Киіз үй. Киіз үйдің ішкі көрінісі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1430
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18359


Сабақтың тақырыбы: Киіз үй. Киіз үйдің ішкі көрінісі.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға қазақ халқының салт -дәстүрі, тұрмыс жағдайы жайлы толық мәлімет беру. Киіз үй мен оның құрылымдары және ішкі көріністерін оқушыларға түсіндіру, олардың ой-өрісін кеңейту, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын және оның салт –дәстүрін қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайдтар, киіз үй суреттері, сөздік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:1) оқушыларды түгелдеу;
2) сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Енші дегеніміз не?
2. Жасау дегеніміз не?
3. Сыбаға дегеніміз не?
4. Қонақасы дегеніміз не?
5. Қалжа дегеніміз не?
6. Бас тарту дегеніміз?
7. Соғым дегеніміз не ?
8. Өсиет дегеніміз не?
9. Қандай тұрмыс –салт жырларын білесіңдер?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту үшін мынадай үлестірме кеспе қағаздарын таратып, қорытындылаймыз.

Сөздер Отбасындағы дәстүр атаулары Отбасындағы туыстық атаулар
Сәлем беру +
Енші +
Қарындас +
Ашамайға міну +
Ата-ана +
Бесікке салу +
Апалы- сіңілі +
Бата беру +
Ағалы -інілі +
Ата +

ІҮ. Жаңа сабақ . Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі. Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр, ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық» деп аталатын жарма есік орнатылады.
Этнолингвистикалық атаулар Сипаттамасы
Босаға Киіз үйдің маңдайшасы мен табалдырығын қосатын және керегеге бекітілетін ағаш
Маңдайша Екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш
Кереге Кереге үйдің негізін құрайды, өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Дайын керегені қанат деп атайды., яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады.
Уық Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі
Шаңырақ Киіз үйдің күмбез секілді еңсесін құрап, үй сүйегін тұтастырып тұрады. Шаңырақ киелі мүлік . «Шаңырақ» деген сөз «үй», «отбасы» деген ұғымды бейнелейді.
Туырлық Кереге бойын шаңыраққа дейін жабатын киіз
Үзік Түндікті көтеріп тұратын ағаштан иіп жасалған бөлшек
Белдеу Жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан
Ши Киіз үйдің бір бөлшегі, шиден тоқылған бұйым
Түндік Шаңырақ үстінен жабылатын төрт бұрышты киіз
Табалдырық Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш

Ү. Сөздікпен жұмыс:
Киіз үй – юрта
Шаңырақ – деревянный круг на верхушке юрты
Кереге – Деревянная решетка, образующая круглые стены
Жұмыр – Гладкий, ровный
Күн сияқты – Как солнце
Баспана – кров, приют, жилище
Киелі – святой
Уық – Унины (вогнутые жерди, на которых держится верхний купол юрты)
Дәм тату – Отведать (попробовать пищу)
Сәлем беру – Здороваться
ҮІ. Сергіту сәті.
Балаларды дөңгелек етіп тұрғызып, бір- біріне жақсы тілек сөздер айтқызу, амал дәстүрін жасау. (3-4 минут).
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту тапсырмасы: Тәрбие.орг сайтынан Киіз үй. Киіз үйдің ішкі көрінісі Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Адежанова Мейрамкул Беркинбаевна

Пікірлер: 0

avatar