Әрбір сөз неше буыннан тұратынын анықтап, оларды буын түріне бөліп жазу.

Ел қонбаса, жер жетім,
Құс қонбаса, көл жетім.
Кемпірі жоқ шал жетім,
Иесі жоқ мал жетім.
Соқыр болса, көз жетім,
Тыңдамаған сөз жетім.
Доссыз қалса, ер жетім,
Жау қолында ел жетім.
Жапырақсыз бұтақ жетім,
Оқылмаса, кітап жетім.
Тыңдаушысыз дана жетім,
Ата-анасыз бала жетім.
Қағазсыз қалам жетім,
Ақылсыз адам жетім.


5. Жұмбақтың шешімін тап
Мысықта бар,
Күшікте жоқ,
Қасықта бар,
Есікте жоқ. (ы дыбысы)
Ы дыбысы–тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай қысаң, еріннің қатысына қарай езулік.
2. Борда бар,
Допта жоқ,
Балда бар,
Далада жоқ. (б дыбысы– ұяң дауыссыз дыбыс.)
3. Жазуда бар,
Сызуда жоқ,
Жылуда бар,
Қызуда жоқ. (ж дыбысы – дауыссыз ұяң дыбыс).
4. Ләззатта бар,
Жанатта жоқ,
Азатта бар,
Қанатта жоқ. (з дыбысы –дауыссыз ұяң дыбыс).
5. Нанда бар,
Етте жоқ.
Айранда бар,
Сүтте жоқ (н дыбысы – дауыссыз, үнді дыбыс).
6.Қорытындылау:
Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды.)
1.Ашық буынды сөзді тап.
а) аз. ә) қаз. б) боса.
2.бірыңғай бітеу буынды сөзді тап.
а)оқушы. ә) дауысты. б) мектеп.
3. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.
а) тамаша. ә) еркіндік б) басылым.
4.Тұйық буынды сөзді тап.
а) анар. ә)ант. б) қант.
Буынның неше түрі бар.
а) екі ә) төрт. б) үш
6. Буын түрін көрсет.
А) қысаң. ә)бітеу б)езулік.
Бағалау:сабаққа қатысқан оқушыларды берген жауаптарынақарай «5», «4», «3» деген бағаменбағалаймын. Сабаққа қатыспағаноқушыларғаескерту айтамын.
7. Үй тапсырмасы:
1. Ереже жаттау.
2. 304-жаттығу
- Мәтіндегі ұлағатты сөздерді түсініп оқу,
- әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажырату
- Көкжиекке, құдіретін деген сөздерге толық фонетикалық талдау Тәрбие.орг сайтынан Буын түрлері. Ашық буын, бітеу буын, тұйық буын Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турмагамбетов Қ.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 2091 | Жүктеулер: 16
Барлық пікірлер: 0
avatar