Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Кім болғым келеді? Етістіктің шақтарын қайталау
  • 19.10.2016
  • 183 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19744

Сабақтың тақырыбы: Кім болғым келеді?
Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Тақырыптың идеясын ашу, мазмұнын тереңдете түсіндіру. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.Өз ойларын тиімді, тұжырымды жеткізуге үйрету.
Сұрақ – жауап әдісі, жаттығу жұмыстары, жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорларын көбейтіп,тіл байлығын арттыру.
Адамгершілікке, имандылыққа тәрбие беру, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жеке, топпен жұмыс, талдау.
Көрнекілігі: мақал – мәтелдер, жаңа технология элементтері, интербелсенді тақта, слайд.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Сабақ мақсатымен таныстыру
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, -
2. Үй тапсырмасын тексеру
Етістіктің шақтарын қатыстыра отырып, сөйлем құрастыру
3. Сабақ байланысы
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төрінде....
4. Жаңа сабақты меңгерту



Сөздікпен жұмыс
Бата – благословение
Жалын – пламя
Даму – развиваться
Озат болу – быть отличником
Мақтаны болу – быть гордостью
Көптен озат болу – быть впереди многих
Бағалы – ценный
Жарық – светик
Дарын – талант
Ақ таңы – будущее
Мақтау –хвалить
Жаңа сөздерді оқып, мағынасын ашу, сөз тіркестерін құру.
Атамның батасы
- Еңбек, - деп, - бағалы!
- Көп «бестік» бағамды
- Көрді де аташым,
- Берді ол батасын:
- - Жалынсың – жарағым!
- Дамысың дарының!......
- Оқуда, еңбекте
- Озат бол сен көптен! –
- Деп, мені мақтады.
- Атамның « ақ таңы» –
- Боламын мақтаны.
Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, аудару.
Диалогпен жұмыс
- Сенің әкеңнің мамандығы қандай?
- - Менің әкем -- .................Сенің әкеңнің ше?
- Менің әкем........................................................
– Сенің шешеңнің мамандғы қандай?
-
-Менің шешем ......................Сенің шешең ше?
- Сенің атаңмен әжең барма?
- -Сенің атаң, әжең бар ма?
- -Менің атам - ............, әжем - ....... .
Сенің атаң, әжең ше?
- - Менің атам - ....... , әжем.................. .
Оқушылар диалогты көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қоя отырып оқиды, аударады.
Кімге не қажет?
Берілген мамандықпен құралдарды интербелсенді тақтада сәйкестендіру (суреттер бойынша)
Дәрігер дәрі, балға, ожау, кесе, кірпіш, бұрғы,
Аспаз шеге, тәрелке, т.б.
құрылысшы
мұғалім қалам, журнал, орақ, тырма, күрек, егінші кітап, т.б.

Тақтада жұмыс жасау «Кім болғым келеді?»

Мен .............болғым келеді.
Өйткені .............................. . Ол үшін білім керек. Білім алу үшін еңбек ету керек. (Жеке – жеке оқушылар болашақта кім болатындықтары, армандары туралы ой толғау жазады)
Сергіту сәті
Кімге дәрігер мамандығы ұнайды ?
Оң қолыңды көтер.
-Кімге инженер мамандығы ұнайды?
Сол қолыңды көтер
-Кім өзін жақсы көреді тұрыңдар.
-Қане, құрылысшы болып үй салайық.
-Футболшы болып жүгірейік.
-Шахтер болып көмір лақтырайық.
-Қанеки, тік тұрыңдар. Отырыңдар
Терме диктант Берілген етістіктерді шақтарға бөліп жазу
Болады, алды, оқып отыр, үйретті, бардым, келемін, келе жатырсыз, салды, тігеді, пісіріп жатырсың, егеді, тасыды, жинап жатыр, емдейді
Топпен жазбаша жұмыс
Фонетикалық талдау «Сатушы»
Мақал – мәтелдермен жұмыс
1. Еңбектің наны тәтті,
........................................................
2. Еңбек етсең ерінбей,
....................................................
3. Еңбегіне қарай ...........................
4. Еңбек – адамның көркі,
.................................................................
5. Сүйіп істеген іс....................................................
Сабақты бекіту:
Семантикалық картаны толтыру
Мысалдар Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Үй салады
Шаш қиды
Тілек тілейді
емдейді
Санап отыр
оқытты
пісіреді
Жүгіріп жүр
Көрді
Болғым келеді
Егіп жатыр

Сөзжұмбақ шешу
«Мамандық» сөзі шығатындай интербелсенді тақтада сөзжұмбақты шешеді.
Топпен жұмыс Кесте толтыру
Нені білдім? Не ұнады?


Үйге тапсырма беру
«Атамның батасы» өлеңін жаттау, етістіктерді теріп жазып, түрлерін ажырату
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Кім болғым келеді? Етістіктің шақтарын қайталау Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жантасова Гаухар Хамидуллаевна

БҚО Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылы КММ "Григорьев мектеп - балабақша кешені" қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 183 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar