Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ер Төстік» ертегісіндегі халық арманы
  • 28.04.2016
  • 792 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18876

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті №39 гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нуримова Мира Сатбайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісіндегі халық арманы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегі мазмұнын талдата отырып, ғажайып құбылыстар сырын ашу, оқушы сезімімен ұштастыру.
Дамытушылық: Ертегі жайлы түсінігін кеңейтіп, пікір алмастыра білуге үйрену, өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білуді дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жер, ел алдындағы парызын терең түсіне білуге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Бекіту сабағы
Әдіс тәсілі: Сұрақ-жауап,салыстыру, топтастыру стратегиясы, ойға шығу стратегиясы.
Көрнекіліктер: Кесте, слаид кестелер, кітап көрмесі
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а.Сәлемдесу, түгендеу.
ә.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б.Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындату.
IV.Сабаққа дайындық кезеңі
«Шаттық шеңбері» (Оқушылар бір-біріне тілек айтады)


VII.Оқушылардың білімдерін тексеру және сабақты бекіту
Ертегінің мазмұнын ашқыза отырып, құрылысына қарай талдату, тәрбиелік жағын ашу.
Ертегілер елінде
1. Ертегі дегеніміз не?
2. Ертегінің қандай түрлері бар?
3. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
4. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай?
5. Ер Төстік ертегісі қай ертегінің түріне жатады?
6. Ертегінің қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?

Ертегі бойынша шатасқан оқиғалар тізбегі
1. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
2. Ерназардың сорқұдықтың басына қонуы
3. Төстіктің дүниеге келуі
4. Төстіктің жер астына түсуі
5. Тоғыз ұлды үйлендіру
6. Шойынқұлақ пен Ер Төстік
7. Елге оралу
8. Ер Төстік және оның адал достары

Композициялық құрылымына талдау
1. Ертегінің басталуы. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Ертегінің дамуы. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
3. Ертегінің байланысы. Тоғыз ұлды үйлендіру
4. Ертегінің шиелінісі. Ерназардың сорқұдықтың басына қонуы
5. Шарықтау шегі. Төстіктің жер астына түсуі
6. Ертегінің шешімі. Елге оралу

[color=purple]«Мынау кім?» ойыны


1) Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ. Қайда жүргендерін білмейміз,- дейді. Кімнің сөзі? (Анасы)
2) Әкем маған жылқыдан тандатсың, Шалқұйрық атты берсін, жасаудан ақ сырмалы сауытты берсін, түйеден құба інгенді берсін дейді. Кімнің сөзі? (Кенжекей)
3) Төр алдына бара бергеніңде еі сұр жылан ысылдап келеді де екеуі жеңінен кіреді, қойыныңнан шығады, қойныңнан кіреді де қонышыңнан шығады. Олар кімдер? (Бабыханның ұлы мен қызы)
4) Жұрттан асқан алыппын, жер үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ. Ол кім? (Таусоғар)
5) Шырағым, шаршадың ғой, деміңді алып, ұйықта, жарысарда өзім оятамын,- деп ұйықтатып тастайды. Ол кім? (Мыстан)
6) Ей адамзат, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам басқан емес, бұл менің мекенім. Бұл кім? (Қарақұс)

Мәтінмен жұмыс (кесте)

Ертегінің аты Біріккен сөздер Көнерген сөздер
«Ер Төстік» Шалқұрйық, Сауыт,
Көлтаусар, хан, бақыр,
Таусоғар, лашық,қылбырау,
Желаяқ, кездік
Шойынқұлақ

Концептуалдық кесте

Кейіпкерлер Адамгешілік қасиеті Іс-әрекеті Кейіпкерге баға
Ер Төстік Ер мінезді, батыл Зұлымдықты жеңді
Кенжекей Мейірімді, ақылды Қиындыққа қарсы тұра алады,
ақылымен шешді
Мыстан кемпір Қу, өтірікші Өз басының қамын ойлайды

Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы Ерназар мен Мыстанның диалогы (сөздікпен жұмыс)

«Ой тастау»
Ертегі сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар осы ертегі бойынша мультфильм түсіруге бола ма?

Ертегідегі халық арманы Менің арманым


Оқушылардың білімін бағалау
VIII.Үй тапсырмасы.
Осы ертегіге ұқсас ойдан ертегі жазып келу.
[/color]
Тәрбие.орг сайтынан «Ер Төстік» ертегісіндегі халық арманы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нуримова Мира Сатбайқызы

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті №39 гимназия Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Нуримова_Мира
Көрсетілім: 792 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar