Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 458
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 06/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20378


Тимирязев ауданы 4-сабақ
Үйірме жетекшісі:Нығмеджанова С.Д.
І тарау.Танысу.
Сабақтың лексикалық тақырыбы:Таныс болайық.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстарын жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмалары арқылы меңгерту,өз ойын, пікірін жеткізе алу үшін қажетті біліктілікті тереңдету.Әр түрлі жағдайларда бөтен адамдармен таныса алу деңгейіне жеткізу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту. Достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, жаттығу, топпен жұмыс
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, кеспелер, кестелер, диск (А1),ТҚ.
Сабақтың жоспары:
1.Ой шақыру.
2.Лексикалық минимум.
3.Оқылым.
4.Грамматикалық минимум.
5.Жазылым жаттығулары.
6.Сөйлесім немесе айтылым.
7.Тыңдалым.
8.Сабақты бекіту.
9.Қорытындылау.
10.Бағалау.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу.
ә)Көңіл күйлерін сұрау.
б)Аудиторияда психологиялық жағдай қалыптастыру.
ІІ.Жаңа сабақ
Адам болып туылғанымызбен, адам болып өмір сүру, АДАМ деген асқақ атты адал арқалап жүру қиынның қиыны екендігін білеміз. Және адамсыз адамның күні жоқ екендігі тағы бар. Сенің қаншалықты жақсы адам екендігің өзгелермен қарым-қатынаста ғана анықталады.Ешбір адам сіздің өмір жолыңызда бекерден-бекер кездеспейді.Әр күн сайын жаңа адамдармен танысамыз және әрбір таныстық пен кездесуден өзіміз үшін маңызды әсер алып жатамыз. Біреуі бізді сынайды, екіншісі пайдаланып кетеді, үшіншісі өмірлік сабақ алуға көмектеседі, басқасы біздің жақсы қасиеттеріміздің арта түсуіне себепкер болады.
1.Ой шақыру.
а)Достық дегеніміз не?
ә)Достықтың түрлері бола ма?
б)Адал достық деген не?
в) Досыңа көмек қолын созасың ба?

Мақсат –мүддесі, арман тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығымен сенімділігі достық қарым-қатынасты нығайтады.
Халық даналығы
2.Лексикалық минимум .

ат собственное имя Сау болыңыз! До свидания!(вам)
(в ед.ч.)
бұл это,этот,эта Танысып қой (ты) познакомься
кім? кто? Танысып қойыңыз (вы) познакомьтесь
(в ед.ч.)
менің мой,моя,мое Сенің Твой,твоя,твое
Сау бол! До свидания!(тебе) Танысқаныма қуаныштымын Рад знакомству с вами

3.Оқылым.
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз және дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сызыңыз.

Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасшысы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Ел аузынан
4.Грамматикалық минимум.
Қазақ тілінің дыбыстары дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шыққан дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.Қазақ тілінің дауысты дыбыстары:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді.
Жуан-а,о,ұ,ы
Жіңішке-ә,е,ө,ү,і
Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шыққан дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.
Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдырдың қатысына қарай қатаң,ұяң,үнді болып бөлінеді.

5.Жазылым жаттығулары.Мақал-мәтелдерден қатаң дауыссыздарды тауып белгілеңіз.
1.Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.
2.Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.
3.Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
4.Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
5.Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.
6.Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса.
Өлгенінше қас болады.
7.Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
8.Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат

6.Сөйлесім немесе айтылым.
(Қазақ тілі А1 оқулығы 17 беттегі 1-жаттығу). Рөлдерге бөлініп амандасыңыздар,танысыңыздар,қоштасыңыздар.

7.Тыңдалым.
(Қазақ тілі А1 оқулығы 16 беттегі 1-жаттығу).Тыңдаңыз және жазыңыз.
(Қазақ тілі А1 оқулығы 16 беттегі 2-жаттығу).Тыңдаңыз,дұрыс жауапты белгілеңіз.
8.Сабақты бекіту
9.Қорытындылау
10.Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Дауысты және дауыссыз дыбыстар. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нығмеджанова Салтанат Дулатқызы

СҚО Тимирязев ауданы "Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar