Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Көп мағыналы сөздерге жаттығу, талдау жұмыстары
  • 22.01.2017
  • 151 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21232

Умарова Айнұр Қамиқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаңаталап селосы Жамбыл атындағы орта мектеп
Атырау қаласы
Атырау облысы

Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздерге жаттығу,
талдау жұмыстары
5 сынып Қазақ тілі

Мақсаты: 1. Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын омонимдерден айырмашылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру;
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап,сәйкестендіру, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі. Тірек сызбалар, интерактивті тақта, парақшалар, қобдиша, алтын теңгелер (бағалау смайликтері).
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 7 мин
54-жаттығу.
Ережені пысықтау (Доп лақтыру арқылы ережелер сұралды.)
ІІІ. Жаттығу, талдау жұмыстары.
Қызығушылықты ояту. 1 мин
Ер Төстік: - Балалар,бізге көмектесіп жіберсеңдер қайтеді?
• Тапқыр болсаң тауып көр. 3 мин

Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап:
1. Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
2. Ол сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы – Алланың добы.
3. Асанның көйлегінің жағасы үнемі тап-таза болып жүреді. Балалар көлдің жағасына қарай жүгіре жөнелді.
• Кестені толтыр: 5 мин Жылы, кілт сөздерінің мағыналарын жазу.
• Оқулықпен жұмыс 5 мин
54-жаттығу
* Мәтінді түсініп оқып, көп мағыналы сөздерді теріп жазыңдар.
• Тапқыр болсаң тауып көр 5 мин
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап:
. Жас ... , жас ... , жас ... , жас ... , жас ... ;
2. ...беті, ... беті, ... беті, ... беті;
3. ... тілі, ... тілі, ... тілі, ... тілі, ... тілі;
4. ... ауызы, ... ауызы , ... ауызы, ... ауызы;
5. Шолақ ... , шолақ ... , шолақ ... ;
6. ... қану, ... қану, ... қану, ...қану.
* Кім жылдам? 5 мин
Жаңылпаштарды оқы, қайтала, ішінен көп мағыналы сөздерді тап.
Атам томағаламаған бүркітті
Мен томағаламағанда кім томағаламайды?

Қыста құлағым үсіп кетті
Үсіп, ісіп кетті.
Кім көп біледі? (Топтық жұмыстар) 7 мин
 І топ: Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
 ІІ топ:Берілген сөздің мағыналарын жазып, мысалдар келтір.
 ІІІ топ: Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал-мәтелдерді жазу.
• Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда... 3 мин
Жұмбақтарды шешіп, шешуіндегі сөздің көп мағыналы сөзге жататын, жатпайтынын анықта.

. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
2. Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада.
3.Жаурағанды күлдіреді,
Аяғы жоқты жүргізеді.
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдіреді.
• Жүйрік ой 1 мин
 1. ... жүзі, ...
 2. ... аяғы, ...
 3. Биік ... , ...
Үй тапсырмасы: 1 мин
 1) Ережені оқу.
 2) 59-жаттығу.
-Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында мақсатыма жеттім,сендерге көп рахмет.Ұзақ жолдан сендерге сыйлық ала келдім.
Кобдишаның ішінен сыйлық ретінде бағалар шығады. «4» және «5» бағаларын сыйлық ретінде оқушыларға таратамын. (3 мин)

Жамбыл орта мектебі

Ашық сабақ


(Мектепшілік пәндік семинарда таратылған сабақ )
Көп мағыналы сөздерге
жаттығу, талдау
жұмыстары


Өткізген:
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Умарова Айнұр Қамиқызы

2016/17 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Көп мағыналы сөздерге жаттығу, талдау жұмыстары Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умарова Айнұр Қамиқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: жаттығу, Көп, жұмыстары, талдау, мағыналы, сөздерге, Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 151 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar