Кітап - бағалы сыйлық

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 649
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 22/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20145


Сыныбы: 7 сынып
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кітап – бағалы сыйлық
Сабақтың мақсаты:
Кітаптың құндылығы және оның адамға пайдасы туралы түсінік беру.Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Топтық жұмыс арқылы белсене жұмыс жасауға ұмтылу,өзара пікір алмасу, өз бетімен ізде нуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
• Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады.
• Білімдерін жан-жақтылы кеңейтеді, сөз байлығы кеңейеді, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыланады.
• Оқушылар кітап адам өмірінде маңызды екендігін түсінеді.
• Мәтін бойынша тұжырым жасай алады.
• Тақырып төңірегінде сыни ойлай алады.
• Өзара бірлесе жұмыс істейді.

Оқытудың нәтижесі:
Оқушылар сабақтан соң: Адам өмірінде кітаптың қымбат сыйлық екендігі туралы түсінік бере алады; Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады

Түйінді идеялар:
Сыйлықтардың жылы қатынас белгісі екендігін, не себепті ол сыйлық берілетіндігін дәлелдей алады. Кітаптың жақсы сыйлық екендігіне көз жеткізеді. Кітап туралы қанатты сөздің мағынасына назар аударады.
Дереккөздер: Интерактив тақта, тірек сөздер, кеспеқағаздар, аудиожазба және т.б
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау әдісі, іздендіру әдісі, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, «Жоба қорғау технологиясы» әдісі, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап ,топтық, жұптық, жеке жұмыс Тәрбие.орг сайтынан Кітап - бағалы сыйлық Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Самаева Акку Шариповна

И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп - гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar