Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Дәруменнің пайдасы»
  • 16.11.2016
  • 139 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20068

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (18.0Kb)

КҮНІ:27.11.15ж
Сынып: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: Дәруменнің пайдасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Дәрумендер туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, сын есімдерді қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
2. Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік:оқушыларға денсаулықтарын сақтап,салауатты өмір сүріп, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, топтық жұмыс,сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, сұхбат, әңгімелеу,ассоциация, тұсаукесер.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, мәтіндер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
-Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-Психологиялық ахуал .(оқушылар шеңберге тұрып айтады. )
Амансың ба,алтын күн?
Амансың ба,көк аспан?
Амансың ба,жер-ана?
Амансыз ба,көп қауым?
Оқушыларды топ болып отырғызу үшін, түрлі-түсті стикерді таңдап алдым. 1-топ қызыл түс – азық- түлік, 2-топ жасыл түс- дәрумендер. Топ басшыларына бағалау парағын беремін және сабақты бағалауғ а стикердің 3 түс беремін, қызыл-5, қызғылт-4,сары-3,оқушылар сабақ соңында даналық ағашына жапсырады.
Ал, балалар біз азық- түлік атауларымен таныспыз,бұл жерде таныс емес сөз қандай? Дәрумен. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ....дәрумендер
1-топ «А дәрумені» 2-топ «В дәрумені»
Оқушылармен өткен сабақты еске түсіріп, мынадай сұрақтар қоямын.
-Азық- түліктерді қайдан аламыз?
Қандай дүкендерді білеміз?
Балалар,алдыңғы сабақтарда түрлі дүкендермен таныс болдық. Ал бүгін өз дүкенімізді ашайық. Біздің дүкеніміз сабағымыздың тақырыбына байланысты «Дәрумендер дүкені»болады.Дүкеніміздің іргетасын қалау үшін дәрумендер туралы мәлімет қажет. Ал қазір балалар дәрігер апайдың кеңесін тыңдайық.Дәрумен туралы ақпарат береді.
Іргетасымыз қаланды,енді не керек? Қабырға тұрғызу үшін денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтамыз.Оқушылар жауабы.
Келесі тапсырма: Қабырғасын тұрғыздық, енді шатырын қою үшін азық-түлікке байланысты жұмбақтар шешеміз. Мен жұмбақ жасырамын.Оқушылар жауабы.
Ал, балалар тапсырмадан мүдірмей өттіңдер.Енді жаңа сабағымызға көшеміз.
Сөздікпен жұмыс.
Орамжапырақ- капуста
қызылша-свекла,аскөк- укроп, көк пияз- зеленый лук, құлпынай- клубника
-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен сабағымыздың тақырыбын жазып қояйық.
III. Жаңа сабақты өту. Бүгінгі сабақтың мақсаты:
- Дәрумендер туралы мағлұмат беру, сөздерді меңгерту,зат есімдерді қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
-Бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық.
Жаңа сөздермен жұмыс. Дәптерлеріне жаздыру.
- Жаңа сөздерді мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
Дүкеніміздің шатырын орнату үшін бірнеше сөйлем құрастырайық
- Жаңа сөздермен бірнеше сөйлем құрастыру.
Дүкеніміз салынды. Енді оған дәрумендер толтырайық. Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді мұғалім оқиды.
А дәрумені бауырда көп болады.Сонымен қатар балықтарда , сүтте, сары майда, жұмыртқада, қызыл сәбізде, қызыл тәтті бұрышта, көк пиязда, көк шөптерде, қызанақта, аскөкте болады. С дәрумені -көкөністерде, жемістерде, қарақатта, итмұрында, ит бүлдіргенде, алмада, шабдалыда, құлпынайда, орамжапырақта, петрушкада, қызылшада көптеп кездеседі. Д тобындағы дәрумендердің адам қаңқасының дамуында маңызы зор. Д дәрумені жетіспесе жас балаларда рахит ауруы дамиды. Дәрумендер өсімдік майы, ,ірімшіктің, жұмыртқа, балық майы, уылдырығы,бауырының құрамында кездеседі В дәрумені- тауық еті,жер жаңғағы, бұршақта, мал етінде, жұмыртқа, сүт, қара нанда кездеседі.
Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса, көбінесе жүйке жүйесі зақымданады.
Тапсырма:Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.2 топ бір-бірлеріне сұрақ қою. Мәтінді қорытындылай келе, қағаз бетіне түсіру. Постер жасау,қорғау 1 ТОП- Мәтіннен А ,С дәрумендерін топтастырады.
2 топ- В,Д дәрумендерін топтастырады
Сергіту сәті: ортаға шығып, музыка бойынша билеу.
Тапсырма: Әр топ жасаған жұмысын қорғау,бағалау.
Шығармашылық жұмыс. Қосымша тапсырма бойынша жасалған жұмыстарын көрсету. Топ басшылары өз презентацияларымен таныстырады. Дәрумен дер туралы ақпарат
Тақтамен жұмыс . Дәрумен және пайдалы сөздерін фонетикалық талдау жасау.
Дүкенімізді құрдық. Енді сатушыдан дәрумендер сатып алайық. Диалог құрастыру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
сөйлемдерден зат есімдерді табу. (флипчарт )
Үлгі:
Зат есім сұрағы дара күрделі
кітап не? +
Қызылша Не? +


+Жалпы жалқы
+
V. Жаңа сабақты қорыту.
-Оқушылар, бүгін біз сабақта «Дәрумендер» тақырыбымен таныстық. Сол дәрумендер туралы не білдіңдер? Соны ассоциация(топтастыру) түрінде қорытайық.
Денсаулыққа пайдалы,Көкөністерде, жемістерде,азық- түлікте,ағзаның толық дамуына,жақсы жетілуге .


VI . Үй тапсырмасы
- жаңа сөздерді жаттау.
1-топ «А» - «Дәруменнің пайдасы» деген тақырыбына тұсаукесер(презентация)
2-топ «В» - Дәрумендер туралы реферат
V I I. Рефлексия .Даналық ағашына қағаздарын жапсыру
Бағалау. Топ басшыларының бағалау парағы арқылы ортақ баға шығарамын және қосымша жұмыстың да бағасын ескеремін. Тәрбие.орг сайтынан «Дәруменнің пайдасы» Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаркина Самал Қабдығалиқызы

КММ"№1 Ұзынкөл орта мектебі" Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: zharkina1008
Көрсетілім: 139 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar