Келер шақ. Болжалды келер шақ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1088
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 13/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21001


Пәні: Қазақ тілі.
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Келер шақ оның ішінде болжалды келер шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Көрнекілігі: тақта, мақал-мәтелдер жазған хаттар, «Шыңға өрлеу» ойыны, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық көңіл күй: «Сәлемдесу»
- Сәлеметсің бе, Көк аспан?
- Сәлеметсің бе жер – ана?
- Сәлеметсіз бе, қонақтар?
- Сәлеметсіз бе, ұстазым?
- Сәлеметсің бе, достарым?
-Сәтті өтсін бұл сабақ
-Сәтті болсын күніміз!
Сынып үш топқа бөлінеді. І топ осы шақ, ІІ топ өткен шақ, ІІІ топ келер шақ .Топтық жұмыс жүргізіледі.
Үй тапсырмасы:
1.Етістіктің шақтары деген не?
-Сөйлеп тұрған сәтте байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
2.Шақтың қандай түрлері бар?
-Осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
3.Осы шақтың мағыналық белгілері қандай?
-сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді; әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.
4.Өткен шақ нені білдіреді?
-өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алдағы 2 күнде Қазақстанның көптеген бөлігі кең ауқымды ызғардың ықпалында болады, сондықтан республиканың көптеген аймақтарында ашық ауа райы сақталады, ал солтүстігі мен шығыс бөліктерінде түнгі мезгілдерде салқын болады. Тек республиканың батыс бөлігіне ғана салқын жел соғады, олар біртіндеп батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге тұрақсыз ауа райын әкеледі. 31 қазаннан бастап-ақ еліміздің орталық, оңтүстік және солтүстік аймақтарында қар жаууы ықтимал. Петропавл қаласында ауаның температурасы 0-ден төмен болады»

- Балалар, бұл ауа райы болжамы қай шақта айтылып тұр?
- Оқушылардың жауабы.
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Олай болса, келер шаққа қалай анықтама беруге болады?
- Келер шақта қимыл әлі болмаған, бірақ болатыны туралы айтылады.
- Келер шақта іс-әрекет сөйлеп тұрған мезгілден соң болатынын білдіреді.
- Ендеше, өзіміз ережесін шығарып көрейік, сонда ережесі: (слайд)

(Оқушылар, ережені жазып болсаңдар, назарларыңды тақтаға аударыңдар)
Келер шақтың түрлері түсіндіріледі.
Келер шақтың жасалу жолы мен мағынасына қарай үш түрі бар:

Тақтада мақал-мәтелдер жазылып тұрады. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқиды. Етістіктің тұлғасына талдау жасайды. Етістіктегі есімше жұрнақтарына назар аудару.

Сонда ережесі:
- Оқушылар ережені айтады.

Жасалу жолы түсіндіріледі.

Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
жақ Жекеше Көпше
І
ІІ

ІІІ Айтармын
Айтарсың
Айтарсыз
Айтар Айтарсыңдар
Айтарсыздар
Айтар
Дәптермен жұмыс:
«І» тобы – 1-тапсырма. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.
«ІІ» тобы – 2- тапсырма. Берілген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.
«ІІІ» тобы – 3-тапсырма. Оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын жазып түсіндіріңдер
«Шыңға өрлеу» ойыны. Шыңға шығар кезде әр түрлі аңдарға кездесеміз. Кедергіден өту үшін олардың бізге дайындаған сұрақтары бар, соған жауап берейік.
1.Берілген сөзге шақ жұрнақтарын жалға.
Ал, бер, жаз
Ал-ды, бер-ер, жаз-ып отыр.
2.Кең дала ақ көрпеге оранған болатын.
Етістік қай шақта тұр?(бұрынғы өткен шақ)
3.Мүмкін ертең келіп қалар.
Етістік қай шақта тұр? (болжалды келер шақ)
4.Оқушылар мұз айдынында коньки теуіп жүр.
Етістікті тап. Қай шақта тұр?
(шаңғы теуіп жүр, күрделі осы шақ)
«Сергіту сәті».

Топтық жұмыс:Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған хаттар таратылады. 1 минуттың ішінде мақал-мәтелдерді дұрыс құрастырып, мағынасын айтады. Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтайды.

Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Берілген етістіктің тұлғаларына сөйлемдер ойлап жазыңдар. Қай шаққа жататынын анықтаңдар.
-атын еді, -ып отыр, -ар еді, -ар, -ды, -ған.
ІІ деңгей.
Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.
Жүгірген, сөйлеп отыр, жазар.
І деңгей.
Етістіктің болжалды келер шағын қатыстыра отырып, еркін тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.
Семантикалық кесте

№ Етістіктер осы шақ өткеншақ келершақ

1 Асан мен Әрсен ауылда қалды +

2 Асан мен Әрсен далада ойнады +

3 Балалар сабақ оқып отыр +

4 Асан ауылда қалғанына жылады +

5 Оқушылар кеше сабаққа келмеді +

6 Арай қалаға барар еді +

7 Олар ертең қалаға кетеді +

8 Әрсен Асанды жұбатып отыр +

9 Бәрінде ұмытып қалыппын +

10 Алыстан сағым елестейді +
Сабақты бекіту кезеңі: Шығармашылық жұмыс.
Үш топқа сюжетті суреттер беріледі. Әр топ сурет бойынша етістіктерді қатыстырып әңгіме құрайды. Әңгімеден етістіктерді тауып, түрлеріне талдау жасайды.
«Күз» тақырыбына төрт жол өлең жазуларың керек.
1. Рефлексия. Сабақтан алған әсерлерін мұғалім таратқан түрлі-түсті қағаздарға жазып береді.
Үй тапсырмасын беру:
1. Төмендегі етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеу. /көру, сату, білу/
2. Келер шақ, болжалды келер шақтың ережелері мен жасалу жолдарын жаттап келу.
Бағалау кезеңі:

1 Етістік дегеніміз не?
2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Тұлғасына қарай етістік қалай бөлінеді?
4.Етістіктің қандай шақтарын білесіңдер?
5.Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері қандай?
6.Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді?
7.Нақ осы шақ қалай жасалады?
8.Нақ осы шақтың күрделі түрі қалай жасалады?
9.Ауыспалы осы шақ қалай жасалады?
10.Мақсатты келер шақ қалай жасалады?
11.Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай қалай жасалады?
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ арасындағы байланыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Оқушылар, өткен сабақтарымызда етістіктің түрленуін бастадық, етістіктің шақтары туралы түсінік алдық, осы шақ және оның түрлерімен таныстық.

Пәні: Қазақ тілі. Күні: 30.10.2014
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Келер шақ оның ішінде болжалды келер шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Көрнекілігі: тақта, мақал-мәтелдер жазған хаттар, «Шыңға өрлеу» ойыны, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық көңіл күй:

Сынып үш топқа бөлінеді. І топ осы шақ, ІІ топ өткен шақ, ІІІ топ келер шақ .Топтық жұмыс жүргізіледі.
А)Әр топқа үй тапсырмасы берілген, үш топ өз тақырыптарын қорғап шығады.
Ә) Тренинг сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Сұрақтар оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс.
1 Етістік дегеніміз не?
2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Тұлғасына қарай етістік қалай бөлінеді?
4.Етістіктің қандай шақтарын білесіңдер?
5.Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері қандай?
6.Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді?
7.Нақ осы шақ қалай жасалады?
8.Нақ осы шақтың күрделі түрі қалай жасалады?
9.Ауыспалы осы шақ қалай жасалады?
10.Мақсатты келер шақ қалай жасалады?
11.Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай қалай жасалады?
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ арасындағы байланыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Оқушылар, өткен сабақтарымызда етістіктің түрленуін бастадық, етістіктің шақтары туралы түсінік алдық, осы шақ және оның түрлерімен таныстық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алдағы 2 күнде Қазақстанның көптеген бөлігі кең ауқымды ызғардың ықпалында болады, сондықтан республиканың көптеген аймақтарында ашық ауа райы сақталады, ал солтүстігі мен шығыс бөліктерінде түнгі мезгілдерде салқын болады. Тек республиканың батыс бөлігіне ғана салқын жел соғады, олар біртіндеп батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге тұрақсыз ауарайын әкеледі. 31 қазаннан бастап-ақ еліміздің орталық, оңтүстік және солтүстік аймақтарында қар жаууы ықтимал. Көкшетау қаласында ауаның температурасы 0-ден төмен болады»
- Балалар, бұл ауа райы болжамы қай шақта айтылып тұр?
- Оқушылардың жауабы.
- Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Олай болса, келер шаққа қалай анықтама беруге болады?
- Келер шақта қимыл әлі болмаған, бірақ болатыны туралы айтылады.
- Келер шақта іс-әрекет сөйлеп тұрған мезгілден соң болатынын білдіреді.
- Ендеше, өзіміз ережесін шығарып көрейік, сонда ережесі: (слайд)

(Оқушылар, ережені жазып болсаңдар, назарларыңды тақтаға аударыңдар)
Келер шақтың түрлері түсіндіріледі.
Келер шақтың жасалу жолы мен мағынасына қарай үш түрі бар:

Тақтада мақал-мәтелдер жазылып тұрады. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқиды. Етістіктің тұлғасына талдау жасайды. Етістіктегі есімше жұрнақтарына назар аудару.

Сонда ережесі:
- Оқушылар ережені айтады.

Жасалу жолы түсіндіріледі.

Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
жақ Жекеше Көпше
І
ІІ

ІІІ Айтармын
Айтарсың
Айтарсыз
Айтар Айтармыз
Айтарсыңдар
Айтарсыздар
Айтар
Дәптермен жұмыс:
«Әлеке» тобы - 117-жаттығу. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.
«Сәке» тобы - 118-жаттығу. Берілген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.
«Нұреке» тобы - 119-жаттығу. Оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер
«Шыңға өрлеу» ойыны. Шыңға шығар кезде әр түрлі аңдарға кездесеміз. Кедергіден өту үшін олардың бізге дайындаған сұрақтары бар, соған жауап берейік.
1.Берілген сөзге шақ жұрнақтарын жалға.
Ал, бер, жаз
Ал-ды, бер-мек, жаз-ып отыр.
2.Кең дала ақ көрпеге оранған болатын.
Етістік қай шақта тұр?(бұрынғы өткен шақ)
3.Мүмкін бұл ниеті орындалып қалар.
Етістік қай шақта тұр? (болжалды келер шақ)
4.Оқушылар мұз айдынында шаңғы теуіп жүр.
Етістікті тап. Қай шақта тұр?
(шаңғы теуіп жүр, күрделі осы шақ)
«Сергіту сәті».Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған хаттар таратылады. 30 секундтың ішінде мақал-мәтелдерді дұрыс құрастырып, мағынасын айтады. Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтайды.
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Берілген етістіктің тұлғаларына сөйлемдер ойлап жазыңдар. Қай шаққа жататынын анықтаңдар.
-атын еді, -ып отыр, -мақшы еді, -ар, -ды, -ған.
ІІ деңгей.
Берілген етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.
Жүгірген, сөйлеп отыр, жазар.
І деңгей.
Етістіктің болжалды келер шағын қатыстыра отырып, еркін тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.
Семантикалықкесте

№ Етістіктер осы шақ өткеншақ келершақ

1 Асан мен Үсенескіжұрттақалды +

2 Асан мен Үсендаладаойнады +

3 Балаларсабақоқыпотыр +

4 Асандаладақалғанынажылады +

5 Оқушыларкешесабаққакелмеді +

6 Арайқалағабармақшы +

7 Оларертеңқалағакетеді +

8 ҮсенАсандыжұбатыпотыр +

9 Бәріндеұмытыпқалыппын +

10 Алыстансағымелестейді +


Сабақты бекіту кезеңі:
2. Үш топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Қағазға «Күз» тақырыбына төрт жол өлең жазуларың керек. Күз туралы мақал-мәтелдер, суреттер салыңдар. Венн
3. Рефлексия. «Себет» ойыны. Сабақтан алған әсерлерін мұғалім таратқан түрлі-түсті қағаздарға жазып, себетке салады. Себеттегі жауаптарды бір-бірлеп алып оқиды.
Бағалау кезеңі:
Үй тапсырмасын беру:
3. 120-жаттығу. Төмендегі етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.
4. Келер шақ, болжалды келер шақтың ережелері мен жасалу жолдарын жаттап келіңдер. Тәрбие.орг сайтынан Келер шақ. Болжалды келер шақ Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байгужина Айгерим Жұмабайқызы

Пікірлер: 0

avatar