Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Фонетика. Тіл дыбыстары.
  • 15.03.2016
  • 631 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17946

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Мамытова Айгүл
Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тәнтану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Әнұранды орындау.
Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
232 - жаттығуды орындап келу. Оқушылардың дәптерлерінен тексеремін. Ауызша 3 - 4 оқушыға оқытамын.
Үй жұмысын қорыту:
"Кім жылдам" сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?
ІІІ. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Фонетика -(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір - бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал, лақ, түс, сүт, кел, лек.
Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту( слайд арқылы түсіндіру), тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Үн - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр - өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
“Әліпби” сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Әліпбидегі көрсетілген таңбалар - әріптер. Әріп - дыбыстың жазудағы таңбасы.
Оқулықпен жұмыс:
233 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылау.
Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.
Сал – жал, тал, қал
Жат – сат, қат, бат, тат
Шығармашылық жұмыс. «Кім шапшаң?»
І. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Жы.. дам, сабы.. лы, с.. лемдесу, әлпе...
2. Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп - жұбымен жаз.
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату.
Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
Үлгі: Түзу - қисық, жұмсақ - қатты.
234 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа - басқа сөздер жасаңдар.
Ала, алау, алақан. Ат, ата, атақ, атаулы. У, уық, уылдырық.
Ыс, ыссы, ыстықтау. Ас, аспа, аспалы.
Сергіту сәті.
Адасқан әріптерді орнына қой. "Кім тапқыш?"
Б, ы, а, л, қ. Н, у, а, ы, р, з.
З, м, а, н, а. Ә, л, я, и.
235 - жаттығу Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т - дан бастасаң -
Биіктердің биігі.
Егер д - дан бастасаң -
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)
Егер б - дан бастасаң -
Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң -
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң -
Ішкен жанға кеселмін (бу, ну, у)
Г - ден баста, мен кілең.
Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, енді мен.
Қалдығымын көмірдің (гүл, күл)
К - ден егер бастасаң -
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң -
Жазда аунайсың құмына (көл, шөл)
Мақал - мәтелдердің мазмұнын ашу.
Берілген мақалдардың баламасын (мағыналас сөзін тап)
1. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
2. Көрмес - түйені де көрмес.
3. Кімнің тарысы піссе - соның тауығы.
(Жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
3. Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?
Сабақты бекіту:
Венн диаграммасы.
Үйге тапсырма: Фонетика. Тіл дыбыстары
Бағалау

Сабақ тақырыбы: Омонимдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: омоним сөздерді бір – бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру , көп мағыналы сөздер мен омоним сөздердің айырмашылығын ,ұқсастығын анықтау.
Тәрбиелік : аталар тарихын , дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың танымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз пікірін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдіс –тәсілі: сұрақ –жауап, талдау жұмысы, СТО стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, кесте, суреттер , кеспелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі .
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Жаңа сабақ өту
1. Ақты жерге, суға төкпе.
Құбырдан су сарылдап ақты.
2. Жас өміріңді босқа өткізбе.
Жасыңды тый, көрсетпе оны ұлыңа!
Бос ыдысты орнынан жылжыту оңай.
Сұрақ:
1. Тақтада жазылуы, дыбысталуы бірдей қандай сөз жазылған?
2.Ол сөздің мағыналары жақын ба?
3.Бұл сөздер қай сөз табынан?
4.Осыдан қандай ой түйдіңдер?
Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер омонимдер деп аталады.
(Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді ажырата білеміз бе? )
Балалар, бүгін бізге қонаққа Тазша бала мен Қаңбақ шал келіпті. Олар мына тұрған сөздердің мағыналарын ажырата алмай қиналып жатыр екен. Келіңдер, қонақтарға көмектесейік.
Кеспе қағаздарға омоним сөз тіркестері мен көп мағыналы сөз тіркестерін жазып, тақтаға ілу. Оқушылар кеспе қағаздарды алып, омоним сөздерді қонаққа келген Тазша балаға, ал көп мағыналы сөздерді Қаңбақ шалға бере-ді.
Мысалы:
сөздің басы
қалың киім
көздің жасы
сөздің төркіні
құпия сыр
жолдың басы
қалың қол
мүшел жас
істің төркіні
сырлы бояу
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы ажырату.
Омонимдер
Дыбысталуы біркелкі,
бірақ мағыналары әр түрлі.
Бір сөз табына да, басқа сөз табына да қатысты.
Ұқсас
Дыбысталуы жағынан
ұқсас.
Көп мағыналы сөздер
Мағыналары бір –біріне жақын, ұқсас болып келеді.
Бір ғана сөз табына жатады
ІІІ Жаңа сабақты бекіту.
Қазақтың көрнекті балалар ақыны Қадыр Мырза Әли ағамыздың өлеңдерін
барлығымыз да сүйіп оқимыз. Ол кісінің өлеңдері түрлі тақырыптарға жазыл-
ған. Келіңдер, ақын ағамыздың туындыларын талдап көрейік.
Ара
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін суғып басыма,
Шақты ара оңдырмай .
Енді тимен оған мен.
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен.
Тапсырма: өлеңде омоним бола алатын сөздерді табу және оларды қатысты-
рып сөз тіркесін құрау.
Мысалы: қасына бару, қара қас, қас болу;
Баланың сөзі анық, тілі ширақ болу үшін оған жаңылтпаш айтуды үйрету қажет. Қадыр ағамыздың туындыларының бірі – жаңылтпаш. Қане, жаңылтпаш
айту сайысын өткізейік.
Алма алма, бал ал!
Жая алма, жал ал!

Атпақ ек бір – бір құр,
Қу екен құр құрғыр
Таптырмай қырдан құр
Қайттық біз құрдан құр.
Ал, балалар, жаңылтпаштардың ішінде омоним болып тұрған сөздер бар ма?
Олар қандай сөздер? Қай сөз табынан болып тұр.
Оқулықпен жұмыс
62 – жаттығу . Тыйым сөздерді оқушыларға оқыту.
Адамға саусағыңды шошайтпа. Адамды санама. Тамақты асығып ішпе.
Ас қайырмай дастарқан басынанан тұрма. Ауруға күлме. Әдепсіз болма.
Бас киімді айналдырып киме. Босағаға сүйенбе. Бір қолмен нан үзбе.
Тыйым сөздерді кімдер шығарған?
Тыйым сөздерді есте сақтап, орындау қажет пе ?
Әдептілікке қандай қасиеттерді жатқызамыз?
Сөйлемдерден омоним және көп мағыналы сөздерді табыңдар.
63 – жаттығу Дәптерге жазып, омоним сөздерді табу.
Пышақ пен Қайшы бірге өсті.
- Менің жүзім екеу! – деп мақтанды Қайшы.
- Екі жүзді болғанның несі жақсы дейсің ? – деді Пышақ.
( Омоним болатын сөзді тауып сөйлем құрастыру)
Жүз – қайшының жүзі;
• суға жүз;
• жүз жылқы;
• жүзге бөлінді;
• жүз көрісу.
Қайшының жүзі күнге шағылысып жарқ –жұрқ етеді. Ағам маған суда жүзуді үйретті. Жүз жылқы бір мезгілде құлындап, ауыл адамдары қымызға
қарқ болды. Абылай хан -қазақтың үш жүзінің басын қосып, елдің ынтымағын
нығайтқан қайраткер. Досыңмен жүз көріспестей болудың қажеті жоқ.
Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1. деңгейлік тапсырма .
Асанның жасы 11 –де. Көз жасы мөлтілтеп тұр. Жас дәуіріңде өнер-білім үйрен.( Берілген сөйлемнен омонимді тап).
2 –деңгейлік тапсырма.
Жаз, жастық, ара сөздерінің омонимдік мағынасын көрсететіндей сөз тіркестерін құрап жазу.
3 – деңгейлік тапсырма.
Сурет бойынша мәтін құрау
4 – деңгейлік тапсырма.
«Менің әжем», «Ата салтым» тақырыбына шығарма, өлең жазу (ішінде омоним болуы шарт)
Топтастыру стратегиясы

Әр түрлі сұрақтарға Дыбысталуы жауап береді бірдей

Омонимдер

Мағыналары Әр сөз табынан
әр түрлі болады
Сабақ қорытындылау.
Оқушылар білімін бағалау
Үйге тапсырма : Омоним сөздері бар өлең шумақтарын жазып келу. Тәрбие.орг сайтынан Фонетика. Тіл дыбыстары. Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мамытова Айгүл

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 631 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar