Күз пейзажы 7 сынып

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 312
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 01/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19852


Астана қаласы
"№45 орта мектеп" ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Атагожина Анар Әшиқызы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ
Сабақ: қазақ тілі
Мектеп: №45 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Атагожина А.
Күні: Тақырыбы: Күз пейзажы
СЫНЫП: 7 «Б» Қатысқандар: 15 Қатыспағандар:0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Шағын мәтін негізінде оқушыларға күз мезгілі туралы ақпарат беру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындайалады: Күз туралы толық ақпарат бере алады. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі орындайалады: Күз мезгілін қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.
Кейбір оқушылар орындайалады: тақырып аясында сыныптастарымен күз мезгіліндегі табиғат пейзажы жайлы тілдесе алады, қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.
Алдыңғы оқу:
5 мин «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен сабақтың тапсырмасы тексеріледі. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
- Оқушыларға ақындардың «Күз» туралы өлеңдерін
оқиды, оқушылар өлең не туралы екенін, қай мезгіл екенін табу керек. (мысалы: Абай өлеңі)
- Немесе, интерактивті тақтадан «Табиғат көріністері»
циклынан күз мезгіліне қатысты бейнебаянды көрсетеді. Оқушылар қай мезгіл екенін табады. Яғни, бүгінгі тақырыбымыз «Күз пейзажы» деп айтылады.
Топқа бөлу: «Көктем. Жаз. Қыс.» мезгіліне байланысты суреттерді «Пазл» әдісі арқылы топтасады.
«Ой қозғау» стратегиясы арқылы «Күз қандай болады?» деген сұраққа «Жалғыз құты» органайзері арқылы жауап береді.

ТЖ. Сөздікпен жұмыс.Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады. Берілген тірек сөздерді қолданып, күз туралы сөйлемдер құрайды, жазады, топ алдында оқиды.
Мәтінмен жұмыс.Кітапта берілген мәтінді оқиды, аударады.
«Уақыт тізбегі» органайзеріне салады.

Сергіту сәті. Төбелеріне 1 қағазды қояды, қалам немесе қарындаш алып, мұғалім айтқан суретті салу керек. Мысалы: қағазға шеңбер сызыңыздар, ортасына арал салыңыздар, қайық, кеме, яхта салу керек, жағасына 3 пальма және пальманың қасына өзіңізді салыңыз. Ақындардың өлеңдері
Күз мезгіліне қатысты бейнебаян.
Мезгілдердің суреттері
Интерактивті тақта
«Уақыт тізбегі» органайзері
«Алтын күз» тақырыбына постер құрайды, қорғайды.
Тілдесім.Тақырып бойынша екеуара бірігіп диалог құрайды. (ауызша)
«Сыр сандық» ойыны. Сандыққа салынған сөздерді (сөздіктегі сөздер, т.б) бір-бірлеп алып, орысша, немесе қазақша аударады (есте сақтау қабілетін дамытады)
«Алтын күз» постері
«Сыр сандық» ойыны

«5 жолды өлең» әдісі .Әр топ күз туралы өлең шығарады.
Бағалау. Критерийлер бойынша топтық жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма.
Рефлексия. Смайлик арқылы
Смайликтер

Оқушының аты – жөні: _____________________________________
Бағалау критерийлері Дискрипторлар Қорытынды
Үй тапсырмасы

3 ұпай «Күз қандай болады?» деген сұраққа жауап береді
5 ұпай
Берілген тірек сөздерді қолданы, күз туралы өз мәтіндерін құрайды
5 ұпай Мәтінді оқиды, аударады.
4 ұпай
«Алтын күз» тақырыбына постер құрайды
5 ұпай
Диалог құрайды. (ауызша)
4 ұпай
«Сыр сандық» әдісі сөздерді аударады
3 ұпай
«5 жолды өлең» әдісі
5 ұпай
Шағын мәтін
негізінде оқушыларға күз мезгілі туралы ақпарат береді
«5» - 28-33
«4» - 27-20
«3» -19-12
«2» - 11 төмен Тәрбие.орг сайтынан Күз пейзажы 7 сынып Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Атагожина Анар Ашейевна

Астана қаласы №45 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті

Пікірлер: 0

avatar