Ең жас ғалымдар

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 142
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 29/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23030


9-сыныпта (орыс сыныбы) қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабақтың жоспары

Сабақ тақырыбы:

Ең жас ғалымдар

Білімділік:

Оқушылардың өткен сабақ бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, пысықтау, қайталау, жинақтау, қорытындылау. Тілдесім әрекетінің негізінде оқушылардың мәтін бойынша алған білімдерін толықтыру. Лексикалық тақырып аясында оқшау сөздер мен қаратпа сөздерді меңгерту.

Дамытушылық:

Тілдік қатынас барысында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту. Тақырып аясында берілген сөйлемдер мен мәтіндер бойынша жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Тілдесім әрекетіне құрылған тапсырмалар негізінде оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру, білімге деген құштарлығын арттыра отырып, ой өрісін кеңейту.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Нәтиже:

Өз ойын еркін жеткізуді, өз бетінше жаттығу орындауды меңгереді.

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы мәтінді мазмұндай алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтін бойынша негізгі ақпараттарды табады, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен сипаттама мәтін құрайды, үлгілер арқылы тілдесімге келеді.

Негізгі түсініктер:

Заманауи технологиялар, нанобетон, таныс/бейтаныс құбылыстар, озық тәжірибелер, күн батареялары.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, үлестірмелі қағаздар, флипчарт, смайликтер, «Сұрақ қорапшасы».

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, әңгімелеу, сипаттау, сәйкестендіру, түсіндіру, сұрақ – жауап, сыни тұрғыдан ойлау, «Шаттық шеңбері» тренингі, жоба қорғау, «Басбармақ» әдісі, «Анкета» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

 

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, сабақта жоқ оқушыларды түгендейді.

«Шаттық шеңбері» тренингінің негізінде сабақ басында оқушылардан өздерінің басбармақтары арқылы көңіл күйлерін көрсетіп, жақсы тілектер айтуларын сұрайды.

Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді, екі топ мүшелері бір – біріне сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіреді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тұсаукесер.

Үй тапсырмасын тексереді. Оқушылардың дайындап келген тұсаукесерлерін көреді, кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

 

Бірінші топ мүшелері Дінмұхамед Серік туралы, екінші топ Қайрат Кеңес туралы дайындап келген слайдтарын көрсетіп, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Мағынаны тану

«Миға шабуыл»

Сөздікпен жұмыс

Ойлану. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды қызықтыру мақсатында интерактивті тақтадан «Перде» әдісін пайдалану арқылы сөздерді аудартады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдап, қайталайды. Айтылым.

Тақтада жазылған сөздерді дұрыс айтып, қазақшаға аударады, «перде» ашылғанда дұрыс жауабымен салыстырады, тексереді.

Түсіну

ІV. Мәтінмен жұмыс

Қисынды ойлау қабілетін дамыту

Оқушыларға 5-тапсырманы орындатады.

 

І топ

1.Біздің елімізде де жас ғалымдардың саны артып келеді –

2.Дінмұхамед Серік – бетонның жаңа түрін ойлап тапқан ғалым –

ІІ топ

1.Дінмұхамед Серік құрылыста қолданылатын бұрынғы бетондардың қалыңдығынан әлдеқайда жұқа, ыңғайлы, сапасы жоғары, құны арзан, ең бастысы, суыққа өте шыдамды, мүлде су өткізбейтін және кез келген пішінге келе беретін бетонды ойлап тапты –

2.Сондықтан Қайрат Кеңестің де өнімі жоғары сұранысқа ие болып отыр –

 

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Мәтінде қою қаріппен берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударып, сұрақтарға жауап береді.

Қолдану.

V. Оқулықпен жұмыс.

Алған білімдерін қолдану.

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

 

І топ

1.Жас ғалымдарды білім мен ғылымға ынталандыру мақсатында «Жас ғалымдар кеңесі» құрылды.

2.Дінмұхамед Серік 7-8-сыныпта оқып жүрген кезінде жазған «Пленарлық тепкіш диірмен» атты жобасы Астана қаласы бойынша өткен байқауда екінші орынды иеленген.

ІІ топ

1.Дінмұхамед Серік құрылыста қолданылатын бұрынғы бетондардан әлдеқайда жұқа, ыңғайлы, сапасы жоғары, құны арзан, ең бастысы, суыққа өте шыдамды, мүлде су өткізбейтін және кез келген пішінге келе беретін бетонды ойлап тапты.

2.Қайрат Кеңес – ҚазҰУ-дің химия факультетінің түлегі, күн батареяларына арналған материалдарды синтездеумен айналысып жүрген жас ғалым.

Жазылым. Айтылым.

Екі топ мүшелері берілген әр сөйлемге бірнеше сұрақ қояды.

VІ. Талдау.

Ойтолғаныс

«Сәйкестендіру»

 

Ережені еске түсіру мақсатында мұғалім сұрақтар қояды:

-Оқшау сөздер дегеніміз не? Олар неше түрге бөлінеді?

Сәйкестендіру тапсырмасын орындатқызады.

Жігіттер, ертең сынақ болады.

  • оны кеше сұрау керек еді.

Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

Пай-Пай! Арғымақ деп осыны айт!

  • әрине, осы жерде жасауға болмайды. Ұялма, балам, жоғары шық.

Түу, ұшу деген қандай жақсы еді!

Ендігі кезек сенде, қарағым.

Күнім-ау, не істегелі жүр едің?

Өзі осында келген шығар, сірә?

Енді аз ғана сабыр етсең қайтер еді, ә?

Жә, бірің бастап, бірің қостамай!

Қателестім, апа!

Екі топ мүшелері кезекпен шығып, интерактивті тақтада жазылған сөйлемдердегі оқшау сөздерді тауып, сызықша қою арқылы дұрыс жауабымен сәйкестендіреді.

Оқшау сөздердің жазылу кезіндегі тыныс белгілеріне тоқталады.

 

 

 

 

 

VІІ. «Бір – бірін бағалау» әдісі.

Грамматиканы меңгерту мақсатында оқшау сөздерге байланысты тест тапсырмасын орындатқызады.

1. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.

А) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой. В) Шынында да, халіміз онша мәз емес. С) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Д) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.

Е) Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!

2. Оқшау сөзді көрсетіңіз.

А) үстеу В) қыстырма С) шылау

Д) жалғаулық Е) шырай

3. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А) Сірә, бүгін күн суытар?

В) Ауа райы қандай тамаша?

С) Тыңда, дала, Жамбылды.

Д) Күмбірлеген домбыра даусы естілді.

Е) Жолдастар тынышталыңыздар.

4. Одағайды табыңыз.

А) әрине В) сірә С) мүмкін

Д) құрау – құрау Е) пырс

5. Шақыру одағайын табыңыз.

А) уһіледі В) ойпырмай С) бәрекелді Д) е, тәйірі Е) көс – көс

6. Қыстырма сөзді табыңыз.

А) Өзің бір қызық жан екенсің.

В) Жолдас командир, жолдас комиссар.

С) Алдымнан жақсы кездестің-ау, шырағым. Д) Ата, немереңіз келді.

Е) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.

7. Тыныс белгісі дұрыс қойылған оқшау сөзді табыңыз.

А) Күмбірлей бер домбырам.

В) Ән – көңілдің ажары.

С) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.

Д) Бұлар берілген тапсырманы, сірә ұмытпаса керек. Е) О, келгенің жақсы болды.

8. Қаратпа сөзді табыңыз.

А) Ойбай-ау! Сөйтсейші...-деп Арман назданды. В) Әнші еркін, ерке екен.

С) Асылбек тез ашуланып кетті.

Д) Әлгі Әмірхан дегенім осы.

Е) Жігіттер, концертке дайындалайық! – деді Омар.

9. Одағай қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Сергей Петрович, сізге жолығуға жұмысшылар келіп тұр.

В) Күн көкжиекке еңкейіп бара жатты.

С) Қорыққаннан ба, тоңғаннан ба,урядниктің иегі иегіне сақ-сақ етті.

Д) Бәрекелді, Сүйіндік аға, оныңыз жақсы ақыл. Е) Абай Ділдамен оңаша қоштасты.

10. Одағай сөздердің қатарын табыңыз.

А) Сірә, жалпы айтқанда

В) Бәрекелді, мәссаған, япырмай

С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім

Д) Шынымды айтсам, әттеген-ай

Е) Ойпырмай, мүмкін, тәйт

 

 

Тест сұрақтарына жауап береді. Орындап болған соң, екі топ мүшелері қағаздарымен алмасып, дұрыс жауабы арқылы бір – бірінің тест тапсырмаларын тексереді.

VІІІ. Тіл дамыту тапсырмасы.

Мәтінсоңы жұмыс.

 

Оқулықтағы 9 - тапсырманы орындатады.

Айтылым.

Сөздерді байланыстырып, сөйлем құрап айтады.

ІX. Жинақтау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

 

 

Мұғалім екі топқа парақшалар таратып береді.

Тілек

 

Оқушылар өз пікірлерін парақшаларға жазып, оқып береді. Сабақ барысында бір – бірінің қалай жұмыс істегендерін талдап, ойларын жинақтайды.

X. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындауға береді. «Егер мен ғалым болсам, ...» тақырыбына эссе жазу.

 

 

XІ. Рефлексия

Кері байланыс

«Анкета» әдісі

Екі топқа парақшалар таратып беріп, толтыруды сұрайды.

 

Топ мүшелері «Анкета» әдісі бойынша сұрақтарға бірлесе отырып жауап береді, ал топ капитандары нәтижесін оқып береді.

XІІ. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны қояды.

 

XІІІ. Қорытынды

Мұғалім Елбасының «Біз ғылыми – инновациялық салада серпіліс жасап, еуразиялық кеңістікте осы сала көшбасшыларының бірі болуымыз керек» деген сөзімен сабақты қорытындылайды.

Оқушыларға смайликтер таратылып беріледі.

 

 

Оқушылар сабақтың соңындағы көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді.

 

Мұғалім «Сұрақ қорапшасын» көрсетіп, оқушыларға сұрақтар жазып салуды өтінеді. Сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланатыны туралы айтады.

Оқушылар өздерінің сұрақтарын жазып, қорапшаға салады.

 

Тәрбие.орг сайтынан Ең жас ғалымдар Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мейрханова Жанат Серикказиевна

Пікірлер: 0

avatar