Көсемшенің түрленуі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 63
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 30/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23213


Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі. Сабақтың мақсаты: а) білімділік – оқушылардың көсемше туралы білімдерін кеңейтіп, көсемшенің жіктелуі туралы мәлімет бере келіп, түрленген уақытта қандай айырмашылық болатынын ұғындыру. ә) дамытушылық – жаттығуларды талдау барысында есімшемен шатыстырмай тез таба білуге үйрету, ойлау қабілеттерін шыңдауға баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту. б) тәрбиелік – орындалатын жаттығулар арқылы өз ойын еркін жеткізуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы. Сабақтың әдісі: СКТ,СТО,түсіндіру,топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, тақтамен жұмыс, ой қорыту. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі. Көрнектілігі: слайд, кесте, Кубизм әдісі, Венн диаграммасы Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі. а) Сәлемдесу. ә) Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру. б) Назарларын сабаққа аудару. II. Негізгі бөлім. а) Үй тапсырмасын тексеру. Сандықта сұрақтар жазылған қағаздар болады. оқушылар кезек-кезек келіп, қағазды алып жауап береді. 1. Есімше деген не? 2. Есімшенің сұрақтарын ата 3. Есімшенің тәуелденіне мысалы келтір 4. Есімшенің септелуіне мысал келтір 5. Есімшенің жіктелуіне мысал келтір. 6. Есімше көптеле ме? Мысал келтір. 7. Мысалдағы есімшенің қызметі не? Көшкен ауылды іздеп табалық. “Кім жылдам” ойыны. Зат есім тауып тіркеңдер,мысалдағы есімшенің қызметі не? .....еңкейген ....оқыған .....келер ....ербиген ....масайрап ....селтеңдеген ....еңбектеген ....жазбақшы Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. К Ө П Т І К Ө З С Е П Т І К Е Т І С Т І К М А Қ Ш А Қ Е С І М Ш Е 1. – лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер- ... жалғауы. 2. Тек бір ғана есімшенің түрленуі арқылы жасалатын есімдік түрі. 3. Қазақ тілінде 7 ... бар. 4. Есімше, етіс, көсемше, шақ, рай- бұлар .... 5. Есімшенің жұрнағы. 6. Осы, келер, өткен .... 7. Етістіктің ерекше түрі. Ал, балалар біз бүгін етістіктің тағы бір ерекше түрі көсемшемен танысамыз. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар. ә) Жаңа сабақ: Көсемшенің түрленуі. Сабақтың мақсатын айту. Балалар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Көсемшенің түрленуі». «Топтастыру»әдісі. етістіктің ерекше түрі Оқулықпен жұмыс «Шышылған етістіктер». Терме диктант. Сатылай кешенді талдау.Фонологиялық талдау Баба 1. Бұл жуан буында сөз. 2. Ба-ба болып екі буынға бөлінген, екеуі де ашық буындар. 3. Ба- болып екі жағдайда тасымалданады.Буын жігіне сай тасымалданған. ба 4. Бұл сөзде екпін а дауысты дыбысына түсіп тұр. 5. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз. 6. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз. Сабақты бекіту: Кубизм әдісі 1. Суреттеңіз Көсемше туралы айту, ереже 2. Саралаңыз Көсемшенің жасалуы 3. Салыстырыңыз Көсемше мен есімшені Венн диаграммасы арқылы салыстыру (флипчартқа орындау) 4. Зерттеңіз. Көсемше орыс тілінде бар ма? – Деепричастие 5. Қолданыңыз. Берілген етістіктердің ішінен көсемше тұлғалы етістіктерді табу, сөйлем құрау. Айтты, жүргізді, жазғалы, отыр, айтыпты, келеді, жапқалы,санай, алып барады, келіп отыр. 6. Талда. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса Қорытынды:«Тізбек» ойыны. Бірінші топ оқушысы түбір етістікті айтады, келесі топ көсемшенің жұрнағын жалғайды, ал соңғы топ жіктейді. Үйге тапсырма Ереже. Көсемшенің түрленуі. Кері байланыс орнату. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бағдаршам түстері арқылы көрсету. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Көсемшенің түрленуі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жалелова Анар Ергазиновна

ШҚО Шемонаиха ауданы Выдриха мектеп- балабақша кешені қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar