Кел, Жаңа жыл!

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 248
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 28/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21383


5 «В» сынып
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл!

Мақсаты:
Жаңа жыл мерекесі туралы тақпақтарды меңгеру, барыс және жатыс септіктерінің жасалуын қайталау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау,сауатты жазуға дағдылану.
Күтілетін нәтиже:
Балалар өлең шығара алады, барыс және жатыс септіктерін ажырата алады, сөздік қорлары молаяды, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, еркін сөйлейді, идея айтады, қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: ИКТ, сұрақ – жауап, аударма, сөзжұмбақ, ыстық орындық, ИНСЕРТ, блоб ағашы.
Қолданылған модульдер: АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар, дарынды оқушылар, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, көшбасшылық, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлістерме қағаздар, көрсетілім.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу
Ә) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Мен саған бақыт тілеймін.
Б) кезекшімен сұхбат

II. Үй жұмысын тексеру. Ыстық орындық әдісі арқылы Жаңа жыл туралы тақпақтарды сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ шешеміз:
1. Шыршаның түсі
2. Біздің елордамыз
3. Аю – ол не?
4. Қыста не жауады?
5. Қыстың бірінші айы
6. Қазір қай жыл мезгілі?
7. «Снеговик» сөзінің аудармасы
- Балалар, сөзжұмбақта қандай негізгі сөз жасырынып тұр екен? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Дұрыс, бүгінгі тақырыбымыздың аты - Жаңа жыл және грамматикалық тақырыбымыз – барыс және жатыс септіктері.

2) Ассоциация. Топтастыру.
Балалар, Жаңа жыл сөзін естегенде қандай сөздер ойларына келеді? Жаңа жылда біз не істейміз? (ән айтамыз, би билейміз, сыйлық сыйлаймыз, тілек айтамыз) Тәрбие.орг сайтынан Кел, Жаңа жыл! Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садыкова Асель Нурлановна

СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Рузаевка селосы, Калинов орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar