Кіруге бола ма?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 312
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 05/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20368


Тимирязев ауданы 1-сабақ
Үйірме жетекшісі:Нығмеджанова С.Д.
І тарау.Танысу.
Сабақтың лексикалық тақырыбы:Кіруге бола ма?
Сабақтың грамматикалық тақырыбы:Орфографиялық және орфоэпиялық нормалар.
Сабақтың мақсаты:Қатысушыларға жаңа сөздерді меңгерте отырып, жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым тапсырмалары бойынша өз ойын, пікірін жеткізе алу үшін қажетті біліктілікті тереңдету.Ауызекі сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту.Қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, жаттығу, топпен жұмыс
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, кеспелер, кестелер, диск (А1),ТҚ.
Сабақтың жоспары
1.Миға шабуыл
2.Лексикалық тақырыпты түсіндіру
3.Оқылым
4.Жаттығулавр орындау
5.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру
6.Жазылым
7.Сергіту сәті.Сөйлесім
8.Тыңдалым
9.Сабақты бекіту
10.Қорытындылау
11.Бағалау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу
ә)Тыңдаушылармен танысу
б)Аудиторияда психологиялық жағдай қалыптастыру.
1.Миға шабуыл
-Сіз кабинеттерге кіргенде қандай сөйлесім үлгісін қолданасыз?
-Кабинетке бірден кіруге бола ма?
-Сіз жиналысқа,мәжіліске кешіккен болсаңыз не деп барып кіру керек?
2.Лексикалық тақырыпты түсіндіру
бір один алты шесть
екі два жеті семь
үш три сегіз восемь
төрт четыре тоғыз девять
бес пять он десять
сәлем! привет! кіруге бола ма? можно войти?
сәлеметсіз бе! здравствуйте!(вы,в ед.ч.) сәлеметсің бе! здравствуй!
қызметкер сотрудник оқытушы преподаватель
кешіріңіз извините жоқ,күте тұрыңыз
нет,подождите (вы,в ед.ч.)
иә,болады да,можно таныс болайық будем знакомы
3.Оқылым (рөлге бөліп оқыңыз)
а)-Сәлеметсіз бе ...............!
-Сәлеметсіз бе ...............!
-Халыңыз қалай?
-Жақсы,өзіңіз қалайсыз?
-Рахмет,жаман емес.
ә)-Сәлем ...............!
-Сәлем .............!
-Халың қалай?
-Тамаша.Өзің қалайсың?
-Бәрі де ойдағыдай!
-Денсаулығың қалай?
-Рахмет,денім сау.
4.Жаттығулар орындау.Оқулық бойынша жұмыс. (Қазақ тілі А1 оқулығы 7 беттегі 2-жаттығу)
С...лем с...леметс...з бе! С...леметсі... бе?
Б...р ек... ....ш т...рт Бе... алт... жет... сег...з то...ыз о...

(Қазақ тілі А1 оқулығы 7 беттегі 3-жаттығу)
Сөздерді ажыратып оқыңыз және жазыңыз.

1).СӘЛЕМ!СӘЛЕМЕТСІҢБЕ!СӘЛЕМЕТСІЗБЕ!
____________ _____________________ ____________________

2).БІРЕКІҮШТӨРТБЕСАЛТЫЖЕТІСЕГІЗТОҒЫЗОН
________ ________ _________ _________ ________
________ ________ _________ _________ ________

3).ҚЫЗМЕТКЕРОҚЫТУШЫКЕШІРІҢІЗ
_______________ ________________ ________________

5.Грамматикалық тақырапты түсіндіру. Ережемен таныстыру.

Қазақ тілінде сөздердің жазылу заңдылығы мен айтылу заңдылығы бар.
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылу заңдылығы
Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір - біріне үндесіп айтылуы керек.Мысалы.

Жазылуы Айтылуы
Көзілдірік Көзүлдүрүк
Өлең Өлөң
Жұлын Жұлұн
Қара ала Қарала

6.Жазылым.Кеспелерде берілген жемістерді санап,санын сөзбен бос орынға жазып шығыңыз.
________ ___________ ____________

_________ _____________

7.Сергіту сәті.Сөйлесім.
Рөлдік ойын ойнату.Тыңдаушылардың бірі мұғалім,бірі оқушы рөлінде ойнайды.1-жағдаятта сабаққа кешігіп келген оқушы.
Енді тыңдаушылардың бірі басшы,бірі қызметкер рөлінде ойнайды.
2-жағдаятта жиналысқа кешігіп келген қызметкер.
8.Тыңдалым (Қазақ тілі А1 оқулығы 10 беттегі 1-жаттығу).Тыңдаңыз және жазыңыз.
9.Сабақты бекіту.Сабақта өткен сан есімдерді, амандасу үлгілерін, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды қайталау.
10.Сабақты қорытындылау.
11.Тыңдаушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Кіруге бола ма? Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нығмеджанова Салтанат Дулатқызы

СҚО Тимирязев ауданы "Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі" қазақ тілі мен әдебиеті және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar