Үй жануарлары

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 793
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 12/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22586


Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың төрт түлік мал туралы қаншалықты деңгейде меңгергендерін анықтау, қайталау
2)Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3) Ауызша және жазбаша тіл байлықтарын дамыта отырып, өз ойын еркін, толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: «Төрт түлік» туралы слайдтар, үнтаспа, «төлдерді сипаттау» ойыны, «Ғажайып сандық» ойыны, «Әрі оқу, әрі ойын» ойыны
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік әдістер, топпен жұмыс, сипаттау
Сабақ технологиясы: Сыни тұрғысынан ойлау.
Сабақтың барасы: І Ұйымдастыру кезеңі
а) - сабаққа дайындықтарын тексеру
- сабақтың ережелерімен таныстыру
- топ ережелерін тақтаға іліп қоямын
1 – ереже: Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2 – ереже: Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 – ереже: Сабақта тақырып бойынша сөйлесеміз!
4 – ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
5 – ереже: Ойымызды толық айтамыз!
Сабаққа психологиялық ахуал
ІІ Үй жұмысын тексеру
Үйге бір аң туралы қосымша мәлімет жинап келу тапсырылған болатын (әр оқушы шығып оқиды)
Жұппен жұмыс. «Сен маған,мен саған» қарсы сұрақ . Өткен тақырыптар бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.
Мұғалім: Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Ол үшін сендерге сөздердің басын айтамын, сендер жалғасын табыңдар. Осы малдың төлдері бойынша топқа бөлінеміз.
Ой қозғау «Әрі оқу, әрі ойын» ойыны
1)верблюжонок – ботақан
ягненок – қошақан
2)давно – бұрын
жеребенок – құлын
3)гора –тау
теленок – бұзау
4)белый – ақ
козленок – лақ

«Ғажайып сандық» ойыны
Балалар, сандықтың ішінде нөмірмен белгіленген асықтар бар. Әр топтан 1 оқушы келіп, сандықтың ішінен асықты алып, тапсырмаларды топпен бірлесіп жауап бересіңдер.

Топқа ұсынылатын тапсырмалар
І топ
Төрт түлік туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?
ІІ топ
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер айту
ІІІ топ
Төрт түлік туралы жаңылтпаштар айту
ІV топ
Төрт түлік малдың пайдасы туралы айту
V топ
«Төрт түлік» малға байланысты тыйым сөздер жазу
Дәптермен жұмыс
Сөздерді септеу
І топ – лақ
ІІ топ – ботақан
ІІІ топ – құлын
ІV топ - бұзау
V топ – қошақан
Сергіту сәті: «Қошақан» әні
Ұжымдық жұмыс
Сипаттау ойын әдістері арқылы көрсетеді. Үй жануарларын сипаттау.
Сабақты қорытындылау. Тест жұмысы
1.Сөйлемді жалғастыру
Сиыр сүт ... .
а) береді
ә) алады
б) жабады
в) қарайды
2.Қойдың төлі - ...
а) құлын
ә) қошақан
б) лақ
в) ботақан
3.Қойдың пірі - ...
а)Зеңгі баба
ә)Ойсылқара
б)Шопан ата
в) Қамбар ата
4.Жабайы аңдар ... тіршілік етеді.
а) үйде
ә) орманда
б) қорада
в) үйшікте
5.Төрт түлікке жататын малдар - ...
а) сиыр, ешкі, сиыр, жылқы
ә) түйе, жылқы, сиыр, қой
б) қой, мысық, ит, қозы
в) түйе, жылқы, сиыр, лақ
6.Толықтыр
... – малдың үркегі.
а) түйе
ә) жылқы
б) сиыр
в) қой
7.Жылы жерді жақсы көретін үй жануары - ...
а) ит
ә) мысық
б) түйе
в) ешкі
8.Сиырдың пірі - ...
а) Ойсылқара
ә) Зеңгі баба
б) Шопан ата
в) Қамбар ата
9.Түйе сүтінен ... жасалады.
а) қымыз
ә) шұбат
б) айран
в) ірімшік
10.Толықтыр
... – түліктің үлкені
а) түйе
ә) жылқы
б) сиыр
в) қой
Үйге тапсырма:
• «Төрт түлік мал» бес жолды өлең жазу
ББҮ кестесін толтыру
Білемін Не білгім келеді? Үйрендім

Жұппен жұмыс
Тест жұмысын критерий бойынша бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Үй жануарлары Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұрмағамбетова Қымбат Жамбырбайқызы

СҚО Петропавл қаласы "БЭСТ" гимназиясы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar