Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Фонетика. Тіл дыбыстары
  • 23.12.2016
  • 237 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20659

Қазақ тілі 5 сынып Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Матеева Галия Сагимбаевна
Сабақтың атауы Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Жалпымақсаттар А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тәнтану.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Үй тапсырмасын сұрау
"Кім жылдам" сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?
Мағынаны тану
Балалар! Қазақ тіл білімі үлкен 3саладан тұрады.1.Фонетика. 2.Лексика.
3.Грамматика а) морфология б) синтаксис .
Біз өткен сабақта Лексика саласын аяқтадық. Ал бүгін, тіл білімінің тағы бір үлкен саласы Фонетиканы бастағалы отырмыз.
Фонетика гректің «фоно» сөзі «дыбыс» дегенді білдіреді.Фонетика ғылымы тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді, яғни, дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.
Адам баласының тілі –дыбыстық тіл.Тіл дыбыстары адам пайда болғалы бірге өмір сүріп келеді. Тіл дыбыстары болмаса тіл өмір сүре алмайды.Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қайталанып қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады.
1-шісі:оның сапалық сипаты.мыс: мал, тал, қол. Бұл сөздердегі дыбыстың саны бірдей , бір дыбысы өзгерген сайын, мағыналары да өзгереді.2-шісі:сөздердің дыбыс саны әр түрлі болады.мыс: бала ,ала, ал.
3-шісі:сөздердегі дыбыстың орын тәртібі, яғни, дыбыстардың орын ауысуы. мыс:тас-сат, қас-сақ, қош-шоқ т.б.
Біз әріптерді көреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және айтамыз.Әріптер кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе(а,ә,ұ,ү) ал кейде, бір әріптер (ю,я,ё) бірнеше дыбыстың қосындысын өрнектейді (иу, иа, ио). Мына әріптердің дыбыстың мәні жоқ (ь,ъ).
Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.Олар: өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай (суретте) жатады.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
Қосымша Шығармашылық жұмыс. «Кім шапшаң?»
І. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Жы.. дам, сабы.. лы, с.. лемдесу, әлпе...
2. Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп - жұбымен жаз.
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату.
Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
Үлгі: Түзу - қисық, жұмсақ - қатты.
Ой толғаныс
Метаграммаларды шешіңдер.
Егер т-дан бастасаң-
Биіктердің биігі.
Егер д-дан бастасаң,
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)
Егер б-дан бастасаң-
Түтіндей боп көшемін.
Егер н-дан бастасаң-
Жап-жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң-
Ішкен жанға кеселмін (бу,ну,у)
Шығармашылық жұмыс.
1. Адасқан әріптер
а) р, д, о, м, ы, а, б б) й, ж, ы, а, л,ы ж г) й, а, б, а, т, л, а
ә) н, е, д, м, ә, е, т, и в) е, б, к, е, ж, е ғ) з, с, а, ө, у, р
2. Дыбыстық математикалық талдау
А) Бер: домбыра Ә) Бер:мәдениет
O =□+∆ O =□+∆-?
Шешуі:7O =3□+4∆ Шешуі: 8 O=4□+4∆
7O =3□(о,ы,а)+4∆(д,м,б,р) 8 O=4□(ә,е2,и)+4∆(м,д,н,т)
Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау.
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым
А. Синтаксис
В. Фонетика
С. Лексика
Д. Морфология
2. Фонетика сөзі қай тілден енген.
А. Латын
В. араб
С. грек
Д. парсы
3. Дауысты дыбыстарды ажырат.
А)б.в.ғ.д,г. С)м.н.с.т,
В)ұ,ү,ы,і,у, Д)р,ф,ң,ъ,ш
4. Дауыссыз дыбыстарды ажырат.
А) я, ю, у, е С) ә, е, ң, ү
В) а, о, ы, ұ Д)ж, з, п, т, с
5. Тіл дыбыстарының жасалуына қатысты сөйлеу мүшелерін тап.
А) көз, қас, ауыз, қуысы С) тіс, құлақ, бас
В) өкпе, тамақ, тіл, Д) өкпе, бауыр, мұрын
6. Қазақ тілінде неше әріп бар.
А)40 с)41
В)45 Д)42
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс Тәрбие.орг сайтынан Фонетика. Тіл дыбыстары Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Матеева Галия Сагимбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Фонетика., Тіл, Қазақ тілінен ашық сабақтар, дыбыстары
Көрсетілім: 237 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar