Көп мағыналы сөздер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 678
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22617


Жалпы білім беретін Сырым ортп мектеп – балабақша кешені
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Бахитжанова Гулжанат Есентаевна
5-сынып. Қазақ тілі
Тақырыбы Көп мағыналы сөздер
Мақсаты Көп мағыналы сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту. Түрлі суреттерді,ойын түрлерін пайдалана отырып оқушының білімін тереңдету. Оқушылардың тапқырлық, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Жалпы мақсаты Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тақырыпты жан-жақты ашу, түсіндіру.
Күтілетін нәтие Оқушылар шығарманы өз беттерімен оқып түсінеді. Әуелі, топта, содан кейін келесі топқа түсіндіріп, кейін сынып болып талқылып, шығарманы меңгереді.
7 модульдің қолданылуы АКТ, СТО
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Жұптық оқыту
Қолданылатын ресурстар кесте,интерактивті тақта, түрлі түсті бояу, маркер, А4 форматтағы беттер, тақырыпқа байланысты суреттер, магнит.
Бағалау Қалыптастырушы. Оқушылар бүгінгі сабақты қалай меңгергендеріне, белсенділіктеріне қарай келесі сабақ «Омонимдер аралына» қандай көлік түрімен баратындарын анықтайтын болады.

Сабақты өте жақсы меңгерген оқушылар «Омонимдер аралына» ұшақпен саяхат жасайтын болады.

Сабақты жақсы меңгерген оқушылар «Омонимдер аралына»
поезбен саяхаттайтын болады.

Сабақты қанағаттанарлық дәрежеде меңгерген оқушылар «Омонимдер аралына» машинамен саяхатжасайтын болады.

Сабақ кезендері Тапсыра Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуал • Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын қадағалау.
• Оқушылар назарын сабаққа аудару.
• Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Назарларын сабаққа аударады. Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, сабаққа дайындықтарын пысықтап алады.
Қызығушылықты ояту Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашу үшін бірнеше жұмбақтар жасырылады.

1. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі)
2. Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары ары ала. (Егіннің басы)
3. Күмбір – күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ)
4. Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас. (Тіс)

Осы жұмбақтардың шешімі арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасалады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, сол арқылы ойлары тыңдалады.
- Балалар, жұмбақтардың жауаптарын дұрыс таптыңдар. Бәрекелді. Ал енді, мынаған назар аударайықшы. Тағы ненің көзі, басы, құлағы, тісі болуы мүмкін.
Оқушылардың жауаптарының нәтижесінде көп мағыналы сөздердің ережесі құрастырылып, кітаппен жұмыс жасалады. Оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында бірнеше жұмбақтар жасырып, шешіміне байланысты сұрақтар қояды. Оқушылар жасырылған жұмбақтардың шешімін тауып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпқа кіріспе жасайды.
«Ассоциация» Оқушылар тақырып бойынша кітаппен жұмыстана отырып, топтастыру жұмысын жасайды

Мұғалім оқушыларға бағыт бере отырып, оларды кітаппен жұмыстандырады. Топтастыру жұмысын жасатып, тақырыпты қысқаша дәптерлеріне жаздырады. Оқушылар мұғалімнің берген бағыт-бағдары, түсіндіруі бойыншакітеппен жұмыстана отырып, тақырыпты өз беттерінше оқып, топтастыру жұмысын жасау арқылы меңгереді.
«Сәйкестік тесттері» Оқушылар суретпен жұмыстана отырып, берілген тірек сөздерді қажетті суреттермен сәйкестендіреді. Нәтижесі бойынша көп мағыналы сөздерге тоқталады.







Құлақ: адамның құлағы, есіктің құлағы, домбыраның құлағы.
Бас: адамның басы, шөптің басы, таудың басы.
Көз: күннің көзі, иненің көзі, терезенің көзі. Мұғалім оқушыларға қасындағы көршілерімен жұптастыра отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында сәйкестендіру жұмысын жасатады. Оқушылардың жүйелі сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту мақсатында әр сөзге сөйлем құрата отырып, мысалмен дәлелдетеді. Оқушылар жұптарымен жұмыстана отырып, сәйкестендіруге берілген тапсырманы орындайды. Кейін, сыныппен талқылай отырып, көп мағыналы сөздерге тоқталып, сөйлемдермен мысал келтіріп, өз білімдерін көрсетеді.
«Адасқан әріптер» Тапсырма әр жұпқа жеке парақтармен беріледі. Оқушылар жұптаса отырып, адасқан әріптер ішінен көп мағынаға ие болатын сөздерді ерекшелеп белгілеулері керек. Кейін, сынып болып талқылып, әр сөзге тоқталып, не үшін көп мағынаға ие болып тұрғанын дәлелмен айтады.

А Қ О Л Р Т Ю Ь Т І С Ъ
Т К К А Ц К Н Ж Ү З Б О
Ү Е Ө В Б А С П П А П Б
Б Д З Р Е А К І Л Т Ч У
І Ж М О Т Г Ш А У Ы З Ы
Р А Я Қ Қ Ұ Л А Қ Н Г Н
Ы Ғ И У К Е Т Е К Щ З Х
У А Р Қ А С Б Е Л Ф Ц Й
Мұғалім әр жұпқа адасқан әріптер жазылған карточкалар мен маркерлерді таратып беріп, тапсырманың шартын түсіндіреді. Уақыт аяқталғаннан кейін, әр жұптың жұмысын тексеріп, сынып болып талқылайды. Оқушылар берілген карточкалардан көп мағыналы сөздерді тауып, белгілейді. Ой ұшқырлықтарын, шапшандықтарын, қырағылықтарын байқатады.
«Жеке ойлау уақыты» әдісі Оқушылар тақырыпты қорытындылау мақсатында көп мағыналы сөздерді қатыстыра отырып, еркін тақырыпта мәтін құрастыру. Оқушылардың көп мағыналы сөздерді орынды қолдануларына, сөз саптауларына да мән беріледі.

Мысалы:Атам белі сыздап, аяғы аурса да мені ылғи арқасына салып жүреді. Көзі әлі де болса қырағы, құлағы сақ. Бетінен ажары кетпеген атам пышықтың жүзіндей жарқырап жүргенді ұнатады. Аузын ашса ар жағынан алтындай жүрегі көрініп тұрады. Ауылының сыйлы ақсақалы, әрі бәріне бас болып жүреді. Бұрынғының қол бастаған көсем, сөз бастаған шешендерінен еш кем емес. Оқушыларға тақырыпты қорытындылау мақсатында көп мағыналы сөздерді қатыстыра отырып, еркін тақырыпта шағын мәтін құрауға тапсырма береді. Оқушылар өз қалаулары бойынша еркін тақырып таңдап, көп мағыналы сөздерді қатыстыра отырып мәтін құрайды.
Кері байланыс Оқушылар берілген қызыл, сары және жасыл түсті жетондардың біріне (сабақты қаншалықты түсінгендеріне байланысты) өз пікірлерін, ойларын жазып, тақтадағы бағдаршамға іледі. Мұғалім оқушыларға жетондарды таратып беріп, сабақты қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайтын болады. Оқушылар берілген бағдаршам түстеріне сәйкес жетондарға тақырыпты қаншалықты меңгергендерін жазып, сабақты қорытындылайды.
Үй тапсырмасы Алдағы үлкен белден аса берген шал көзі кіртиіп, буындары сырқырып, аяқ – қолы қалтырап, арқасындағы сөмкесін тастай сала жерге отыра кетті. Осы сөйлем ішінен көп мағыналы сөздерді теріп жазып, мағынасын ашу. Үй тапсырмасын беріп, шартын түсіндіреді. Үй тапсырмасының шартымен танысып, жазып алады.
Бағалау Оқушылар сабаққа қатыстарына, тапсырмаларды орындау деңгейлеріне, тақырыпты меңгерулеріне қарай бағаланады. Оқушыларды бағалап, сабақты қорытындылайды. Оқушылар сабаққа қатыстарына, тапсырмаларды орындауларына қарай бағаланады. Тәрбие.орг сайтынан Көп мағыналы сөздер Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бахитжанова Гулжанат Есентаевна

Пікірлер: 0

avatar